5. Сұраныс қисық сызығының жылжуы мына себептерден болуы мүмкін:
а) тауар өндірісі технологиясының жетілдіруінен
б) тұтынушы табысының азаюынан
в) тауар сатып алу көлемінің өсуінен
г) тауар бағасының өзгеруінен
Дәріс 3. Сұраныс пен ұсыныс икемділігі. Салықтардың әсері.
1. Икемділік ұғымы.Сұраныстың бағалық икемділігі.
Сұраныстың табыс бойынша және қиылысқан икемділігі.
Ұсыныс икемділігі. Икемділіктің практикалық мәні.
1. Икемділік (elasticity – ағылшын тілінен аударғанда икемділік) қандай да бір айнымалы шаманың басқа шамаға реакция беру мөлшерін көрсету үшін пайдаланылады. Сұраныс икемділігі сұранысқа әсер ететін сандық факторлар (баға, толықтырушы немесе өзара ауыстырушы тауарлар бағасы, тұтынушы табысы) 1%-ға өзгерген кезде сұраныстың қанша пайызға өзгеретіндігін көрсетеді. Икемділік абсолютті емес салыстырмалы көрсеткіш болып табылады. Мысалы, «Марс» шоколадының 50 теңгеден 80 теңгеге қымбаттауының салдарынан «Марсқа» деген сұраныс күрт азайып кетуі мүмкін. Ал егер кір жуғыш машина 30 теңгеге қымбаттаса, оны көп жағдайда тұтынушы елемейді де.
Жалпы алғанда, сұраныстың баға бойынша икемділігінің тікелей және қиылысқан икемділік, табыс бойынша икемділік, нүктелік икемділік және доғалық икемділік деп аталатын түрлері бар. Баға бойынша сұраныстың икемділігі сұранысы бар тауарлар көлемінің өзгерісіне баға өзгерісінің ықпал ету деңгейін көрсетеді. Сұраныстың бағалық икемділігінің дәрежесі бағалық икемділік
коэффицентімен ( ) өлшенеді және ол келесі формуламен есептелінеді:
(1),
мұндағы - сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісі
- бағаның пайыздық өзгерісі
- сұраныс көлемінің бастапқы мәні
- бағаның бастапқы мәні.
Сұраныс қисығының теріс көлбеулігі баға мен сұраныс көлемі арасындағы теріс тәуелділікті дәлелдейтіндіктен сұраныстың икемділік коэффициенті әрдайым теріс мәнге ие болады. Алайда, есептеу кезінде теріс таңба ескерілмей, тек икемділік коэффицентінің абсолютті мәні ғана алынады.
Бағаның өзгерісіне қарағанда сұраныстың көлемінің өзгеру дәрежесі жоғары болса, бұл икемді сұраныс деп аталады. Бұл кезде болады (2.1-сурет).
Икемді сұраныс тұсында сұраныс көлемі тауар бағасымен салыстырғанда тез өсіп, азаяды. Бағаның арзандауының нәтижесінде тауарды сатудан түсетін табыс артады. Сатудан түсетін табысты экономикада түсім деп те атайды. Жалпы түсім тауар бағасы мен сатылған тауардың көлемінің көбейтіндісі арқылы анықталады және ол ТR (total revenue – ағылшын тілінен аударғанда жалпы табыс) деп белгіленеді:
(2)
Бағаның өзгерісіне қарағанда сұраныс көлемінің аз дәрежеге өзгеруі икемсіз сұраныс деп аталады. Бұл кезде болады (2.2-сурет).
Икемді сұраныс жағдайында сұраныс қисығы жатыңқылау нышанда болса, икемсіз сұраныс кезінде қисық тіктеу нышанда болады. Егер бағаның өзгеру шамасы мен сұраныс көлемінің өзгеру дәрежесі бірдей болса, бұл бірлік икемділікке тең сұраныс деп аталады. Бұл кезде болады (2.3-сурет).
1-кесте. Сұраныстың бағалық икемділігі және жалпы түсім
Сұраныстың бағалық икемділігі
|
Баға өзгерісінің жалпы түсімге ықпалы
|
|
|
Икемді сұраныс
|
|
|
Икемсіз сұраныс
|
|
|
Бірлік икемді сұраныс
|
|
|
Бағаның елеусіз шамаға ғана өзгеруінің өзі немесе мүлде өзгермеуі сұранысты шексіз өзгертетін болса, мұндай тауарларға деген сұраныс өте икемді сұраныс деп аталады. Бұл кезде болады (2.4-сурет).
Өте икемді сұраныс еркін бәсеке нарығында немесе инфляция тұсында орын алады. Инфляция кезінде ақшаның құнсыздануынан сақтанған сатып алушылар тауарға жоғарғы сұраныс қалыптастыруы мүмкін. Өте икемді сұранысқа ие тауардың сұраныс қисығы горизонталь нышанда болады.
Бағаның шексіз өзгеруі сұранысқа мүлде әсер етпесе немесе өте елеусіз ғана әсер етсе, мұндай сұраныс өте икемсіз сұраныс деп аталады. Бұл жағдайда болады (2.5-сурет).
Өте икемсіз сұраныс үнемі жоғары сұранысқа ие тауарларда (алғашқы қажеттіліктегі тауарлар, дәрі-дәрмектер, қоғамдық көлік) болады. Мұндай сұранысқа ие тауарлардың сұраныс қисығы вертикаль нышанда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |