Нүктелік икемділікті (Point elasticity – ағылшын тілінен аударғанда нүктелік икемділік) сұраныс қисығына жанама сызық жүргізу арқылы анықтауға болады. Сұраныс қисығының көлбеу бұрышы Х осімен қиылысатын жанаманың бұрыш тангенсінің мәні арқылы анықталады (2.6-сурет).
Сұраныстың бағалық икемділігінің формуласын нүктелік икемділікті есептеуде қолдануға болады.
(3)
Нүктелік икемділік дегеніміз – бағаның әрбір мәні үшін, яғни сұраныс қисығының әрбір нүктесі үшін анықталатын сұраныстың бағалық икемділігінің шамасы. Нүктелік икемділіктің мәні көлбеу бұрышының тангенсіне кері пропорционалды болады.
Сұраныс қисығының қандай да бір кесіндісіндегі баға өзгерісіне сұраныстың орташа бейімделу (реакция беру) көрсеткіші доғалық икемділік (arc elasticity – ағылшын тілінен аударғанда доғалық икемділік) деп аталады. Ол төмендегі формуламен (4) есептеледі:
(4)
Сұраныстың бағалық икемділігіне бірқатар факторлар әсер етеді:
Өзара ауыстырушы тауарлардың болуы.
Тұтынушы табысының көлемі.
Тұтынушы бюджетіндегі тауардың үлес салмағы.
Тауардың тұтынушы үшін маңыздылығы.
Тауарға деген қол жетімділік деңгейі, яғни тауардың тапшы болу немесе мол дәрежесі.
Тұтынушы қолындағы тауардың қоры.
Уақыт факторы.
Маусымдық фактор.
Достарыңызбен бөлісу: |