Дәріс5. Тұтынушы тәртібінің теориясы
«Баға-тұтыну» сызығы
«Табыс-тұтыну» сызығы және
Энгель қисықтары
Тұтынушы қолда бар табысына Х және У тауарын белгілі бір көлемде сатып алады делік. Егер тұтынушы табысы мен У тауарының бағасы өзгермей (I=const, Py=const), Х тауарының бағасы арзандаса, тұтынушының Х тауарынан бұрынғыға қарағанда көбірек алуға мүмкіндігі болады. Бұл кезде бюджет сызығы тек Х осінің бойымен оңға қарай (сағат тілінің жүру бағытына қарама-қарсы) жылжып, орын ауыстырады (4.3-сурет). Керісінше, Х тауарының бағасы қымбаттаса, бюджет сызығы Х осінің бойымен солға қарай (сағат тілінің жүру бағытымен) жылжиды. Ал егер тұтынушы табысы мен Х тауарының бағасы тұрақты болып (I=const, Pх=const), ал У тауарының бағасы арзандап-қымбаттаса, бюджет сызығының У осінің орын ауыстыруы орын алады.
Мысалы, тұтынушы табысы 50000 теңге, У тауарының бағасы 5000 теңге деңгейінде қалды делік. Ал Х тауары арзандап, бағасы 1000 теңгеге дейін төмендеді (Бұрын Pх=2000 тг болатын). Мұндай жағдайда тұтынушы У тауарынан, ең көп дегенде, қолындағы табысына қарай, 10 дана алса, Х тауарынан оның 50 дана алуына мүмкіндік туады. Яғни бюджет сызығы Х осінің бойымен ғана оңға 25 бірлікке жылжиды.
Тұтынушы іс-әрекетін зерттеуде қолданылатын графиктік модельдегі кеңестікте талғамсыздық қисықтарының картасы орналасатыны белгілі. Қарастырылып отырған екі тауардың біреуінің бағасы арзандаған жағдайдағы (Py=const, I=const) орын ауыстырған бюджет сызықтары мен талғамсыздық қисықтарының жанасу нүктелерін (тұтынушының оптимум нүктелері) қосатын болсақ, «баға-тұтыну» қисығы деп аталатын сызық пайда болады. «Баға-тұтыну» қисығын пайдалана отырып, тауарға деген сұраныс қисығын салуға болады. Ол үшін баға өзгерген кездегі Х тауарының тұтыну көлемін горизонталь, баға өзгеруін вертикаль осьтің бойында «баға-тұтыну» қисығы графигінен перпендикуляр жүргізу арқылы саламыз.
2. Тұтынушының ақшалай табысының артуы бюджет сызығын оңға жылжытады және тұтынушының таңдауы да осыған сәйкес жоғарырақ орналасқан талғамсыздық қисығына ауысады. Бұл нәтиже екі тауар бағасының арзандауы салдарынан да орын алады. Себебі тауар бағасының арзандауы тұтынушының нақты табысының артуына әкеледі. Тұтынушы табысының азаюынан немесе екі тауар бағасының қымбаттауынан бюджет сызығы солға қарай төменге жылжиды. Егер бюджет сызықтары мен талғамсыздық қисықтарының жанасу нүктелерін қосатын болсақ, «табыс-тұтыну» қисығы пайда болады. Оны кей экономикалық әдебиеттерде өмір сүру деңгейінің қисығы деп атайды (4.4-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |