Үш тұғырлы тіл–ұлттың келешегі «Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз»



Дата25.12.2022
өлшемі20,41 Kb.
#164376
Байланысты:
баяндама үш тұғырлы тіл
ата аналарға кеңес балабақша, Сабаққа өзіндік талдау

Үш тұғырлы тіл–ұлттың келешегі


«Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз... Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз»
Н.Ә.Назарбаев


Қазақстанда бір ғана тұғырлы тіл бар, ол мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Тұғыр сөзі діңгек, қазық деген мағынада қолданылады. Бір шаңырақты көтеру үшін үш діңгек керек емес. Бір діңгекпен көтерген шаңырақтың жан-жағынан уықтар қадалып, оның беріктігін қамтамасыз етеді. Біздің алтын діңгегіміз, тұғырымыз – қазақ тілі, ал жан-жағынан өзге тілдер мемлекеттік тілді қолдап уық секілді қадалады.
Елбасы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауын қай істі болса да өнер деп білген, өмір жолын еңбек жол деп сүйген, Отан үшін жалынға шарпылып, отқа күйген ел перзенттеріне жолдады.Замана талқысына көнбейтін, талап пен талантын жегіп, терін төгіп, құлашын кең сермейтін, батыр да батыл өр адамына айтады. Қате басқан жері болса, қайталап түзеп, өз мінін өзі мінеп, сүрінсе мұқалмай, бір тізерлей тұрып,қайта түлеп, озық кеткен қатарына жетіп, одан әрі өтетін озат ұл-қызына айтады. Мәңгілік Елдің тамыры ұлт тарихында, ұлттың тілі мен ділінде. Халыққа біртұтас идея, алға жұмылдыратын бағыт, мақсат-мұрат-«Мәңгілік Ел»ұлттық идеясы. Қазақ тілі-елдің қазынасы.Қазақ тілінің шырыны-бабалар өсиеті.«Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз». «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде.
Тіл-халықтың ең негізгі байлығы. Қазір заман талабына сай үш тұғырлы тіл саясатын бәрімізде қолдаймыз.
Тіл білу – байлық. Әсіресе, өркениетті еліміздің дамуына үлес қосқымыз келсе, көп тілді игерген азаматтарға қарап қуанатынымыз да белгілі.
Үштұғырлы тіл өмірдің қажеттілігі. Бұл бүгінгі елдің тыныс-тіршілігін айқындайды және жалпыға ортақ қалыпты норма болып саналады. Үш тілді қатар меңгеру бәсекеге қабілетті ел азаматының міндеті. Қазақстанның білікті, білімді әр азаматын ғаламдық ақпараттар мен инновациялық ағынына ілесу ағылшын тілін үйренуге жетелейді. Бүгінгі білім беру жүйесі модернизацияланған заманда көп тілді меңгертуге аса назар аударылып, жан-жақты жол ашылған жүйе.
«Келешекке кемел біліммен»,-деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұстаным еткендей, келшекке терең біліммен қадам басып, әлемдік білім кеңістігінің құпияларына үңіліп, қоғамға бейім, өз қабілетін таныта алатын, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген құзіретті тұлғаны қалыптастыру басты мақсаттардың бірі.Елбасының үштұғырлы саясаты аясында шетел тілін үйрену, оның қолданыс аясын кеңейту бүгінде кезек күттірмейтін өзекті де келелі мәселелердің бірі болып отыр. Алайда «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»,-дегендей өз тілінде еркін сөйлеп, өз тілін құрметтейтін тұлғаны баулысақ, өзге тілді қадірлейтін тұлғаны баулитынымызға көз жеткіземіз. Сондықтан да «Мемлекеттік тілді үйрету балабақшадан басталуы тиіс. Бұл - заман талабы»,- деген елбасының қағидасына сүйене отырып, қазіргі таңда балабақшадан бастап мектеп табалдырығын аттаған сәттен ана тілін меңгертуге, сауаттылыққа күш салынуда. Осы орайда ауыр жүк артылып отырған мұғалімдер мен тәрбиеші-ұстаздардың бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеудегі еңбегі зор. 
Бұл бәсекеге қабілеттілікке ұмтылудың ең алғашқы сатысы болып саналады. Өйткені қазіргі уақытта бірнеше тілді меңгерген азаматтардың қай ортада жұмыс істесе де жолы ашық. Мемлекеттік тіл мемлекет өмірінің барлық саласында «бүкіл қоғамымызды біріктіруші» қызметін, орыс тілі ұлтаралық қатым-қатынас тілі, ал ағылшын тілі әлемдік экономикаға, әлемдік қауымдастыққа кірігуімізге қызмет етуде.
Қазақстанда тіл үйрену мәселесі ерекше маңызға ие. Тілдерді оқыту орталығында оқитын тыңдаушылар бұл тілдің тек қана бір қатынас құралы ғана емес, ол сол халықтың тарихы, мәдениеті, өмір салт­-дәстүрін, толық болмысы мен бет-бейнесін көрсететінін ұғына отырып, оқу үрдісінде аталған жайлар туралы пікірлерін жиі ортаға салып отырады.
Біздің орталықта оқитын өзге ұлт өкілдері қазақ тілін үйренумен қатар салт-дәстүрін де біршама меңгерді деуге болады. Қазір кез келген орталықта оқитын тыңдаушыдан қазақ халқының салт-дәстүрі туралы сұрасаңыз, қиналмай-ақ өз білгендерін қазақша атауымен айтып береді. Өз ана тіліңді қадірлемей, ел-жұртыңды сүйе алмайсың. Әр азамат ана тілінің бай қорын игерумен бірге орыс, ағылшын тілдерінің де асыл қазынасынан сусындап, оны іске асыра білгені де жөн. Елбасы өз Жолдауында: «Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз... Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз... Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады...» дегені көпке белгілі. Сонымен қатар «Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек. Орыс тілін білу – біздің ұлтымыздың тарихи артықшылығы екені баршаға белгілі... Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек деген болатын. Қазіргі әлемнің осы «лингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады» деп, қазақ тілі және тілдердің үштұғырлы мәселесіне кеңінен тоқталды.
Біз өз елімізде өз ана тілімізде, қазақ тілінде сөйлеуге міндеттіміз. Өйткені, тіл – біздің қазақтығымыздың кепілі. Мемлекетіміздің мызғымас нышаны. Мемлекеттік тілге деген көзқарас өзгермей, ештеңе де өзгермейді. Қоғам мен қоғамдық сана өзгерген сайын тіл де өзгеріп отырады. Біздің орталықтың ұжымы заман ағымына сай өздеріне жүктелген міндетті жауапкершілікпен атқаруда.
Әрине, кез келген азаматтың үш тілде сөйлегені дұрыс, үш тілді қатар меңгергеннен, тіл білгеннен ешкім де ұтылмайды.Әлемдік ғаламдандырудың өткізгіші, ғаламдандыру тілі болып танылған ағылшын тілін білу - ағылшын тілді елдермен тиімді байланысқа түскен әлемдік деңгейде өз орнын ойып тұрып ала бастаған Қазақстан үшін қажеттілік.
Қазір тіл үйренушілердің барлығы дерлік орыс тілін,қазақ тілін жақсы меңгерген. Сондықтан да тілдердің үштұғырлығының бір ұшы мемлекеттік тіл – қазақ тілін меңгеру болғандықтан жұмыстың басым бөлігі қазақ тілін меңгеруге бағытталып отыр. Біздің негізгі мақсатымыз - Қазақстанда тұратын барша азаматтың қазақ тілін меңгеруі. Бұған барлығымыз да үлкен түсіністікпен қараймыз. Ағылшын тілін білу игілікті іс. Қазір атқарылып жатқан қызметтің барлығы Қазақстанның әр азаматы аудармашының көмегінсіз қарым-қатынас жасай алатындай дәрежеге жетсек деген ниет. Бұл бәріміздің де дәрежемізді арттырады.
Бауыржан Момышұлының сөзімен айтқанда «Тіл дегеніміз қай халықтың болмасын кешегі, бүгінгі ғана тағдыры емес, бүрсүгінгі де тағдыры. Қазақ тілі... өткірлігімен, бой балқытып, тамыр шымырлатып жан жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандырып, ұғымына қонымды, жүрегіңе тиімді... қысыл таяң қатал жағдайда қайрап, егеп сөз тапқанға қолқа жоқ дегендейін ерге, елге медет болып адам түгіл, жағдайдың көмейіне құм құйып, аузын аштырмай, үнін шығармай қоятын тіл».
Осы орайда өз іс-тәжірибемізде студенттердің интеллектуалдық қабілетіне түрткі болатын ойын технологиясын қолдана отырып сабақты үш тілде жүргізудің тиімділігі зор екенін айта кетсем артық болмас. Өнімді нәтиже беріп жүрген іскерлік ойындары: Мысалы: «Полиглот», «Кім тапқыр?», «Үздік тілші», «Кел, сайысайық!» сынды тағы басқа ойындарды өткізудің үштілді меңгертудегі маңызы айрықша. Студенттерді ойната отырып, үш тілде жүргізілген сөзжұмбақтар, анаграммалар олардың коммуникативтік құзыреттіліктері мен функционалдық сауаттылықтарын арттыруға негіз болды. Сондай-ақ, ақпараттық технологияны: электрондық оқулықтар, презентациялар, тест т.б түрлері студенттердің пәнге деген қызығушылығын оятып, уақыттарын үнемдеуге, қосымша деректерді тиімді қолдануға түрткі болды. Шығармашылық жұмыстарға жетелейтін тапсырмаларды да студенттер қызыға орындап, еркін аударма жұмыстарын жасауға дағдыланды. Менің айтпақ дегенім Алда тұрған мақсатқа жету үшін талаптану да, тырысу да өз қолымызда. Көп болып қолға алынған іс әрқашан да жүйесін табады. Бір ауыз сөз көкке де көтереді, бір ауыз сөз жерге де кіргізеді. Алдымен қарым-қатынас тілінен бастасақ ештеңеден де ұтылмай ақпарат ағымында үш тілде сөйлей алатынымызға ешкімнің де шүбәсі болмайды. Игілікті істің ерте-кеші жоқ екенін ұмытпай, алдымен қазақ, кейін ағылшын тілін үйренсек құба-құп.
Егер біз Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазақ тілін дұрыс жұмсай білсек, ол қоғамдағы тілге жүктелетін қажеттілігіміз болса өтеуге жарайтын бай тіл. Ұлттық өркендеп, тіліміз өз еліміздегі және халықаралық дәрежедегі позициясын нығайтқан кезде біздің сөздеріміз де өзге тілдерге енетіндігіне, тіліміздің әлемдік ақпарат кеңістігінен өз орнын иеленетіндігіне күмән келтірмеуге болады. Дәл бүгін де қазақ тілінің әлем тілдерінің ешқайсысынан да кем түспейтін, бірнеше ғасырлық даму тарихы бар, ұлттық әдеби тіл деңгейіне дейін дамып жетілген ұлы тіл екендігіне еш күмәніміз жоқ деп білемін. 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1. Назарбаев Н.Ә. (Қазақстан халқына жолдауы). Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. – Астана, 2007
2. Хасанұлы Б. Тілдік қатынас негіздері, 
3. Әбдуәли Т.Үштұғырлы тілден түңілмейік // Жетісу, №31. 2008
4. Тәңірбердіқызы Т. Ағылшын тілі мемлекеттік тілмен бәсекелес емес // Қазақ әдебиеті, №48. 2008
5. Ғабжәлелов Х. // Тасжарған, №18. 2008

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет