Тарихтағы қаһарман тұлға
(тарих ғылымының тұңғыш докторы Ермұхан Бекмахановтың
мерей тойына арналған танымдық сағат)
Қазақ халқының дарынды тұлғасы тарих ғылымының докторы, ұлағатты ұстаз Ермұхан Бекмаханов 2015 жылдың 15 ақпанында 100 жасқа толар еді. 9-сыныптармен өткізілген танымдық сағатымыз осы мерей тойға арналған.
Жарық жұлдыздай ағып өткен қасқағым өмірінде ол өзін халқының адал перзенті ретінде көрсете білді. Дүниеге келген әрбір пенде өз қалауынша өмір сүруге ерікті. Ермұхан Бекмахановта мейірімді Алланың пешенесіне жазған дарын-қабілеті арқасында өз қатарынан қара үзіп шығып, ел тарихының қатпарлы сырларын тереңдете қазып, туған халқына елеулі еңбектер беруге құлшынған білімпаз еді. Амал қанша, батыл ойға тұсау, еркін көңілге кісен салған қатыгез заман оның ең алғашқы қарымды еңбегіне тыйым салып, қазақ тарихнамасының төрі түгел босағасынан да орын бермей, үнемі қуғын көріп, нағыз дер шағында өмірден өтіп кетті.
Өткен тарихымызға зер салған өскелең ұрпақ үшін Ермұхан Бекмахановтың өмірі өнеге, жас буынды ерлікке, елдікке тәрбиелейтіні сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |