Дәріс №1. Негізгі түсініктер Дәріс жоспары


Delphi-де мәліметтер қорымен байланысты ұйымдастыру



бет15/26
Дата12.09.2020
өлшемі0,58 Mb.
#78333
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26
Байланысты:
Лекция

Delphi-де мәліметтер қорымен байланысты ұйымдастыру


Delphi-де мәліметтер қорымен жұмыс істеуінің негізі Borland Database Engine (BDE) – Borland фирмасы мәліметтер қорының процессоры болып табылады. BDE мәліметтер қоры мен қосымша арасында делдал қызметін атқарады. Ол мәліметтер қорын реализациялауда қолданушыға мүмкіндік береді. Осыған байланысты мәліметтер қоры реализациясын ауыстырғанда қосымшаны өзгертуге болады. Delphi қосымшасы ешқашан да мәліметтер қорымен тікелей жұмыс істемей, BDE арқылы ғана жұмыс істейді.



  • Delphi қосымшасы мәліметтер қорымен байланысар кезде BDE-ге барады да, мәліметтер қорының псевдонимін және ондағы қажет кестені хабарлайды.BDE динамикалық тіркестірілген кітапханалар Dle түрінде ұйымдастырылған.Олар, басқа кітапханалар сияқты IDAPI (Integerated Database Application Program Interface) деп аталатын API-мен Application Program Interface-қолданбалы программалар интерфейсімен қамтамасыз етілген. Бұл қосымша пайдаланатын мәліметтер қорымен жұмыс істеу процедуралар мен функциялар тізімі.



  • BDE псевдоним арқылы көрсетілген мәліметтер қорына сәйкес драйвер табады. Драйвер – бұл қандай да бір анықталған типті мәліметтер қорымен қалай хабарласу керек екенін көрсететін көмекші программа. Егер BDE-ның мәліметтер қорын басқару жүйесіне сәйкес келетін өзінің драйвері бар болса, онда BDE мәліметтер қорымен және ондағы қажет кестемен байланысады, қолданушы сұранысын өңдейді және қосымшаға өңдеу нәтижесін хабарлайды.BDE Microsoft Access, Fox Pro, Paradox, dBase сияқты мәліметтер қорына өздігінен ене алады.




  • Егер BDE-нің өзінде қажет мәліметтер қорын басқару жүйесінің драйвері болмаса, онда ODBC драйвері қолданылады. ODBC (Open Database Connectivity)- бұл BDE функцияларына аналогты DLL, бірақ Microsoft өзінің офистік өнімдеріне ODBC қолдануын қосқан соң және ODBC үшін барлық мәліметтер қорын басқару жүйесі драйверлер қосылғандықтан, Borland фирмасы ODBC-ты қолдануға мүмкіндік беретін BDE қосты.Шындығында ODBC арқылы жұмыс жасау BDE-ге қосылған мәліметтер қорын басқару жүйесінің өз драйверіне қарағанда жәй жүргізіледі.Бірақ ODBC-пен қатынасқа байланысты Delphi масштабы үлкейіп, қазір Delphi кез-келген мәліметтер қорын басқару жүйесімен жұмыс жасай алады.

  • BDE SQL- сұраныстардың стандарт тілін қолдайды, ол Sybase, Microsoft SQL, Oracle, InterBase сияқты SQL- серверімен мәліметтер алмасуға мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндік клиент/сервер платформасында жұмыс кезінде кеңінен қолданылады.

  • Бақылау сұрақтары:

  • 1. Мәліметтер қорымен жұмыс жасауға арналған құралдың түрлері

  • 2. Delphi-де мәліметтер қорымен байланыс орнату қалай жүзеге асырылады?



  • Әдебиеттер: [1].





  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет