Дәріс 4. Тұтынушы тәртібінің теориясы 1.Пайдалылық және шекті пайдалылық
2.Талғамсыздық қисығы.
3.Тұтынушы бюджетінің шектеулілігі
40
30
20
10
А4 (20;10)
А3 (15;20)
А2 (10;30)
20
25
15
10
У
3.2-сурет. Талғамсыздық қисығы
А1 (5;40) 4. Тұтынушы оптимумы
1. Тұтынушылар тауарды оның пайдалылығы деп аталатын көрсеткішіне байланысты таңдайды. Пайдалылық – бұл белгілі бір игілікті тұтыну нәтижесінде индивидтің алатын қанағатының дәрежесі немесе игіліктің тұтынушы қажеттілігін қанағаттандыру қабілеттілігі.
Пайдалылық, жалпы пайдалылық, шекті пайдалылық ұғымдарын қарастырған жөн. Тұтынушылар іс-әрекетінің тек ғана жалпы пайдалылығы емес, сонымен қатар оның шекті пайдалылығы да қарастырылады. Өйткені, біріншіден, игілікті тұтынған сайын адамның қажеттілігі біртіндеп қанағаттана бастайды. Осылайша, тұтыну саны артқан сайын тауардың жалпы пайдалылығы артады. Экономикалық игіліктің жалпы пайдалылығы дегеніміз – жекелеген тауар мен қызметтер жиынын тұтынудан алынатын жалпы қанағаттың өлшемі. Ол TU (total utility – ағылшынша жалпы пайдалылық) әрпімен белгіленеді. Екіншіден, игілікті тұтыну барысында оның әр қосымша бірлігінің пайдалылығы кемиді. Игіліктің әр қосымша бірлігін тұтынудан алатын тұтынушының пайдалылығы шекті пайдалылық деп аталады. Ол MU (marginal – ағылшынша шекті, соңғы) деп белгіленіп, келесі формуламен анықталады:
(1),мұндағы MU – шекті пайдалылық, – тұтынылатын игіліктің санының өзгеруі нәтижесіндегі жалпы пайдалылықтың өзгерісі, – тұтынылатын игіліктің көлемінің өзгерісі.
Игіліктің саны Q артқан сайын жалпы пайдалылық өседі. Ал игіліктің әр қосымша бірлігінің шекті пайдалылығы азаяды. Жалпы пайдалылық максимум мәнге ие болғанда шекті пайдалылық нольге тең болады. Бұл нүктеде тұтынушының игілікке деген қажеттілігі толық қанағаттанады.
Егер тұтынушы бұл игілікті әрі қарай тұтынса, шекті пайдалылық теріс мәнге ие болады, ал жалпы пайдалылық азая бастайды. Өйткені белгілі бір игіліктің саны көбейген сайын адам үшін игіліктің құндылығы төмендей береді.
Экономистер шекті пайдалылықтың кемуін кемімелі шекті пайдалылық заңы деп атаған. Ол былайша түсіндіріледі: басқа тауарларды тұтыну тұрақты болған жағдайда берілген қандай да бір тауарды тұтынған сайын оның шекті пайдалылығы кеми береді. Кемімелі шекті пайдалылық қағидасын неміс экономисті Г. Госсеннің құрметіне Госсеннің бірінші заңы деп атайды.
Кезінде А. Смит «су мен алмаздың парадоксына» көңіл аударған. Су тіршіліктің көзі болғанымен оның бағасы өте арзан. Ал алмаз өмірде аса қажет болмаса да оның бағасы тым жоғары. Бұл парадокстің шешімі ХХ ғасырдың басында ашылады. Алмаз табиғатта сирек кездеседі және оны өндіру үшін көп шығын қажет, ал судың табиғатта мол қоры бар және оны өндіру шығынды көп қажет етпейді. Бұл жауаптың өзі де ақиқатқа толық көз жеткізе қоймайды. Мәселенің шешімі – судың жалпы пайдалылығында емес, оның шекті пайдалылығында. Бұл дегеніміз – судың жалпы пайдалылығы жоғары, ал шекті пайдалылығы аз, алмаздың, керісінше, жалпы пайдалылығы аз да шекті пайдалылығы көп. Тауардың бағасы жалпы пайдалылыққа емес, шекті пайдалылыққа байланысты.
Ағылшын экономисті У. Джевонс су мен алмаздың мысалын пайдалана отырып, баға мен шекті пайдалылық арасындағы тікелей байланысты анықтады және оны келесі формуламен түсіндірді:
немесе
мұндағы Рх және Ру – сәйкесінше Х және У тауарларының бағалары
MUх және MUу – сәйкесінше Х және У тауарларының шекті пайдалылықтары.
Тауардың шекті пайдалылығын оның бағасына бөле отырып, тұтынушының тауарға жұмсаған табысының бір ақшалай бірлігіне келетін шекті пайдалылықты анықтаймыз. Бір ақшалай бірлікке келетін игіліктердің шекті пайдалылықтарының өзара тең болмауы тұтынушының өз қаражаттарын ұтымды бөлмегендігін көрсетеді.