6.2 Жалпы, орташа және шекті өнімдердің түсінігі
Жалпы өнім-басқа өндіріс факторлары тұрақты деп ұйғарып, зерттеліп отырған фактордың белгілі санын пайдалану арқылы өндірілген нәтижесін көрсететін фактор деп те аталады, оны өндіріс функциясында У әрпімен белгілейді.
Экономикалық талдауда жалпы көрсеткіштермен қатар орташа және шекті өнімнің көрсеткіштері де кеңінен қолданылады.
Айнымалы өндіріс факторының орташа өнімі жалпы өнім (У) мен зерттеліп отырған фактордың санының қатынасымен анықталады және берілген факторлардың қайтымын немесе қолданылуын тиімділігін бейнелейді. Мысалы, еңбектің орташа өнімділігі былай анықталады.
Y
APL=
L
Бұл көрсеткіш бір уақыт бірлігінде өндірілетін тауарлар санын көрсетеді және ол еңбек өнімділігі деп аталады.
Капиталдың орташа өнімі келесі түрде есептеледі
Y
APK=
K
Берілген көрсеткіш негізгі өндірістік қордың қолданылуының тиімділігін білдіреді және ол қор қайтымы деп аталады.
Шекті өнім өндіріс нәтижесінің өзгеруі мен өндірістік процесте қолданылып отырған айнымалы фактордың санының өзгеруінің қатынасымен анықталады. Яғни капитал мен еңбек үшін олардың шекті өнімі былай есептеледі.
Δ Y Δ Y
MPK= ; MPL=
Δ K Δ L
Басқа факторлар тұрақты болып, бір айнымалы фактордың санын көбейту арқылы өнім шығарғанда шекті өнім азаяды. Бұл жағдай шекті өнімділіктің азаюы заңын көрсетеді.
Енді осы айтылғандары кесте түрінде көрсетейік. Қысқа мерзімді кезеңде капитал тұрақты, ал еңбек (жұмысшылар саны) айнымалы фактор деп ұйғарайық:
6.1-кесте
Өнім шығару көлемі, дана
TPL
|
Жұмысшылар саны,
адам L
|
Орташа өнімділік,дана
АPL
|
Шекті өнімділік, дана
МPL
|
0
1
3
7
10
12
13
13
|
0
2
3
4
5
6
7
8
|
0
0,5
1
1,75
2
2
1,85
1,65
|
0
0,5
2
4
3
2
1
0
|
6.1-кестеде берілгендер бойынша еңбектің орташа және шекті өнімділігін анықтайды. Мысалы, екі еңбек күшін пайдаланып өнім өндіргенде жалпы өнім саны TPL =1 дана болады. Ал еңбектің орташа өнімділігі:
TRL 1
APL= = 2 = 0,5 дана.
L
Шекті өнімділікті есептегенде жалпы өнім көлемі мен жұмысшылар санының өзгеруін ескеремі
1) ΔTRL = TRL2 – TPL1 = 1-0 =1; Δ L = L2- L1 =2-0= 2; MPL= ΔTRL / Δ L = 1/2 = 0,5 дана; 2) ΔTRL = TRL3 – TPL2 = 3-1 =2; Δ L = -3 –2=1 MPL = 2/ 1 = 2 дана
6.1-кестедегі деректерді графикте бейнелейміз.
15 ТР1
Өнім шығару көлемі дана
13
11
9
7
5
3
1
1 2 3 4 5 6 7 8 9 L
Жұмысшылар саны
6.2-сурет. Жалпы өнім қисығы.
6.1-кестелен және6.2-суреттен көріп отырғанымыз, өндірістік процесте тек қана бір факторды қолданып және оның санын көбейткен уақытта шекті өнімділік азаяды. Ал шекті өнімділіктің мәні МPL =0 болғанда, жалпы өнім TPL ең жоғары мәнге ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: |