Дәріс №1 Пәнге кіріспе



бет12/48
Дата06.02.2022
өлшемі369,27 Kb.
#81395
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   48
Байланысты:
Дәріс Тарих

Дәріс № 4,2
1.Қазақ АКСР-ның одақтас республикаға айналуы. 
2.Сталиндік «үлкен» қуғын-сүргін, оның ауқымы мен ауыр салдарлары.
3.Саяси сенімсіздік пен жекеленген халықтарды Қазақстанға еріксіз қоныс аудару – ұлттық намысты қорлаудың нақты мысалы. 
4. Фашистерден отанды қорғау соғысының басталуы.


1. 1920 ж. 26 тамызда құрылып алғашқы кезде Қырғыз АКСР-і деп аталған, РКФСРқұрамына кірген Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы - бұрынғы КСРО құрамында болған одақтас республикалардың бірі болып 1936 ж. 5 желтоқсанда одақтас республикаға айналды. КСРО-ның Азиялық бөлігінің оңтүстік-батысында орналасты, солтүстігінде РКФСР-мен, оңтүстігінде Түрікмен КСР-мен, Өзбек КСР-мен және Қырғыз КСР-мен, шығысында Қытаймен шектесті, батысында Каспий теңізі. Қазақ КСР-ы — жер көлемі жағынан РКФСР-ден кейінгі екінші, халқының саны жағынан РКФСР мен Украинадан кейінгі үшінші одақтас республика болды. 
Елдегі қуғын-сүргін мен қорқыныш күш алып тұрған жағдайда КСРО жаңа Конституциясының жобасы талқыланып, 1936 жылы 5 желтоқсанда қабылданды. Конституция елде социализм орнағанын жария етті. КСРО жаңа Конституциясы одақтас республикалар санын көбейту мүмкіндігін арттырды. Соған сәйкес Закавказ республикасы таратылды. Азербайжан, Армян, Грузин республикалары енді КСРО құрамына тікелей енді. Қазақ және Қырғыз автономиялық республикалары одақтас республикаларға айналды. Қазақ республикасының мәртебесінің өзгеруіне байланысты жаңа Конституция жасау қажет болды. 1937 жылы 3 ақпанда жаңа Конституция жобасын ҚазОАК-нің Президиумы қолдады. 1937 жылы 21—26 наурызда Алматыда Қазақстан кеңестерінің X съезі өтті. 1937 жылы 26 наурызда съезд ҚазақКСР-ның Конституциясын бекітті. Мемлекеттік биліктің ең жоғарғы органы төрт жылға сайланатын Қазақ КСР Жоғары Кеңесі болды. Жоғарғы Кеңес өзінің Президиумын сайлады және республика үкіметі — Халық Комиссарлар Кеңесін (ХКК) құрды. Конституцияда республика аумағының тұтастығы негізделді. Қазақ КСР-ның әрбір азаматы КСРО азаматы болып табылды.


2. Кеңес мемлектінің жазалауға арналған жүйесінің тарихындағы, осы уақытқа дейін лайықты түрде зерттелмеген қасіретті парағын КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің 1930 жылғы 7 сәуірдегі «Еңбекпен түзеу лагерьлері туралы» ережені бекіту жөніндегі қаулысы ашады. Осы қаулыны қабылдау әміршілдік-төрешілдік басқару әдістерін бекітумен, соның ішінде елдің қоғамдық-саяси және халық шаруашылығы тыныс-тіршілігінің барлық салаларында қисынсыз қуғын-сүргін тетігін кеңінен пайдаланумен сабақтасады. 1922 жылы КСРО ХКК жанынан біртұтас қоғамдық орган-Біріккен мемлекеттік саяси басқарма (БМСБ-ОГПУ) құрылды.
ОГПУ-дың тікелей күш-жігерімен Соловецкий лагері, ГУЛАГ-тың (Лагерьлер Бас басқармасы) болашақ бөлімшелерінің үлгісі құрылған еді.
Лагерді Солтүстікте, Оралда, Қиыр Шығыс пен Орта Азияда ұйымдастыру көзделді. 1930-1930 жылдар арасында бірқатар лагерьлер, Беломор-Балтық (канал құрылысы), Темниковский (ағаш дайындау), Қарағанды (ауыл шаруашылығы өндірісі), Вишерский (ағаш дайындау және целлюлоз-қағаз комбинатын салумен) және Қиыр Шығыс лагерьлері ұйымдастырылды. Олардың әрқайсысы нақты шаруашылық міндетті шешу үшін құрылды. Кейінгі жылдары Дмитровский, Сібір, Дальстрой, Свирский және т.б. лагерьлер қосылды. Жалпы еңбекпен түзеу Бас басқармасы мен НКВД (КСРО ІІМ) колониялары кезінде Кеңес Одағында 63 лагерь болды, онда қамалғандардың саны 2 199 535 адамға дейін жетті.
Кең ауқымдағы өнеркәсіп құрылысы, соғыстан бұрынғы жылдарда табиғи байлықтар мен жаңа кен орындарын игеру арзан жұмыс күшін ұлғайтуды қажет етті. Тоталитарлық режимнің жазалау саясатының күшеюіне байланысты Солтүстікте, Оралда, Қиыр Шығыста, Сібірде, Орта Азияда және КСРО-ның басқа да аймақтарында еңбекпен түзеу лагерьлерінің желісі кеңейді. Егер 1940 жылы КСРО НКВД Лагерьлерінің Бас басқармасы (ГУЛАГ) 53 лагерьді қамтыса, ал 1947 жылы оның саны-56, 1954-61-ге жетті. Қамалғандардың саны да арта түсті: 1939 жылы-179 мың, 1940 жылы-1 млн 344,4 мың, 1950 жылы-1 млн 416,3 мың, 1953 жылы-1 млн 727,9 мың адам болды. Әрі қылмыстық кодекстің 58-бабы бойынша сотталған тұтқындардың саны 15-тен 20 пайызға дейін ауытқып отырды.
Қазақстан аумағында 1931 жылы Қарағанды лагері (Карлаг) болды. Әр жылдары саяси айыппен қуғындалған мыңдаған тұтқындар ГУЛАГ-тың осы алып лагері арқылы өтті. Қазақстан аумағында бұдан басқа Степной, Песчаный, Луговой, Дальний деп аталатын лагерьлер де жұмыс істеді. Ақмола облысының аумағында АЛЖИР-Отанын сатқан опасыздар әйелдерінің Ақмола лагері ашылды. Аталғандардың арасында КСРО НКВД Қарағанды еңбекпен түзеу лагері (Карлаг) маңызды орын алды. Карлаг басқармасы НКВД лагерінің Бас басқармасына ғана бағынатын еді және оның құрамы Әкімшілік шаруашылық; есепке алу-бөлу; бақылау-жоспарлау; мәдени-тәрбие; кадрлар жабдықтау, сауда, қаржы, көлік бөлімдерінен тұрды.
АЛЖИР лагері 30 мың га жерді Есіл мен Нұра өзендерінің аралығын алып жатты. Су шыққанға дейін 40 метрге дейінгі тереңдікте шурфтарды бұрғылау керек болатын. Лагерьде ер кісілер жоқтың қасы еді, сондықтан барлық ауыртпалық тұтқын әйелдердің иығына түсті.
1920-жылдардың аяғы мен 30-жылдары әкімшіл-әміршіл большевиктік тәртіп қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласында үстем болды. Әсіресе, Қазақстанда бұл тәртіптің өте ұсқынсыз, қатыгез формалары ұжымдастыру мен 1937-1938 жылдардағы саяси репрессия кезеңдерінде күш алды. Кеңес үкіметі, яғни халықтың үкіметі, сол халықтың өзіне қарсы қуғын-сүргінді ұйымдастырып, жазықсыз ату-асу жазаларын қолданды. Елде большевиктер басшылығымен халыққа қарсы жаппай "үлкен террор" ұйымдастырылды.
1937—1938 жылдары қазақстандықтардың 44 мыңы түрмелерге түсіп, 22 мыңы атылды десе, басқа деректер 1930—50 жылдары 100 мыңнан астам адам репрессияға ұшырады, оның ішінде 20 мыңнан астамы атылғанын айтады.
Отызыншы жылдардан қалыптаса бастаған әкімшілдік-әміршілдік жүйе, ел өмірінде жүзеге асырылған өзгерістер кезінде жіберілген бұрмалаушылық мен қателіктер бұл қарсыластарды, оппозицияны туғызбай қоймады. Бұл Сталиннің жеке билігіне қауіп төндірді. Ол құтылудың жолын іздеді. Осы жылдары И.В.Сталин Кеңес Одағы социализмге қарай ілгерілеген сайын тап күресі күшейе берді деген қағида ұсынды. Бұл жаппай репрессияға алып келді.Қасіретті қуғындардың екінші кезеңі 1937 жылы басталды. Бұл жылы «халық жауы» деген айып тағылып Т.Рысқұлов, С.Қожанов, О.Жандосов, ақын – жазушылардан С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгүров, тағы басқа ғылым мен мәдениеттің, өнердің көптеген өкілдарі ұсталды. Сол жылы Қазақстан бойынша 106 мың адам НКВД-ның қанды шеңгеліне ілігіп, оның 22 мыңы атылып кетті.


3. 1936 жылы КСРО ХКК құпия қаулыларының негізінде Батыс Украинадан Қазақ АКСР- не 15 мың поляк және неміс шаруашылықтарын көшіріп-қоныстандыру басталды. Олардың көп бөлігі Солтүстік Қазақстанға, қалғаны Оңтүстік Қазақстан облыстарына орналастырылды. Ресейдің ішкі аудандарынан, Украинадан, Белоруссия мен басқа республикалардан арнайы коныс аударылғандардың жалпы саны 1936 жылға қарай 360 мың адамға жетті.
Еділ өңірі немістерін Сібірге депортациялау идеясы 1915 жылы туса да, оны жүзеге асыруда көптеген кедергілер кездесті. Ал 1937—1938 жылдары немістердің ұлттық мәселесі қайта жандана бастады. Патша жүзеге асыра алмаған идеяны қолға алуға ыңғайлы кезең туғандай еді. Қазақстандағы «Кіші Қазан» науканы кезінде босап қалған жерлерге корейлерді, финдер мен поляктарды орналастырғаннан кейін кезек немістерге де келді.
Соғыстың алдында Қазақстан аумағына тағы да поляк ұлты өкілдерінің екінші толқыны көшіріліп әкелінді. 1939—1940 жылдары Гитлер армиясының Полынаға басып кіруіне байланысты Батыс Украина, Белоруссиядағы поляктар қосымша кашып келе бастады. 1940—1941 жылдары поляктардың осы бөлігі Қазақстанға қоныстандырылды. Дегенмен 1936 жылғы көшірілгендер мен 1940—1941 жылдары көшірілген поляк азаматтарының құқық жағынан айырмашылықтары болды. Соңғы келгендер «поляк осадниктері мен босқындары» ретінде өмір сүрді. Кеңес үкіметі КСРО аумағына келген поляктардан армия құрып, гитлерлік Германияға қарсы қою жағын да ойластырған еді. 
Тоталитарлық тәртіптің құрсауына алғашқылардың бірі болып қиыршығыстық корейлер ілікті. Олардың кейбір белсенді бөлігін 1935—1936 жылдары күштеп әкімшілік қоныс аудару басталды. Жалпы, жаппай көшіріп-қоныстандыру екі кезеңнен түрды. Оның алғашқысы 1937 жылдың күзінен 1938 жылдың көктеміне дейін созылды. жылдың қыркүйек айының соңынан бастап алғашқы эшелондармен бірге Қазақстандағы корейлердің тарихы басталды. Жапон «шпионы» деп жала жабылған корейліктерді қазақтар жанашырлықпен қарсы алып, олардың аянышты халдеріне түсіністікпен қарады, құшағын жайып қарсы алып, қиын жағдайда қол ұшын беруден тайынған жоқ.
1938 жылдың көктемінде корейлерді көшірудің екінші кезеңі басталды. Енді олар тұрақты мекендерге орналастырылды. Негізгі бөлігі жойылып кеткен кеңшарлар мен игерілмеген жерлерге орналасқандықтан, тұрғын үй, жұмыспен, еңбек құралдарымен қамту жағы жетіспеді. Жаппай күшпен қоныс аудару корей халқын өзінің тарихи отаны — Кореядан көп жылдарға қатынасын үзіп, білім, тіл, мәдениет саласында орны толмайтын шығынға үшыратты. 1938 жылы 1 қыркүйекте барлық корей тіліндегі мектептер, Қазақстандағы педагогикалық училище, 1939 жылы Қызылордадағы корей педагогикалық институты жабылды, корей тіліндегі оқулықтар жойылды.70 корей ұжымшарлары республиканың 8 облысында — Қызылордада, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстанда орналасты. Олар балық кәсіпшілігімен жөне ауыл шаруашылығымен айналысты.
КСРО-ның ұлт саясатында 30-жылдардағы қуғын-сүргінге иран ұлты да ілікті. Түрікменстан, Әзірбайжан, Грузия және Армения аудандарында тұрып жатқан ирандықтар 1938 жылы қазан—қараша айларында Алматы, Оңтүстік Қазақстан облысына көшірілді. Кеңес азаматтығын алған 6 мың адам арнаулы қаулы негізінде 1710 шаруашылық (отбасы) Оңтүстік Қазақстан облысы аудандарына, 300 шаруашылық Алматы облысы аудандарына орналастырылды.
Күрділердің Қазақстанға депортациясы да соғыска дейінгі кезеңнен басталады. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Кавказ өңіріндегі күрділердің аз бөлігі Ресей империясының қол астына карады. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін Әзірбайжан қүрамында 1923жылы Күрдістан автономиялы республикасы құрылғандығы белгілі. Алайда 1936 жылы күрділердің ғасырлар бойғы арманы аяқ асты етіліп, өздері «сенімсіз халықтар» қатарына жатқызылды. 1937 жылдан бастап ешбір негізсіз 7,3 мың күрділер Армения, Әзірбайжан аумағынан көшіріліп, Орталық Азия мен Қазақстанға қоныстандырылды. Күрділердің озық ойлы демократиялық бөлігі түтқындалып, ату жазасына бұйырылды. Күрділерді көшірмес бұрын олардың дүние-мүлкі, малдары тәркіленіп алынды. Өздері НКВД-ның катаң бақылауында жүк вагондарымен әкелініп, облыс пен аудандарға бөліп орналастырылды.


4. 1941 жылы маусым айының 22-де Германия бастаған соғысы барлық Кеңес халықтар сияқты Қазақстандықтардыңда тыныштығын бүзды. Соғыстың бірінші күнінен Қазақстанда әскери бөлімдер құрыла бастады. Алғашқылардан болып Панфилов қолбасшылығындағы 316-атқыштар дивизиясы құрылды. Республикада барлық сала әскери жолға қайта құрылды. Ол кездегі негізгі үран: «Барлығы жеңіс үшін, барлығы майдан үшін» болды.
Қазақстандықтар Москва маңындағы шайқастарда ерлікпен соғысты. Сталинград, Курск шайқастарында қазақстандықтар ерлікпен соғысты. Днепр маңындағы шайқаста 123 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының батыры атағын алды.
Қазақстандықтар партизан қозғалысына белсена қатысты. Украина мен Белорусь партизан отрядтарында 3000 –дан ортық қазақстандықтар болған. Берлин үшін болған соғыста, Рейхстагқа жеңіс туын тігуге лейтенант Қошқарбаевтың взводы, басқада қазақстандықтар қатысқан. Европа антифашистік қозғалыстарында және Берлин үшін болған қырғын шайқаста қатысқан 150 қазақстандықтар Кеңес Одағының батыры атағын алды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында майданға 1 млн. 200 мың қазақстандықтар шақырылған. Қазақстанда жасақталған әскери бөлімшелердың ішінен неғұрлым жақсы соғысқан 5 құрама гвардияшіл деген құрметті атақ алды. Көрсеткен ерлігі үшін 500-дей қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олардың ішінде қазақ халқының данқты қыздары Мәншүк Мәмедова, Әлия Молдағұловалар, екі рет Кеңес Одағы Батыры болған Т.Ж.Бигельдинов, С.Луганский, Н. Беда, И. Павлов және атақты командир, Кеңес Одағы Батыры атағы ең соғы болып 1990 жылы берілген Бауыржан Момышұлы болды. Майдандағы ерлігі үшін 97 мың қазақстандықтар ордендермен, медалдармен марапатталды.
ҰОС-ы майдандарын және мемлекеттің орталық аудандарын қамтамасыз етуде қазақстандықтар өз үлесін қосты.
КСРО-нің батыс аймақтарын, соның ішінде бірқатар астық өндіретін аудандарын немістер басып алған жағдайда Қазақстан елдің астықты аудандарының біріне айналды. 1942 жылда Қазақстаннің егіс алаңы 1940 жылдағыдан 1 мпн. гектарға артты. Ыбрай Жақаев, Шығанақ Берсиев, Ким Ман Сам, Анна Дацкова сыяқты еңбек ерлері шықты.
Республикада соғыстың алғашқы күнінен мемлекет қорғаныс қорына қаржы жинау басталды. Жұмысшылар мен қызметшылар жексенбіліктер ұйымдастырып, тапқан қаржысын қорғаныс қорына аударып отырды. Бұл қорға Қазақстандықтар өз жеке қаржыларынан 1 млрд. сом қаржы жинаған. Республика еңбекшілері «Қазақстан колхозшысы», «Қазақстан комсомолы» т.б. танк бірлеспелерін , самолеттар құруға қаржы фонддарын құрды, оған 723 млн. сом жинаған.
Атақты балуан Қажымұқан Мұнайтпасов өзінің жираған ақсасына әскери самолет дайындатып, майданға жіберген.1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы үшін бұрын-соңды бастан кешкен барлық соғыстардың ішіндегі ең ауыры болды. Соғыс елді біртұтас жауынгерлік лагерьге айналдыруды, бүкіл экономика мен кеңес халқының күш-жігерін майдан мүддесіне, жауды жеңу мақсатына жұмылдруды талап етті. Қазақстан еңбекшілері бұл міндетті толығымен қолдады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет