6. Пернетақталық модуль – абонент нөмірін, SMS хабарламалар мәтінін теруге арналған стандартты сандық пернетақта.
7. Құрылғының LCD дисплейі (экран) – тікелей көру ақпаратын көрсететін құрал. Негізгі сипаттамалары:
– рұқсат ету қабілеті, яғни ойнатылатын пиксельдердің (нүктелердің) саны. Бұл параметр жоғары болған сайын, сурет анық және сапалы болады.
– ойнатылатын (көрсетілетін) түстердің саны. Түрлі түсті дисплейлері бар ескірген телефондарда бұл мән, негізінен,4096 түсті құрайды. Қазір барлық заманауи смартфондар 16 млн түсті дисплеймен жабдықталған.
8. Сенсорлық экран деректерді енгізу және мобильді құрылғыларды басқару үшін қызмет етеді. Оның мынадай түрлері бар: резисторлы, сыйымды, матрицалы, проекциялықсыйымды, беттік-акустикалық толқындар экраны және инфрақызыл сәулелер торы бар экран.
Мобильді құрылғылардың сызбаларында қолданылатын сенсорлардың негізгі түрлері олардың тиімділігі мен ұзақ мерзімділігіне байланысты алғашқы үш түрі кеңінен қолданылады. Соңғы екі түрі қымбат бағасына және басқару күрделілігіне байланысты өте сирек қолданылады.
9. Қабылдағыш-таратқыш – мобильді GSM сигналын қабылдау және беру құрылғысы. Құрамында көптеген функционалдық элементтер (генераторлар басқарылатын кернеу қабылдағыш және таратқыш, жолақтық сүзгілер, шешуші конденсаторлар, индуктивтілік және т.б.) орналасқан. Қабылдағыш-таратқыштың ақаулығы кезінде телефон мобильді желіге тіркеле алмайды және дисплейде GSM сигналы деңгейінің индикаторы болмайды.
10. Антенна – базалық станция шығаратын энергияны жинақтауға және оны кейіннен қабылдау жолы тізбегіне беруге арналған құрылғы.
Қызықты ақпарат. Бірінші планшетті алғаш рет Samsung компаниясы 1989 жылы жасап шығарған. Оның тек қара-ақ түсті ажырата алатын экраны бар еді және планшеттің
мүмкіндіктері өте төмен болған. Бағасы 3000 долларды құрайтын. Әрине, мұндай бағалы планшет қарапайым халық үшін қолжетімсіз еді. Сондықтан мұндай құрылғының иелері кәсіпкерлер, компания басшылары, ең жоғары буын бухгалтерлері болған.
Әдебиеттер тізімі: Информатика: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстануматематикалық бағытының 11-сыныбына арналған оқулық. /Г.И.Салғараева, Ж.Б.Базаева, А.С.Маханова