Дәріс 6 Өндіріс теориясы «Микроэкономика» курсының бұл тарауы өндірісте қолданылатын өндіріс факторлары мен осы ресурстарды пайдалану арқылы өндірілетін тауарлардың мөлщеріарасындағы байланысты зерттейді. Өндірілетін тауарлардың саны өндірістегі технологиялық әдістерін ерекшеліктеріне байланысты.
Өндірістің технологиялық әдісі деп өндіріс факторларын, яғни шикізаттар мен ресурстарды, белгілі бір өңдеу процестері арқылы дайын өнімге (тауарларға немесе қызметке) айналдыруды айтамыз. Өндірістік процесте қолданылатын факторларды негізгі 4 түрге бөледі:
Нақты өмірде өндірістік процесті зерттеу үшін көптеген өндіріс факторларын пайдаланады. Өндірістік процесте n өндірістік факторлары қатысады деп қарастырайық, бұл төмендегідей шығын векторы түрінде көрсетілуі мүмкін;
Х =(х1, х2,...,х n).
Мұнда, х1-i- факторларының саны. Бұл факторлар n – түрлі дайын өнімдер өндіру үшін қолданылады. Бұларды шығару векторы түрінде қарастырамыз:
У =(у1, у2,...,у n).
Мұнда, у1-i- өнімнің саны. Енгізілген белгілеулер арқылы өндірістік процесті былай жазуға болады.
V=(X, Y).
Егер барлық өндірістік факторлары тек қана бір өнім түрін өндіру үшін қолданылса, онда осы өндірістік процесті шартты түрде келесі өндірістік функция түрінде көрсетуге болады:
y=f(x1, x2,…,xn)
Өндірісті ұйымдастыру кезінде, әдетте, өндірістік процесс тиімді болуын қалайды, сондықтан өндіріс фунциясы, өндірістік шығындар құрылымы тұрақты деп ұйғарғанды шығаратын өнім көлемінің ең жоғары деңгейін көрсетеді деп айтады. Өндіріс функциясы белгілі технология үшін жасалады. Бұл айтылған деректерді түсіндіру үшін, өндіріс шығындары тек қана L-еңбек және К-капиталдан тұрады деп қарастырайық. Осы жағдайда өндірістік функцияны келесі түрде жазуға болады:
у = f(К, L).
Мұнда, у- өндірілетін өнімнің нң жоғары көлемі.