Дәріс №1. Негізгі түсініктер Дәріс жоспары


Дәріс №7. Даталогиялық жобалау



бет13/26
Дата12.09.2020
өлшемі0,58 Mb.
#78333
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26
Байланысты:
Лекция

Дәріс №7. Даталогиялық жобалау

Дәріс жоспары

  1. Даталогиялық жобалауға арналған деректер.

  2. Даталогиялық жобалау нәтижесі.

  3. Даталогиялық жобалауға қойылатын талаптар.

Дәрістің қысқаша мазмұны

Даталогиялық жобалау сатысында даталогиялық модель (ДМ) құрылады. ДМ логикалық деңгей моделі болып табылады және мәлімет элементтері арасындағы логикалық байланысты олардың құрамы мен сақтау ортасына қатыссыз бейнелеуді көрсетеді. Бұл модель деректер базасы жобаланатын ортада ДББЖ кіретін ақпараттық бірлік терминдерінде құрылады. ДББЖ тілінде деректер базасының логикалық құрылымын суреттеу деректер схемасы деп аталады.

Даталогиялық жобалау мақсаты пәндік облыс деректерінің инфологиялық моделін ДББЖ-мен нақты таңдалған тілде көрсету болып табылады, яғни нақты ДББЖ ортасында деректер базасының құрылымын жобалау.

ДБ даталогиялық жобалау үшін бастапқы деректер келесілер болып табылады.

  • Пәндік облысты бейнелейтін инфологиялық модель

  • Таңдап алынған ДББЖ-де деректер моделінің типі туралы мағлұмат

  • ДБ құруды автоматтандырудың әдістері мен тәсілдері туралы ақпарат.

Даталогиялық жобалау нәтижесі ДБ құрылымын графикалық бейнелеумен қатар келетін Деректерді суреттеу тілінде ДБ логикалық құрылымын суреттеу болып табылады.

Бұл сатыдағы ең маңызды мәселе деректер базасын декларативті және процедуралық сипаттау болып табылады.

Декларативті әдістер деректер базасының құрылымы ретінде тұрақты сақталатын объектілерді, олардың құрамы мен байланыстарын сипаттайды.

Процедуралық әдістермен (программалау көмегімен) есептеуіш көрсеткіштерді, деректерді бақылау әдістерін, яғни ДБ тұрақты сақталмайтын, ал есептеу нәтижесінде алынатын объектілер, құрамдар және байланыстарды сипаттауға болады.

Мысал:

Даталогиялық модельді жобалау кезінде келесі екі қатынастар құралсын дейік: «ТОВАР» және «ПРОДАВЕЦ». «ТОВАР» қатынасының бастапқы кілті (идентификаторы) «Индекс товара» бар және «Наименование товара», «Цена единицы товара», «Наименование продавца» аттарымен атрибуттары бар болсын. «ПРОДАВЕЦ» қатынасының бастапқы кілті «Наименование продавца» және «Юридический адрес продавца» атрибуты бар. «ТОВАР» және «ПРОДАВЕЦ» қатынастар арасында «ТОВАР» қатынасына кіретін «Наименование продавца» атрибуты арқылы «многие к одному» байланысы ұйымдастырылған.

ТОВАР М 1 ПРОДАВЕЦ



Бақылау сұрақтары

  1. Даталогиялық жобалау дегеніміз не?

  2. Даталогиялық модель дегеніміз не?

  3. Қандай деректер ДБ даталогиялық жобалау үшін бастапқы болып табылады?

  4. Даталогиялық жобалау нәтижесі болып не табылады?

Әдебиет: (1)






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет