Жеке іс қағаз №
|
Фамилия
|
Аты
|
Отчествосы
|
Туған жылы
|
16562
|
Рамазанов
|
Жасулан
|
Рамазанұлы
|
01.02.85
|
45621
|
Мустафина
|
Динара
|
Токтарқызы
|
12.06.86
|
78521
|
Жайлганова
|
Меруерт
|
Саттарқызы
|
15.11.81
|
Деректер базасын пайдаланушылар болып әр түрлі қолданбалы программалар, программалық кешендер, сонымен қатар пайдаланушылар деп аталатын деректерді пайдаланушылар рөлінде шығатын пәндік облыстың мамандары болуы мүмкін.
Деректер базасының қазіргі технологиясында деректер базасын құру, оны қолдау және оған пайдаланушылардың кіруін қамтамасыз ету арнайы программалық инструментарий – деректер базасын басқару жүйесі көмегімен жүзеге асыруды болжайды.
Деректер базасы (ДБ) – бұл қандайда бір пәндік облысқа жататын құрылымдық деректердің аталынған жиынтығы.
Деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ) – бұл деректер базасын құру үшін, оларды актуалды жағдайда қолдау мен қажетті ақпаратты іздеуді ұйымдастыру үшін қажет программалық және тілдік әдістер кешені.
Деректер базасының құрылымдық элементтері
Деректер базасы түсінігі өріс, жазба, файл (кесте) сияқты құрылымдық элементтер түсінігімен тығыз байланысты.
Имя поля 1
|
Имя поля 2
|
Имя поля 3
|
Имя поля 4
|
Имя поля 5
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Өріс – ақпараттық бөлінбейтін өлшемі – реквизиттерге сәйкес келетін деректерді логикалық ұйымдастырудың элементарлық бірлігі. Өрісті суреттеу үшін келесі сипаттамалар пайдаланылады:
-аты, мысалы, аты-жөні, туған жылы;
-тип, мысалы, символдық, сандық, күнтізбелік;
-ұзындық, мысалы, 15 байт, символдық максималды мүмкін санымен анықталады;
-сандық деректер үшін нақтылық, мысалы, санның қалдық жағын сипаттауға арналған екі онсандық белгілер.
Жазба - өрістердің логикалық байланысқан жиынтығы. Жазбаның көшірмесі – оның өрістерінің нақты мәндері құрамына кіретін жазбаларды жеке өңдеу.
Файл (кесте) – бір құрылымның жазбалар көшірмесінің жиынтығы.
Файл жазбасының логикалық құрылымын сипаттау жазба өрістерінің орналасқан жерін және оның негізгі сипаттамаларын суреттен көруге болады.
Файл аты
|
Өріс
|
Кілт белгісі
|
Өрістің форматы
|
Аты (белгіленуі)
|
Толық аталуы
|
Типі
|
Ұзындығы
|
Нақтылығы (сандар үшін)
|
аты 1
|
|
|
|
|
|
...
|
|
|
|
|
|
аты n
|
|
|
|
|
|
Файлды жазу құрылымында өрістің кілттер болып табылатын мәндері көрсетіледі. Олар: бастапқы кілттер (первичные ключи) - жазба көшірмесін идентификациялайды, екінші кілттер (вторичные ключи) – іздеушілік немесе топтастырушылық белгілер рөлін орындайды.
Мысал. Суретте СТУДЕНТ файлы (кестесі) жазбасының логикалық құрылымын сипаттау мысалы келтірілген. СТУДЕНТ файлы жазбасының құрылымы сызықтық. Жазбада өріс мәнінің қайталанатын топтары жоқ. Өріс мәніне қарау оның номері арқылы жүреді.
Файл аты: СТУДЕНТ
|
Өріс
|
Кілт белгісі
|
Өріс форматы
|
Белгіленуі
|
Атауы
|
типі
|
ұзындығы
|
нақтылығы
|
Номер
|
Жеке іс-қағазының№
|
*
|
Симв
|
5
|
|
Фамилия
|
Студент фамилиясы
|
|
Симв
|
15
|
|
Аты
|
Студент аты
|
|
Симв
|
10
|
|
Отчествосы
|
Студент отчествосы
|
|
Симв
|
15
|
|
Күні
|
Туған күні
|
|
Уақыт
|
8
|
|
Деректер моделінің тұрлері
Деректер моделі – деректер құрылымы мен оларды өңдеу операциялары жиынтығы.
ДББЖ иерархиялық, тораптық немесе реляциялық модельдерді пайдалануға негізделген. Деректер моделінің негізгі үш типін қарастырайық: иерархиялық, тораптық және реляциялық.
Деректердің иерархиялық моделі
Иерархиялық құрылым анықталған ережелер бойынша өзара байланысқан элементтер жиынтығы. Иерархиялық қатынастармен байланысқан объектілер қалыптанған графты құрады, оның жалпы түрі суретте көрсетілген.
Иерархиялық құрылымның негізгі түсініктеріне: деңгей, элемент (торап), байланыс жатады. Торап – қандайда бір объектіні сипаттайтын деректер атрибуттарынының жиынтығы. Иерархиялық тоғай схемасында тораптар граф төбесімен көрсетілген. Өте төменгі деңгейдегі әрбір торап одан жоғары деңгейде орналасқан бір тораппен ғана байланысқан. Иерархиялық тоғай ешқандай басқа төбеге бағынышты емес және ең жоғарғы деңгейде тұрған тек бір ғана төбесі (тоғай түбі) бар. Қатысты (бағынышты) тораптар екінші, үшінші және т.с.с. деңгейлерде орналасқан. Деректер базасында тоғайлар саны түбірлік жазбалар санымен анықталады.
Деректер базасының әрбір жазбасында түбірлік жазбада тек бір ғана жолы бар. Мысалы, суреттен С4 жазбасы үшін жол А мен В3 жазбалары арқылы өтетінін көреміз.
Деректердің тораптық моделі
Тораптық құрылымда осы негізгі түсініктер (деңгей, торап, байланыс) арқылы әрбір элемент кез келген басқа элементпен байланысуы мүмкін.
Суретте деректер базасының тораптық құрылымы граф түрінде көрсетілген.
Деректердің реляциялық моделі
Реляциялық (ағыл. relation – қатынас) түсінігі Е.Коддтың деректер базасы жүйесі облысында белгілі американдық маманның құрастыруымен байланысты.
Бұл модельдер деректер құрылымының қарапайымдылығымен, пайдаланушыға ыңғайлы және деректерді өңдеуге арналған реляциялық есептеулерді жүргізу мүмкіндігімен сипатталады.
Реляциялық модель екіөлшемді кестелер түріндегі деректерді ұйымдастыруға бағытталған. Әрбір реляциялық кесте екі өлшемді массивті көрсетеді және келесі құрамнан құрады:
әрбір кестенің элементі – деректердің бір элементі;
кестедегі барлық бағандар бірдей, яғни бағандағы барлық элементтерде бірдей типі (сандық, символдық және т.б.) мен ұзындығы бар;
әрбір бағанның өзгеше аты бар;
кестеде бірдей жолдар жоқ;
жолдар мен бағандардың реті дербес болуы мүмкін.
Қатынастар кесте түрінде көрсетілген, жолдар жазбаларға, ал бағандар – қатынас атрибуттарына, домендерге, өрістерге сәйкес келеді.
Әрбір мәні сәйкес жазбамен анықталатын өріс қарапайым кілт (кілттік өріс) деп аталады. Егер жазбалар бірнеше өрістердің мәнімен анықталса, онда деректер базасының мұндай кестесінің құрама кілті болады.
Екі реляциялық кестені байланыстыру үшін бірінші кестенің кілтін екінші кестенің кілті құрамына (кілттер бір-біріне сәйкес келуі мүмкін) енгізу қажет, кері жағдайда бірінші кесте құрылымына сыртқы кілт - екінші кестенің кілтін енгізу керек.
Деректер базасы бірнеше байланысқан кестелерден тұруы мүмкін. Қатынастармен байланысқан кестелер келесі принцип бойынша іс-әрекет етеді: бастапқы және бағынышты. Бастапқы кестені ата-аналық (родительский) деп, ал бағыныштыны – аналық (дочерний) деп те атайды.
ДБ кестелері келесі принциптердің біреуімен қатынасады:
"один – к - одному";
"многие – к - одному";
"один – ко - многим";
"многие – ко - многим".
Достарыңызбен бөлісу: |