Дәріс 1 Пәннің міндеті мақсаты, әдістері. Курстың ғылыми – теориялық және методологиялық негізі


Дәріс 3 Педагогикалық технологиялар түрі. Оқу – білім беру үрдісінің іс – әрекеті ретінде қарастырылуы



бет4/14
Дата07.02.2022
өлшемі206,5 Kb.
#86246
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
daris bm innovatsiya

Дәріс 3
Педагогикалық технологиялар түрі. Оқу – білім беру үрдісінің іс – әрекеті ретінде қарастырылуы.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген.


Бұл міндеттрді шешу үшін әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәрбиеге, жаңа қарым-қатнасқа өту қажеттігі туындайды. Сондықтан да, әр мұғалім өз әрекетінде қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс тәсілдерді кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипатты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттігінен тауып отыр.
Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп өміріне енгізіліп отыр.
Ал, жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық қаблеттерін арттыруға өз үлесін қосады.
Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асады.
I кезең-оқып үйрену
II кезең- меңгеру
III кезең-өмірге ендіру
IV кезең-дамыту
Жаңа технология мен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет: оқу үрдісін интенсивтенттіруді жаппай қолға алу; оқушылардың сабақтастылығын болдырмау шараларын кешенді қарастыру. Оның ғылыми - әдістемелік, оқыту-әдістемелік ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандарттарымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру тенологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игеруге қол жеткізу, оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу, өйткені оқыту-тәрбиенің негізі.
Сондықтан оқыту да қоғамдық құбылысқа жатады. Оқытуды екі түрлі мағынада қарауға болады. Біріншісі-мектепте және жоғары оқу орындарында апта айтқанда экологиия пәнін оқыту. Екінші- өмірде оқыту, өмірге үйрету. Тәрбиелеу, оқыту егіз ұғым.
Оқыта отырып тәрбиелейміз, тәрбиелей отырып оқытамыз. Оқыту тәрбиеге қарағанда нақтылау. Оқыту үйрету арқылы іске асады. Бұл оқытудың маңызы. Оқыту-тәрбиенің құрамды бөлігі, қайнар көзі жүйелі түрі десек, ауыз толтырып айтарлықтай «Әулие-Ата» университетінің және Тараз Мемлекеттік педагогикалық институтының «Жасыл ел» атты студенттік құрылыс отряды жасаған жас кезіндегі жұмысы табиғаттқа деген сүйіспеншілікті, патриоттық сезімді дамыта түседі. Оқыту арқылы тәрбиенің саналылығын, руханилылығын, әсемділігін, әсерлігін адамгершілікке баулу жолын, еңбекшілігін, т.б. айқындап толықтыруға болады.Оқыту-тәрбиенің интелектуалды түрі.
Оқытудың инновациялық технология бойынша әдістемелік жүйесі, осы мақсатта сапалы нәтижеге жеткізуге мүмкіндік беретін танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнымен тікелей байланысты.
Сондықтан инновациялық әдіс-тәсілдерді оқыту үрдісіне енгізу барысы танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мзмұнын, белгілі деңгейде белсенділігін көздейді. Осы екі үрдістің өзара сапалы нәтижесінде оқушының өз ісіне сенімділігін, жауап кершілік сезімін, шығармашылық қабілеттілігін қалыптастыру мақсатын жүзеге асыруға жағдай туғызатын оқытудың инновациялық негізгі түрлері анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет