4. Қазақстанның қазіргі заман тарихының кезеңделуі. Қазақстанның қазіргі заман тарихының тарихи деректері мен тарихнамасының талдануы.
Қазақстанның қазіргі заман тарихының кезеңдері:
XX ғасыр басындағы Қазақстан және қазақ зиялылары
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының құрылуы, Қазақстанның Одақтас Республикаға айналуы.
Тәуелсіз Қазақстанның өмірге келуі
Азаматтық қоғам құруға ұмтылыстар. Рухани жаңғыру қазақстандықтардың алға қойған ұлы мақсаттарының бірі.
Тарихнама өте күрделі мәселе. Қазақстанның қазіргі заман тарихының тарихнамасы осы кезеңге байланысты жазылған еңбектер. Яғни, Қазақстанның қазіргі заман тарихы қай кезеңді қамтиды, сол кезеңге арналған шығармалар, солардың ішінде: Б. Аяған, Ә. Ауанасова, А. Сулейменов біріккен авторлығымен жазылған “Қазақстанның қазіргі заман тарихы (1991-2014 жж.)” деген еңбек жарық көрді. Бұл еңбекте тарихи құжаттардан үзінділер, мұрағат деректері тағы басқа ақпараттық мәліметтер бар.
Сондай-ақ біз тарихшылар Асылбеков М.Х., Алдажұманов Қ.С., Байпақов К.Б., Исмағұлов О.И., Көмеков Б.Е., Қозыбаев М.Қ. (бас редактор) т.б. біріккен авторлығымен жазылған Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Бес томдық) еңбегін басшылыққа аламыз. Бұл ғылыми жұмыстың алғашқы томдары Қазақстан тарихының ежелгі және орта ғасырларына арналғанымен оның Алдажұманов Қ.С. (жауапты редактор), Асылбеков М.Х., Әбілғожин Ж.Б., Байпаков К.М., Бұрханов К.Н., Исмағұлов О.И., Көмеков Б.Е. т.б. біріккен авторлығымен жазылған 4,5 томдары біз қарастырып отырған Қазақстанның қазіргі заман тарихы кезеңіне сәйкес келеді.
4-том 1917-1985 жылдардағы ‒ Қазақстанның кеңестік кезеңдегі тарихына арналған. 5-том 1985 жылдан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихына арналған. Бұл екі томда Қазақстанның қазіргі заман тарихының өзекті мәселелері кең ауқымда қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |