Дәріс №1 Пәнге кіріспе. Отандық тарихты оқудың



бет51/52
Дата02.01.2022
өлшемі174,91 Kb.
#107802
түріСабақ
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
Байланысты:
дәрістер жинағы (1) (1) (2) (1)

Дәріс №14

Н.Ә. Назарбаев – тарихтағы тұлға



  1. Бірінші Президенттің бастамалары мемлекеттің жаңғыру жолында.

  2. «Тарих толқынында» еңбегі мен баспасөз беттеріндегі ұлттық тарихтың стратегиялық көрінісі және тарихи тұлғалардың рөлі.

  3. Фундаменталды саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, ұлтаралық және дінаралық келісім жөнінде «Қазақстанның даму жолы» еңбегінде.

Ең алғашқы президетіміздің еліміздің өркендеуі жолында еңбектері. Қазақ елінің моделінің негізін қалау шаралары.Президиентіміздің ойынша ең басты серіктестіктің дамуына,толық жауабы ретінде заманауилық тарапты ұсынды. Бұл жұмыстың басты мақсаты (Қазақ елінің алға даму стратегиясы) Стратегиялық бойынша халықтың тарихын және тарихи тұлғалардың жұмысы (тарих толқуы) және тарихи уақиға таңбалары парағынан.

(Эпицентр мира) кітабында, ұлттық қауіпсіздік және толық аумақтық соныиен қатар заманәуей әлемге әсері туралы жазылған. Еліміздегі басты мәселе терроризмде, аумақтық қауіпсіздікте солармен күресу жолдары.

Негізгі саясаттық және экономикалық қоғамды жаңарту,халықаралық және конфессияаралық жұмыс барысындағы келісім «Қазақстанның даму жолы»деп аталады.Құрылымдағы мәселе жаңа модельде мемлекет және саясаттағы жүйе жаңартулары,экономикалық,саяси-гуманитарлық саласындағы ҚР Елбасының ел алдындағы отырысында 2014 жылғы 15-желтоқсандағы Елбасының ел алдына шығу себебі «Тәуелсіздік толғауы »тақырыбында болды.

Заманауи Қазақстан ұлы дала елінің мұрагері «Нұрлы Жол» жобасының тарихи мағынасы Елбасының Жолдауы бойынша «Болашаққа Жол» деп

аталды.


ҚР Елбасының мақаласы «Ұлт жоспары-қазақстандық арманға жол»-Қазақстан азаматтарын жұмыспен қамтамасыз ету жобасы.Тәуелсіздіктің негізі «Қазақстан жолы 2050»жобасының соңғы мақсаты-мәңгілік ел құру.

Қазақ елі өзінің тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында қарқынды дамып келе жатқан әлемдегі демократиялық елдердің біріне айналды. Бұл жетістіктерге еліміз қоғамдағы азаматтық келісім мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған, сонымен бірге, ұлтаралық және дінБүгінгі таңда Қазақстан ұлтаралық жəне дінаралық келісім мен ымырагершілікті негізге алған 140 астам ұлт өкілдері мен 40 астам дінді уағыздайтын үш мыңға жуық діни бірлестіктердің отаны болып отыр. Бүгінгі таңда Қазақстан ұлтаралық жəне дінаралық келісім мен ымырагершілікті негізге алған 140 астам ұлт өкілдері мен 40 астам дінді уағыздайтын үш мыңға жуық діни бірлестіктердің отаны болып отыр. Қазақстан тəуелсіздік жылдарында бұл стратегияның өміршеңдігін көрсетіп, оның бүкіл адамзат

қауымының дамуындағы халықтардың өзара қарым-қатынас мəдениетінің қазақстандық үлгісінің қажеттілігін танытты. Ұлтаралық келісім моделі этностардың дамуы мен өзара қарым-қатынасына жүйелі әрі мақсатты түрде әсер етіп, одан белгілі бір нәтижелер алу үшін құрылады. Мұндай моделді құру өте күрделі әрі жауапты саяси іс. Өйткені, ұлтаралық қатынастар табиғаты өзінің құрылымы жағынан өте нәзік, сан қырлы. Ұлтаралық қатынастар саяси, идеологиялық, мәдени, экономикалық, әлеуметтік, тілдік және психологиялық процесстерге тығыз байланысты. Ұлтаралық қатынастардың қазақстандық үлгісі бірнеше негізгі деңгейде жүзеге асырылады: тұжырымдамалық деңгей; саяси-құқықтық (конституциялық) деңгей; институционалдық деңгей жəне ғылыми-əдістемелік деңгей. Тұжырымдамалық деңгей еліміздің ұлтаралық қатынастарындағы тұрақтылықты қамтамасыз етеді жəне ол: əлеуметтік-экономикалық, мəдени, ождандық, тұрмыстық жəне басқа да өзара тəуелді, толықтырушы факторларды есепке алу, Қазақстан ұлттарының өз мəдени дамуын еркін қамтамасыз ету жəне олардың мүдделерін қорғау мен жүзеге асыру принциптеріне сүйенеді.

Саяси-құқықтық немесе конституциялық деңгей мемлекеттің ұлтаралық қатынастар саласын реттейтін заңнамалық актілер жəне ұлттық саясатты жүргізуге қатысты басқа да құжаттардың негізінде жүзеге асырылады. Ұлтаралық келісімнің құқықтық негізі ретінде Қазақстан Республикасының Ата Заңы танылады.

Қазақстандық ұлтаралық келісім моделінің қалыптасуы мен дамуында Қазақстан Республикасының Конституциясы айқындаушы рөл атқарды. Оған 1991 жылғы 16 желтоқсандағы “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Конституциялық Заңы, 1993 жылғы Қазақстанның тұңғыш Конституциясы, қазір қолданылып отырған 1995 жылғы Конституция және 1998 жылы 7 қазанда және 2007 жылы 21 мамырда өзгерістер мен қосымшалардың енгізілуі кіреді. азіргі жағдайда ұлтаралық келісім моделінің формуласы Қазақстан Республикасының Конституциясындағы: «Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып…» деп басталатын жолдардан айқын көрініс тапқан.

Осылайша еліміздің Негізгі Заңы бойынша Республика азаматтарының бірлігінің мызғымас ұстанымы қаланды. Қазақстанның ұлттық бірлігінің доктринасы.

Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияда, мемлекеттік Тәуелсіздік туралы Конституциялық заңда және Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілгендей байырғы қазақ жерінде ұлттық мемлекеттілік құру мен нығайту және де басқа қағидаттарды негізге ала отырып, қоғам мен ұлтқа Қазақстанның Ұлт Бірлігі Доктринасы ұсынылады.Ұлт Бірлігі Доктринасы - халықтың, уақыт талабына сәйкес, бірігу қажеттігін түсінуіне негіз. Бұл - бізді қандай күш біріктіреді және біртұтас етеді - соны түсінудің тәсілі. Бұл - болашаққа бірігіп ұмтылудың серпіні.Доктринаның қажеттілігі өмірдің өзінен, біздің жалпы тағдырымыздан, тарих логикасынан туындап отыр. Өйткені бірліксіз - Ұлт жоқ. Ұлтсыз - мемлекет жоқ. Ал, мемлекетсіз - болашақ жоқ.

Осыларды негізге ала отырып, Қазақстанның Ұлт Бірлігінің төмендегідей қағидаттары жария етіледі.

I. «БІР ЕЛ – БІР ТАҒДЫР»- Ұлт бірлігін негіздейтін бірінші қағидат – әр азаматтың өзінің ортақ тағдыры мен Отанының – Қазақстан Республикасының – ортақ екенін ұғыну.

II. «ТЕГІ БАСҚА – ТЕҢДІГІ БІР»- Екінші басты қағидат – этникалық, болмаса басқа да шыққан тегіне, діни ұстанымына және әлеуметтік жағдайына қарамай барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру.

ІІІ . «ҰЛТ РУХЫНЫҢ ДАМУЫ»- Ұлт бірлігінің үшінші негізгі қағидаты – біріктіруші және бекітуші бастау ретінде Ұлт Рухын нығайту және дамыту.

Осы Доктрина халық бірлігін нығайтуға, демократияны, мәдениеттер және өркениеттер сұхбатын дамытуға бағытталған құқықтық, әлеуметтік- экономикалық, саяси, мемлекеттік басқару шараларының біртұтас жүйесін жасаудың негізі болады. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес, Доктрина қазақстандық қоғамды ұйыстыру үдерісінің басты құралы болмақ.

Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауы: «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында»

Серпінді экономикалық өсім көптеген жылдар бойы бізге белсенді әлеуметтік саясат жүргізіп, адамдардың өмір сапасын бірнеше есе арттыруға мүмкіндік берді. Барлық жаһандық дағдарыстардың теріс ықпалына байланысты экономикамыз тап болған бүкіл қиындықтарға қарамастан, біз әркез қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырып келдік. Он жылда әлеуметтік салаға мемлекеттік шығындар нақты көрсеткіш бойынша 3 есеге жуық өсті. Әлеуметтік сала мен мемлекеттік басқаруда жұмыс істейтіндердің саны 1,2 миллион адамнан асады. Мемлекет жәрдемақы мен төлемдердің үлкен көлемін қамтамасыз етуде. Оларды 1,5 миллионнан астам азамат алады.

Экономикалық тәуекелдерге, жалпы, ештеңеге де қарамастан, біз халықты әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыруды жалғастырамыз. Мен 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің еңбекақысы орташа алғанда – 28 пайызға дейін, білім беру саласы қызметкерлерінікі – 29 пайызға дейін, әлеуметтік қорғаудағы қызметкерлердікі 40 пайызға дейін артатынын жариялаймын. Мұнда бюджет қызметкерлерінің түрлі категорияларына қатысты сараланған тәсіл қолданған ұтымды. Алдағы жылы мүгедектігі мен асыраушысынан айырылуға байланысты әлеуметтік жәрдемақылардың 25 пайыздық өсімі, сондай-ақ, стипендиялар қамтамасыз етілетін болады. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап біз инфляция деңгейінің алдын ала отырып, ынтымақты зейнетақыны 2 пайызға индекстейміз. 2016 жылы «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы 30 пайызға арттырылатын болады. Бұл мақсаттарға қаржыны біз бюджеттік шығындарды оңтайландырғаннан кейін үнемдейміз. Осылайша біз еңбекақыны өсіру үшін қаржы тауып, өзіміздің халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерімізді орындаймыз!

Мен барлық әлеуметтік жағынан әлсіз қорғалған жіктерге сөзімді арнамақпын. Біз мұқтаждарға қашанда көмек қолын созып келдік. Сонымен қатар, әлеуметтік әділеттілік бұрмаланбауы тиіс. Өйткені, әрбір әлеуметтік төлем – бұл жай бюджетке ғана емес, әрбір жұмыс істейтін қазақстандыққа қосымша салмақ. Әлеуметтік әділеттілік идеясы жұмыс істейтін қазақстандықтарға қатысты әлеуметтік әділетсіздікке айналмауы тиістігін нақты түсіну керек. Бұл – солардың ақшасы!

Бүгін де тек Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы ғана сыртқы сілкіністерге орнықты, тиімді экономиканың нақты негізі болуға қабілетті. Азаматтарға әлеуметтік қолдауды кеңейту мақсатында Үкіметке 2016 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін еңбекпен қамтудың жаңа Жол картасын жасауды тапсырамын. Бағдарламаларды қаржыландыру көлемі 2009-2010 жылдары жүзеге асырылған осыған ұқсас Жол картасымен салыстырғанда ұлғайтылатын болуы тиіс. Бұл жергілікті инфрақұрылымдарды дамыту мен елді мекендерді абаттандыру жобалары есебінен еңбек рыногының тұрақтылығын қамтамасыз ететін болады. Кадрларды кең ауқымды қысқа мерзімді қайта даярлау мен біліктілігін арттыру ұйымдастырылады. Кәсіпкерлікті дамыту үшін микронесиелеу кеңеюде.

Бүгін мен жаңа әлеуметтік саясат жасау міндетін қоямын. Мемлекеттің әлеуметтік саладағы рөлі әлсіз қорғалған азаматтарды қолдаумен және адам капиталына инвестицияларды қамтамасыз етумен шектелетін болуы тиіс. Атаулы әлеуметтік қолдау тек мұқтаж адамдарға, олардың нақты табыстары мен өмір сүру жағдайын бағамдау негізінде, көрсетілетін болады. Басқалар ақшаны өздері, өздерінің еңбектерімен табулары тиіс. Азаматтарымыздың жекелеген топтарының ерекше сұраныстарын ескере отырып, өмір сүрудің ең төменгі деңгейінің құрылымдарын қайта қарау және оның түрлі деңгейлерін белгілеу қажет. Үкіметке үш ай ішінде әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін оңтайландыру бойынша ұсыныс енгізуді тапсырамын.

Еңбек ете алатындарға мемлекеттік қолдау тек олардың қайта оқуға немесе еңбекпен қамту бағдарламаларына қатысулары негізінде ұсынылатын болуы тиіс. Үкіметке әлеуметтік көмектің мұндай түрлерін 2017 жылдан бастап енгізуді тапсырамын. Әлеуметтік саясаттағы мемлекеттің басымдығы адам капиталын дамытуға кең ауқымды инвестициялар болуы тиіс. Біз бұған дейін қабылданған бағдарламаларға сәйкес, білім беру және денсаулық сақтау салаларын жаңғыртуды жалғастыруымыз керек. Мен 2017 жылдан бастап жаңа жоба – «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» бағдарламасы басталатынын жариялаймын. Үкіметке оны жасауға кірісуді тапсырамын.2004 жылғы «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясаты туралы» заңыҚазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатының мақсаты жастардың толыққанды рухани, мәдени, білім алып, кәсіптік және тәни дамуы, сәтті әлеуметтенуі үшін жағдайлар жасау және олардың әлеуетін елді одан әрі дамытуға бағыттау болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатының мiндеттерi:

қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету,

саламатты өмір салтын қалыптастыру, құқықтық мәдениетін жоғарылату, жастарды жұмысқа орналастыру үшін жағдайлар жасау, жастарға және жас отбасылар үшін қолжетімді тұрғын үй жүйесін дамыту, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, болып табылады.

Аталған заң жастардың әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесуге, сондай-ақ мемлекеттің қоғамдық-саяси өміріне жас азаматтардың белсенді қатысуы үшін жағдай жасауға бағытталған мемлекеттік жастар саясатының тиімді үлгісін қалыптастыру мақсатында әзірленген.

Жастар - жас қуаттың, еңбек көзінің, идеялар мен тың ұстанымдардың бастамашысы, қоғамдағы қозғаушы күш және халықтың ең белсенді тобы. Сондықтан да жастар мәселесі – елдің болашағы туралы мәселе. Жастар саясаты мен жастарды әлеуметтендіру мәселелерімен айналысып, оларды реттеудің маңыздылығы жастардың қоғам өмірінде алатын орнымен анықталып, бүгінде өмір талабынан туындап отырған қажеттілік болып табылады. Жастар қоғамда орын алып отырған әлеуметтік- экономикалық және мәдени өзгерістерге толыққынды араласқанда ғана тиісті нәтижелерге қол жеткізуге болады. Жастар дегеніміз – жас адамдардың әлеуметтік жағдайының ерекшеліктері, олардың қоғамның әлеуметтік құрылымындағы орны мен қызметі, ерекше құндылықтары мен мүдделері негізінде бөлінетін әлеуметтік - демографиялық топ. Қорыта айтар болсақ, жастар арасындағы позитивтік бағыттарды одан ары нығайтып, келеңсіз тұстарын жою үшін мемлекеттік жастар саясаты, жастарды әлеуметтендіру, азаматтық ұсыныстарды жүзеге асыруға және қолдауға бағытталып, жастардың саяси, әлеуметтік және экономикалық салаларға қатысу құқығын кеңейтуді, әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша шешім қабылдауға жастарды қамтуды, олардың шығармашылық қабілеттері мен белсенділігін арттыруды көздеуге тиіс.

Қазақстан Республикасы мемлекеттiк жастар саясатының 2020 жылға дейiнгi тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары әзiрленіп, іске асуда. Қазақстандықтар — жасампаз және жас ұлт: республиканың әрбiр екiншi тұрғыны 30 жасқа толмаған жастар. Қазақстанның болашағы Қазақстан жастарының даму деңгейiмен, олардың қоғамға ықпалдасуымен байланысты. Жастар саясатының басымдықтары Қазақстан Республикасының Президентi — Елбасы Н.Ә. Назарбаев бастама жасаған «Қазақстан–2050» стратегиясының түйiндi мақсаттарының бiрi болып табылады.

Бүгiнде елiмiз өзiнiң алдына әлеуметтiк жаңғыру, үдемелi инновациялық индустрияландыру және экономикалық ықпалдасу бойынша жаңа ауқымды мiндеттер қояды. Тәуелсiздiктiң 20 жылындағы жетiстiктердi бекiте отырып, Қазақстан XXI ғасырдың үшiншi он жылдығында әлемнiң дамыған 30 мемлекетiнiң қатарына кiруге ниет бiлдiредi.

Бұл жағдайларда аға буынның жасампаз iстерiн жалғастыруға, ұлттық бәсекелестiкке қабiлеттiлiктiң деңгейiн одан әрi жоғарылатуға, Қазақстанның XXI ғасырда гүлденуi мен әлемдiк танылуын қамтамасыз етуге тиiс жастарға үлкен үмiт пен жауапкершiлiк жүктеледi. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы» 2004 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануы жастар саясатын одан әрi iске асырудың институционалдық негiзiне айналды. 2010 жылдан бастап жастар саясаты Бiлiм берудi дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының шеңберiнде iске асырылуда.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанынан Жастар саясаты жөнiндегi кеңес құрылды. Жалпы алғанда, қазiргi уақытта әлеуметтiк-экономикалық жағдайларды жақсартуға, болашақ ұрпақтың қалыптасуы мен жан-жақты дамуына тек арнайы жастар бағдарламалары ғана емес, бүгiнде елiмiзде iске асырылып жатқан бiлiм берудi, денсаулық сақтауды, тiлдердi дамытудың, үдемелi индустриялық-инновациялық дамудың ауқымды мемлекеттiк бағдарламалары; «100 мектеп, 100 аурухана», «Балапан», «Жұмыспен қамту–2020», «Бизнестiң жол картасы–2020», «Қолжетiмдi тұрғын үй–2020» бағдарламалары бағытталған.

«Жаңа Тұжырымдаманың ерекшелігі - ол білім алушы жастарға ғана арналмаған. Ол жұмыс істейтін, ауыл жастарын қоса алғанда өзін-өзі жұмыспен қамтыған, сондай-ақ жұмыссыз, маргиналды және тағы басқа жастардың барлық санаттарын қамтиды



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет