Дәріс 1 Пәннің міндеті мақсаты, әдістері. Курстың ғылыми – теориялық және методологиялық негізі



бет3/14
Дата07.02.2022
өлшемі206,5 Kb.
#86246
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
daris bm innovatsiya

Бихеовиористік жақындық. Бихеовиоризм ағылшынның Веһоуіог (поведение,) сөзінен аударғанда мінез-құлық деген мағынаны білдіреді. Бихеовиористер үшін мінез-құлық бақыланатын, сыртқы қоздырғыштарға, яки орта стимулына жауап қайтаратын, белгіленетін реакциялар жиынтығы болып табылады. Мінез-құлық психологтардың тұжырымдамаларына сай «стимул-реакция» арасындағы байланыс жиынтығы.
Тұлға қалыптастыру логикасын психологтар бірнеше сатыдағы шартты рефлекстердің пайда болуына әкеліп сыйдырады. Педагогика бихевиористік жақындық негізінде сырт көзге бақыланатын, белгіленетін оқушы мінез-құлқын мақсаттар арқылы айқындауға болатындығын көрсетеді.
Оқу мақсаттарын бихеовиористік тұрғыдан сипаттау - бұл оқытуды оқшау дағдылар жинағы негізіндс механикалық түрде құру емес. Мінез-құлықпен теңестірілген мақсат қалаулы нәтиженің қолжетімді жобасы болып табылады.
Мақсатты нақтылау барысында «мақсаттың белгілі бір заңдылықпен орналасуы» деген мағынаны білдіретін таксономия үғымы арқылы, американдық психолог ғалым Б.С.Блумның басқаруьшен танымдық, эмоционалдық аймақтағы мақсаттардың категорияларын анықталған. Б.С.Блум ұсынған танымдық аймақтағы алты категориялы мақсаттар барлық интеллектуалдық процесті қамти алады. Аталмыш таксономия құндылығы:

  • мақсаттың нақтылануында;

  • мақсат категорияларына сай логикалық ойдың алгоритмделуінде;

  • білім мазмүныныц мақсатқа сай жіктелуінде;

  • оқушы іс-әрекетінің мақсатқа сай дамуында;

  • әр мақсатқа сай тапсырмалардың саралануында;

  • оқушы білімінің әр мақсат негізінде бағалануында;

  • мұғалім мен оқушының бірлескен қызметіндегі нақтылық пен жариялылыққа қол жеткізуінде;

  • қойылатын бағаның соңғы нәтижені ғана емес, бүкіл процесті қамтуында. Б.С.Блум таксономиясы арқылы: мақсаттық диагностикалылығына;

  • нәтиженің нақтылығына

  • бағаның обьективтілігіне толық қол жеткізуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет