Дәріс №1 Пәнге кіріспе



бет44/48
Дата29.03.2022
өлшемі275,59 Kb.
#137149
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Дәріс № 14,2
1.Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жолы-Қазақстандық даму жолы» бағдарламасының тарихи маңыздылығы.
2.Қазақстан Президенті Нурсултан Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға жол» мақаласы - қазақстандықтар үшін қуатты іс-әрекет көзі және болашаққа ынталандырушы. 
3.Егеменді елдің қалыптасуының кезеңдері, механизм қағидағасы мен қозғаушы күштердің дамуы, модернизацияның 3 толқыны, 30 елдің қатарына ену мақсатында бағытталған жаңару «Тәуелсіздік белестері» атты еңбегінде.


1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің отырысында «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа экономикалық саясаттың жүрігізілетінін мәлімдеген болатын. Елбасы Жолдауының білім саласы қызметкерлері үшін де орны ерекше болды. Президент дәстүрлі Жолдауында «Мәңгілік ел» қағидасына айрықша көңіл бөлуі тегін емес. «Нұрлы жол» даму бағыты аясында жастардың болашаққа деген сенімін айқындап, қажырлы еңбек ете отырып, келешекті кемел ету жолында жастардың үлесі зор екендігін баса айтты.
Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында білім және ғылым саласына ерекше көңіл бөлінгенін атап өтті.
Бұл тарихи құжатта дағдарысты еңсерудің кешенді шаралары ғана көрсетіліп қоймай, еліміздің әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына енуіне қажетті жағдай, ұзақмерзімдік даму жолы анықталып отыр.
Бүгінде көптеген әлемдік алаңдарда саясаткерлер, экономистер, сарапшылар дағдарысты еңсеру, сондай-ақ, ұлттық экономиканың өсімін сақтап қалу жөніндегі тұспалдар мен болжамды шараларды қарастырып жатқанда, еліміз Елбасының стратегиялық көрегендігінің арқасында алғашқылардың бірі болып айқын, әбден пысықталған іс-қимыл жоспарын қабылдады.
Алғашқы кезекте экономиканың елдің дамуына және азаматтарымыздың әл-ауқатының артуына неғұрлым оң әсерін тигізетін салаларына қолдау көрсетіледі.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Үкіметке барлық әлеуметтік міндеттемелермен сөзсіз қамтамасыз ету міндетін жүктеді.
«Нұрлы Жол» Жаңа экономикалық саясаты – бұл болашақтың инфрақұрылымын кең көлемде инвестициялау есебінен экономиканы жүйелі түрде қайта құру. Көлік, индустриялық, энергетикалық, тұрғын үй-коммуналдық және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ шағын және орта бизнеске барынша қолдау көрсету тұрақты экономиканың негізі – мықты орта тапты қалыптастыра отырып, болашақ Қазақстанның іргетасын мызғымастай етіп нығайтады.
«Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асыру дегеніміз – жүздеген мың қосымша жұмыс орны, жаңа өндірістер, бизнесті жандандыру және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру.
Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің, оның ішінде АҚШ пен Германияның тәжірибесі инфрақұрылымды кең көлемде инвестициялау болашақ өркендеу үшін мызғымас негіз қалыптастыратынын көрсетеді.
Қазақстан «Нұрлы Жол» Жаңа экономикалық саясатының жүзеге асырылуын Ұлттық Қорға жиналған қаржының арқасында қамтамасыз етеді.


2. Қазақстан Президенті Нурсултан Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға жол» мақаласы - қазақстандықтар үшін қуатты іс-әрекет көзі және болашаққа ынталандырушы. Мақалада Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылдың 1 қаңтарынан "5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам" - Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңінің басталғанын еске салады. "Мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заң күшіне енді. Бізге тарихымыздағы бұрын-соңды болмаған ауқымдағы ұлттық заңнамаға өзгерістерді бағамдау маңызды. Оның үстіне, олар біздің қазақстандық арманымыз - ХХІ ғасырда көшбасшы отыз ұлттың бірі болуға қол жеткізуімізге жол ашады", - деп жазды Президент. Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің 25-ші жылдығына жаңа қазақстандық арманмен аяқ басқанымызды, оның басты мақсаты жүзеге асырылып жатқан "2050" Стратегиясымен бара-бар екенін және өзіміздің жаңа арманымызға қарай жақындауды Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын жасаудан бастағанымызды жазды. Назарбаевтың ойынша, реформалар Қазақстан экономикасы жаһандық экономикалық қиындықтардың күшті ықпалын сезініп отырған қазіргі кезеңде ерекше маңызды. Біз оларды экономикалық өсімнің сенімді қарқынын қалпына келтіру мен бүкіл халыққа берік әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттің дағдарысқа қарсы кең ауқымды шараларының басты құрамдасы ретінде қарастырамыз.
Бірінші реформа "Мемлекеттік қызмет туралы" жаңа Заң негізінде мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға бағытталған. Екінші реформаның мәні тәуелсіз сот төрелігі мен Қазақстанның бүкіл құқық қорғау жүйесінің тек қана азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, заңдарды қатаң орындауға және құқық тәртібін нығайтуға бағытталуы тиістігінде. Назарбаевтың айтуынша, ауқымды жұмыс үшінші реформаторлық бағытқа - индустрияландыру мен экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша жаңғыртулар кешенімен байланысты. Сонымен қатар, бизнесті қорғау мен кәсіпкерлерге құқықтық көмек көрсетудің орталық тетігі болуы тиіс бизнес-омбудсмен институты нығайып келеді. Президенттің мақаласында, Ұлт жоспарының экономикалық блогына кіретін шаралар біздің экономикамыздың өңдеуші секторына кем дегенде 10 трансұлттық корпорацияны тартуды қарастыратыны айтылған. Ұлт жоспарының үшінші бағытының темірқазық мәселесі тәуелсіз сот жүйесі, ағылшын тілін қолдану және инвестициялық резиденттік қағидатын енгізу құқығымен жеке заң құзыреті қағидаты бойынша АСТАНА халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру болып табылады. Ұлт жоспарында экономиканың бірқатар перспективалы секторларын дамыту бойынша шаралар қарастырылған. Бірінші кезекте ол электр энергиясы секторына және энергиялық тиімділіктің өсуіне қатысты. Бізге 2020 жылға қарай ІЖӨ-нің энергия сыйымдылығын 25 пайызға және ғасырдың ортасына қарай 50 пайызға төмендетуге қол жеткізу керек. Назарбаев сонымен қатар, әлеуметтік жаңғыртуды ынталандырушылар, реформалар табысы, қоғамға есеп беретін ашық мемлекет, мемлекет функцияларын бәсекелесті ортаға және жергілікті өзін-өзі басқаруға беру және Ұлт жоспары жөнінде жазды. 
3. Егеменді елдің қалыптасуының кезеңдері, механизм қағидағасы мен қозғаушы күштердің дамуы, модернизацияның 3 толқыны, 30 елдің қатарына ену мақсатында бағытталған жаңару «Тәуелсіздік белестері» атты еңбегінде жан-жақты баяндалған.Тарихты жасайтын тұлғалар тағлымы өскелең ұрпақтың ұлт мүддесіне қызмет етуіне жол ашып қана қоймай, әлемдік өркениеттің дамуына да ықпал етеді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан халқы ынтымақтасып, жалпыұлттық, ұлтаралық бірлікті нығайтуға, рухани—мәдени жаңғыруға қол жеткізілді. Қысқа мерзім ішінде Тәуелсіз Республикамыз Кеңес империясынан мұра болып қалған көптеген өткір де өзекті мәселелердің шешімін тауып, саяси, экономикалық және әлеуметтік—мәдени салаларға да реформалар жүргізілді. Қазіргі таңдағы әлемдік қауымдастықты шарпыған жаһандық мәселелер елімізді де айналып өтпесі анық. Осы орайда Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің «Қазақстан 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміз бен өңіріміз үшін он негізгі сын-қатерді бөліп көрсеткен болатын.Елбасымыз осы он қатерді көрсете отырып, жаһандану жағдайында рухани құндылықтардың маңызы туралы: «Біз мемлекеттілігіміздің рухани мәселелер экономикалық, материалдық мәселелерден ешбір кем бағаланбайтын даму кезеңіне келіп отырмыз. 2050 жылғы Қазақстан прогрессивті идеалдар қоғамы болуға тиіс», – деп шегелеп көрсетті. Қазақ зерттеушілерінің қазіргі алдында тұрған міндет те жаһанданудың тәуелсіз мемлекетімізге әсері, оның экономикалық және саяси қауіпсіздігі, халықтың этномәдени дәстүріне жағымды және жағымсыз әсерлерін мұқият талдау болып табылады.
Адамзат баласы рухани тығырыққа тіреліп, әлемдік қауымдастық жаңа қатерлермен бетпе-бет келіп, дінаралық, ұлтаралық қатынастардың маңызы артқан тұста, халықты идеялық тұрғыда біріктіретін, басталған реформаларды ары қарай табысты түрде жүргізетін, қазақ халқының ұлттық құндылықтарын сақтап қалатын идеяларға қажеттілік артып отыр. Тарихта өткен талай мемлекеттердің түбіне жеткен зобалаңнан аман қалып, өзіндік ерекшеліктерге ие дәстүрді сол жаһанданудың алапат дауылына ептілікпен қарсы қоя білу – біздің мемлекетіміздің мәңгілігінің кепілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет