Дәріс № 5. Инфологиялық модельдеу
Дәріс жоспары
Инфологиялық модельдеу компоненттері.
"Қатынас - байланыс" моделін құру.
Дәрістің қысқаша мазмұны
Инфологиялық жобалау – пәндік облыс моделін құру (ПО) (фирмалар, оқу орындары, дүкендер, кітапханалар).
Инфологиялық модель ДБ жобалаудың екінші сатысында қолданылады, яғни пәндік облысты ауызша суреттегеннен кейін. Инфологиялық модель не үшін керек және жобалаушыларға қандай пайда әкеледі? Жобалау процесі ұзақ екенін айта кету керек, ол пәндік облыста тапсырушылармен, мамандармен ақылдасуды талап етеді. Корпоративті ақпараттық жүйе құру кезінде деректер базасының жобасы барлық жүйе құрылатын фундамент болып табылады және несие алу мүмкіндігі туралы сұрақ ДБ дұрыс жасалған инфологиялық моделі негізінде банк эксперттерімен шешіледі. Демек, инфологиялық модель деректер базасы бойынша мамандар ғана «оқи» алатындай емес, пәндік облысты суреттеуді қосады. ДББЖ таңдау – бұл жеке есеп, он шешу үшін ешқандай нақты ДББЖ байланыспаған жоба болуы қажет.
Инфологиялық модель ең бірінші ДБ моделінде пәндік облыстың сематикасын көрсетумен байланысқан. Деректердің реляциялық моделі өзінің қарапайымдылығымен сематиканы, яғни пәндік облыстың мазмұнын көрсете алмайды. Ертедегі теориялық-графтық модельдер көбінесе пәндік облыстың семантикасын көрсетті. Олар пәндік облыс объектілері арасындағы иерархиялық байланыс түрінде анықтады.
Семантиканы көрсету мәселесі құрастырушыларды бұрынна бері қызықтырған. Жетпісінші жылдары семантикалық модельдер деп аталатын деректердің бірнеше модельдері ұсынылды. Оларға 1981 жылы Хаммер (Hammer) және Мак-Леон (McLeon) ұсынылған, сондай-ақ 1981 жылы құрылған Шипманның (Shipman) Деректердің функционалды моделі, 1976 жылы Ченмен (Chen) ұсынылған «зат-байланыс» моделі және т.б. модельдерді жатқызуға болады. Барлық модельдердің оң және теріс жақтары болды, бірақ уақыт өткеннен кейін тек соңғысы ғана қалды. Қазіргі уақытта Ченнің "зат-байланыс" немесе "Entity Relationship" моделі деректер базасының инфологиялық модельдеуі кезінде нақты стандарт болып қалды.Қысқаша оны ER-моделі деп атайды, көптеген қазіргі CASE-әдістерге осы модель негізінде Деректерді суреттеуге арналған инструментальды әдістер кіреді. Сонымен қатар, ER-модельден ДБ жобалаудың автоматты қайта өндірілуі құрастырылды. Барлық CASE-жүйелерде ДБ құру процесін құжаттандырудың дамыған әдістері бар, автоматтандырылған есеп гегераторлары ДБ объектілерін және олардың қатынастарын графикалық түрде де, дайын стандартты басылатын есеп түрінде де толықтай суреттеумен ДБ жобасының ағымды жағдайы туралы есепті дайындауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |