Дәріс №1. Негізгі түсініктер Дәріс жоспары


Дәріс № 3. Деректер базасын жобалаудың негізгі сатылары



бет6/26
Дата12.09.2020
өлшемі0,58 Mb.
#78333
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Лекция
1-слив, Баймырзаев Н.Б, Нурсеитова К.ТТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІНІҢ ГИСТОЛОГИЯСЫ, primer referata, Учимся-писать-и-оформлять-рефераты, Биология 8 сынып КТЖ 2 сағ Атамұра, 1. Озгеше фигураны табыныз, 1. Озгеше фигураны табыныз
Дәріс № 3. Деректер базасын жобалаудың негізгі сатылары

Дәріс жоспары

  1. ДБ жобалау сатылары.

  2. Пәндік облысты зерттеу.

Дәрістің қысқаша мазмұны

Жоба дегеніміз не? Бұл схема — қандайда бір құрылғының эскизі. Реляциялық деректер базасының жобасы дегеніміз не? Бұл барлық атрибуттар анықталған, қатынастың бастапқы кілттері және қатынастың қосымша құрамы берілген бір-бірімен байланысқан қатынастар жиынтығы. Неге бір-бірімен байланысқан қатынастар? Өйткені сұраныстарды орындау кезінде қатынастарды біріктіруді жүргіземіз және бір мән әр түрлі қатынас-кестелерінде бірдей белгіленуі қажет. Шынында, егер біз бір кестеде бағаны цифрмен, ал қалғандарын «өте жақсы», «жақсы» және т.с.с. сөздермен белгілесек, онда Баға бағаны бойынша кестені біріктіре алмаймыз, бірақ мағынасы бойынша олар бірдей сияқты, сонда да ол компьютер «миына» түсінікті емес. Бұл қатардағы инженерлер үшін ауыр, интеллектуалды есептерді шеше алатын жасанды интеллект жүйесінің мәселесі. Сондықтан деректер базасының жобасы – бұл ұзақ уақыт және көптеген пайдаланушылармен қолданылатын бағдарламалық кешен фундаменті. Деректер базасының өмірлік циклі сатылары суретте көрсетілген. Олар кез келген бағдарламалық жүйенің дамуына сай келеді, бірақ оларда тек деректер базасына қатысты қандайда бір спецификасы бар.





Сурет. ДБ өмірлік цикл сатылары

ДБ жобалау процесі пәндік облыстың ақпараттық құрылымын формалды емес түрде ауызша суреттеуден қандайда бір модельдің терминдерінде пәндік облыс объектілерін формальды суреттеуіне көшу жиынтығын көрсетеді. Жалпы жобалаудың келесі сатыларын бөліп қарастыруға болады:



  1. Жүйелік анализ және пәндік облыстың ақпараттық объектілерін ауызша суреттеу.

  2. Пәндік облыстың инфологиялық моделін жобалау – қандайда бір семантикалық модель терминдерінде пәндік облыстың объектілерін жартылай суреттеу, мысалы Е-моделі терминінде.

  3. ДБ даталогиялық немесе логикалық жобалау, яғни деректердің даталогиялық моделімен қабылданған терминдерде ДБ суреттеу.

  4. ДБ физикалық жобалау, яғни қосымшаның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған сыртқы тасымалдағыштарда ДБ тиімді қойылуын таңдау.

Егер біз екінші мен үшінші сатылар арасында біздің жобаны өндіретін қандай стандартты ДББЖ пайдаланумен шешім қабылдау керек екенін ескерсек, онда ДБ жобалаудың шартты процесі бес сәйкес сатыларды орындау жиынтығын көрсетуге болады (суретті қараңыз). ДБ жобалау сатыларын қарастырайық.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет