Дәріс №1. Негізгі түсініктер Дәріс жоспары



бет11/26
Дата12.09.2020
өлшемі0,58 Mb.
#78333
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26
Байланысты:
Лекция
1-слив, Баймырзаев Н.Б, Нурсеитова К.ТТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІНІҢ ГИСТОЛОГИЯСЫ, primer referata, Учимся-писать-и-оформлять-рефераты, Биология 8 сынып КТЖ 2 сағ Атамұра, 1. Озгеше фигураны табыныз, 1. Озгеше фигураны табыныз
    Бұл бет үшін навигация:
  • Домен
3-сурет. "Многие-ко-многим" байланысын модельдеу мысалы


  • Егер берілген байланыста заттың әрбір экземпляры қатысса, онда кез келген осы типтің байланысы шартты болуы мүмкін, егер заттың әр экземпляры берілген байланыста қатыспаса, онда шартсыз болады. Сонымен қатар байланыс бір жағынан шартты және басқа жағынан шартсыз болуы мүмкін. Біз тағы POWER DESIGNER нотациясын пайдаланамыз. Мұнда шартсыз байланыс бос дөңгелекпен байланыстың соңында, ал шартты байланысты қиып өтетін перпендикуляр сызығымен белгіленеді. Бұл нотацияның да қарапайым интерпретациясы бар. Дөңгелек бірде-бір экземпляр бұл байланыста қатыса алмайтынын білдіреді. Ал перпендикуляр қатынастың бір экземпляры болсын осы байланыста қатысатынын білдіреді.

Ол үшін алдында келтірілген "Дипломное проектирование" байланысын қарастырайық. Біздің суретте бұл байланыс екі жағынан да шартсыз болып берілген. Бірақ бітіру жұмысын жазатын әрбір студенттің өзінің бітіру жобасының жетекшісі болуы керек, бір жағынан әрбір оқытушы бітіру жобасының жетекшісі болмауы да мүмкін. Сондықтан берілген қойылымда бұл байланыс өзгереді және 4 суретте көрсетілгендей болады.



4-сурет. Қатынастар арасындағы шартты және шартсыз байланыс мысалы

Инфологиялық модельдің негізгі бөлімі пәндік облыс компоненттері мен процестерін суреттеу болып табылады. Ол үшін қазіргі кезде графикалық әдістер пайдаланылады, олардың көмегімен компоненттер мен процестер арасындағы байланысты суреттейтін схемалар құрылады. Бұл схемалар ER-типті диаграммалар деп аталады ("қатынас-байланыс" диаграммасы).

ER-моделді құру үшін CASE-әдістер деп аталатын қосымшалар пайдаланылады. Мұндай қосымшаларға BPwin, Oracle Designer, Power Designer, Erwin және т.б. жатады.

Қатынас – кез келген ерекшеленетін объект, ол туралы ақпаратты деректер базасында сақтау қажет. Адамдар, ұшақтар, гүлдер және т.б. қатынас болуы мүмкін.

Қатынас типі біртекті құбылыстар, пәндер жиынтығына жатады. Қатынас экземпляры жиынтықтағы нақты бір нәрсеге жатады. Мысалы, қатынас типі ГОРОД, ал экземпляры – Москва болуы мүмкін.

Атрибут – бұл нақты өмір объектісінің қандайда бір құрамы. Әрбір қатынас атрибуттардың қандайда бір жиынтығымен анықталуы керек. Бір қатынастың барлық экземплярлары үшін атрибуттар жиынтығы бірдей, бірақ олардың мәні қатынастың әрбір нақты экземпляры үшін ерекшеленуі мүмкін.

Әрбір атрибут сәйкес доменде анықталуы керек. Домен аталған және анықталған мәндер жиынтығын көрсетеді. Бір доменде бір немесе бірнеше атрибуттар анықталады.


Бақылау сұрақтары

  1. Инфологиялық жобалау дегеніміз не?

  2. Инфологиялық модель дегеніміз не?

  3. Инфологиялық жобалауды көрсететін қандай модельдер бар?

  4. "қатынас-байланыс" моделіне қандай компоненттер кіреді?

  5. Қатынас дегеніміз не?

  6. Атрибут дегеніміз не?


Әдебиет: (1)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет