Дәріс-1 Мал шаруашылығындағы технологиялық процестерді механикаландыру Негізгі анықтамалар және терминалогия



бет25/47
Дата08.02.2022
өлшемі3,79 Mb.
#118111
түріҚұрамы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   47
Байланысты:
Мал шаруаш Дәріс
14-19 .02.22., вопросы по аттестации ДЛЯ ПОДГОТОВКИ
УДТ-8 «Тандем» сауын қондырғысы.
Қондырғы орнатылған бөлме ортасында арық орналасқан. Бұл арықтың екі жағында төрт станоктар орналасқан. Станоктар кіретін және шығатын есіктермен жабдықталған. Есіктерді ашылып жабылуын сауыншы арықтын ауа қондырғыларымен жүзеге асырады. Станоктардағы науаларға жем мөлшерлегішпен жабдықталған бункерден шынжыр-шайбалы таратқыштармен әкелінеді. Қондырғыда екі сүт жинау түтігі орналасқан. Жұмыс уақытында вакуум насостан вакуум баллон арқылы түтіктерге беріледі. Сүт сауу аппараттарынан УЗМ-1 сүт есептегіші арқылы сүт түтігіне беріледі, әр қарай ауа бөлгіштің сүт жинағышына келеді. Жұмыс уақытында арықта орналасқан сауыншы арнаулы тростың көмегімен сауу алдындағы бөлменің есігін ашады және сиырды бірінші станокқа кіргізеді. Жем мөлшерлегіштііске қосады, сиырдың емшегін жуып сауу аппаратын қосады. Осыдан екінші станокқа сиыр кіргізеді. Әрі қарай осылай қайталана береді. Сауыншы 4 аппаратпен жұмыс жасайды, өнімділігі 30 сиыр/сағ. Қондырғының өнімділігі 70 сиыр/сағатқа дейін.
УДЕ-8А «Ёлочка» сауын қондырғысы байлаусыз ұсталатын және сүт беру өнімділігі, сауу мерзімі бірдей шамадағы сиырларды саууға арналған. Мұнда станоктардың екі секциясы арықтың екі жағына орналасқан, арық кіндік сызығы бойынан станоктар 30 градус көлбеулікпен орналасқан. Бұл сиырлардың ара қашықтығын 2…3 есе азайтады, және кейбір процесстердің автоматтандырылуына жағдай жасайды. Жем мұнда да мөлшерлегішпен жабдықталған бункерден шынжырлы шайбалы тасымалдағыш арқылы жем науаларына беріледі. Азық тарату басқару пульты арқылы жүргізіледі.
Бұл қондырғының жұмыстық процесстері УДТ-8 қондырғысы сияқты. Мұнда малшы сауу бөлмесінің есігін реттей отырып, бір секцияға 8 сиырдан топтастырады. Сауыншы азық таратқышты іске қосып, сиыр жемінен дайындап, сауу аппаратын іске қосауы осы операцияларды басқа сиырларға да жүргізіледі. Мұнда сауыншы 4 аппаратпен жұмыс істейді, өнімділігі 45 сиыр/сағ., УДЕ-8А қондырғысының өнімділігі 90 сиыр/сағ. Осы сияқты автоматтандырылған УДА-8 «Тандем» және УДА-16 «Ёлочка» қондырғылары шығарылады. Әмбебап УДС-3А сауын қондырғысы.

Бақылау сұрақтары:


1. Екі тактілі сауын аппаратының жұмысы?
2. Үш тактілі сауы аппаратының жұмысы?
3. Сауын қондырғыларының құрылысы және жұмысы?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет