Транзакция – файлдың, жазбаның немесе деректер базасының өзгеру процесі.
Физикалық жобалау сатысында жүйенің өнімділігімен байланысты сұрақтарды шешеді, деректерді сақтау құрылымы анықталады.
Жобалаудың сатылары мен словарьлі (словарная система) жүйелер арасындағы іс-әрекетті жеке қарастыру қажет. Жобалау процедурасы словарьлы жүйе жоқ болған жағдайда да қолданыла береді. Словарьлы жүйенің өзі жобалауды автоматтандыру элементі ретінде қарастырылуы мүмкін.
Жобалау әдістері мен бағалау критерийлері құрастыру сатысында пайдаланылады. Қазіргі уақытта критерийлерді таңдау кезіндегі анықсыздық ДБ жобалауда ең әлсіз жер болып табылады. Бұл суреттеудің қиындығымен және альтернативті шешімдердің үлкен санын идентификациялаумен байланысты.
Сапалы критерийлерге иілгіштік, адаптивтілік, жаңа пайдаланушыларға кіру мүмкіндігі, басқа жүйелермен өзара байланысқан, қайта жаңарту мүмкіндігі, бөлу және кеңейту мүмкіндігі жатады.
Жобалау процесі ұзақ және ауыр болып табылады. Көбінесе бірнеше айға созылады. ДБ жобалаушының негізгі ресурсы өзінің интуициясы мен тәжірибесі болып табылады, сондықтан шешім қабылдау сапасы көптеген жағдайда төмен болып қалуы мүмкін.
Жобаланатын ДБ төмен тиімділігінің негізгі себебі мыналар болуы мүмкін:
талабының жеткіліксіз терең анализі (жобалаудың бастапқы сатылары), олардың деректерінің семантикасы мен қатынасын қоса алғанда;
бұл процесті ұзақ және қолмен өңдеу кезінде қиын орындалатын құрылымдық процестің ұзақтығы.
Бұл жағдайларда құруды автоматтандыру сұрағы маңызды орын алады.
4. Деректер базасын пайдалану әдістемесі
ДБ өзіндік пайдаланылмайды, ал әр түрлі ақпараттық жүйелердің: деректер банкі, ақпараттық-іздеушілік және эксперттік жүйелер, автоматтандырылған жобалау жүйесі, автоматтандырылған жұмыс орны, басқарудың автоматтандырылған жүйесі компоненттері болып табылады.
ДБ-да деректерді көрсетудің үш деңгейі бар: концептуалды, логикалық және физикалық деректер базасы.
Пайдалану процесінде көбінесе логикалық, кейде концептуалды және физикалық модельдер қолданылады.
Деректер словарі деректердің барлық типтері, олардың аты, құрылымы, сонымен қатар оларды пайдалану ақпараты туралы орталықтандырылған мағлұматтары бар ішкі ДБ көрсетеді.
Деректер словарінің қасиеті – пәндік облыстың ақпараттық ресурстарын тиімді жинау мен басқаруда. Оны пайдалану деректерді енгізу кезінде туатын қайшылықты жоюға, оларды модификациялау кезінде қарапайым және тиімді басқаруды жүзеге асыруға, деректерді басқаруды орталықтандыру есебінен ДБ жобалау процедураларын жеңілдетуді, басқа пайдаланушылармен байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
ДБ пайдалану процесінде жаңарту (жазба, жою, деректерді модификациялау) және сұраныс-жауап (оқу) операциялары бар.
Жалпы жағдайда сұраныс процесі бірнеше сатылардан тұрады. Пайдаланушы ДБ құрылымын білу керек.
Бірінші сатыда пайдаланушы оған қажет құжаттың қандай формасы керек екендігін білу керек. Бұл пайдаланушының логикалық моделі болмауы да, сонымен қатар өрістердің әр түрлі құрамы кезінде олардың түрлі модификациясы болуы мүмкін. Демек логикалық модельдер ДБ логикалық моделінен ерекшеленуі мүмкін, шығарылатын машиналық құжаттар үшін өрістердің қандай құрамы қажет екенін анықтау керек.
ДБ эксплуатациялау кезінде екі арнайы операциялар пайдаланылады: навигация және спецификация.
Навигация – ДБ логикалық құрылымы (кілт бойынша жүзеге асатын байланыс арасындағы кесте жиынтығы) бойынша жол жүру кезінде алынған бірдей объектімен көрсетілген нәтиженің операциясы.
Спецификация – деректер базасы кестесінің құрылымы негізінде құрылған жаңа құрылым (кесте) болып табылатын нәтиженің операциясы. Бұл кесте «түр» деген ат алды.
ДББЖ өндірудің екі негізгі бағыты бар: программалық және аппараттық.
Программалық өндіру (ары қарай ДББЖ) программалық модульдер жиынтығын көрсетеді, нақты ОЖ басқаруымен жұмыс істейді және келесі функцияларды орындайды: концептуалды және логикалық деңгейлерде деректерді суреттеу; деректерді жүктеу; деректерді сақтау; сұранысқа ізденіс және жауап (транзакцияны); өзгерісті енгізу; қауіпсіздікті және бүтіндікті қамтамасыз ету; тілдік әдістерді пайдалануды көрсету: деректерді суреттеу тілі (МСТ), деректерді бақылау тілі (ДБТ), сұраныстар тілі.
Аппараттық өндіру деректер базасының машинасы деп аталатын машинаны пайдалануды қарастырады. Олардың пайда болуы ақпараттық үлкен көлемімен және кіру жылдамдығының талаптарымен шақырылды.
Бақылау сұрақтары
ДБ-на қандай талаптар қойылады?
ДБ құру концепциясы.
Жоғарғы жобалау қандай ДБ пайдаланылады?
Төменгі жобалау қандай ДБ пайдаланылады?
Орталықтандырылған ДБ жобалаудың қандай сатылары бар және осы сатылардың әрқайсысында не орындалады?
Жобаланатын ДБ төменгі тиімділігің қандай мәселесі бар?
Деректерді көрсетудің қандай деңгейлері бар?
Деректер словарі дегеніміз не?
ДБ эксплуатациялау кезінде қандай операциялар қолданылады?
ДББЖ өндірудің қандай бағыттары бар? Осы бағыттар өзіне не қосады?
Әдебиет: (1)
Достарыңызбен бөлісу: |