Дәріс №1 Тақырыбы: Әкімшілік құқықтың түсінігі,пәні және әдістері. Әкімшілік құқықтың түсінігі және ерекшеліктері


Атқарушы билік органдарының жүйесі



бет15/56
Дата03.12.2022
өлшемі241,68 Kb.
#161072
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   56
Байланысты:
Лекция әкім.құқ

Атқарушы билік органдарының жүйесі
Атқарушы билік органдарының жүйесі деп біріне-бірі бағынышты органдардың өз араларында құзыретін бөлу негізінде олардың арасындағы тік байланыс түсініледі.Қазіргі кезде атқарушы билік органдарының жүйесі мыналардан тұрады:ҚР-ның Үкіметі;ҚР-ның министрліктері;ҚР-ның агенттіктері;ҚР-сы министрліктерінің комитеттері,әкімдіктер;әкімдер;өзге органдар.
Қолданылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.Алматы.Баспа.1995.

  2. 1998 жылғы 27 наурыздағы «Норматитік құқықтық актілер туралы»Қазақстан Республикасының Заңы,№ 213-1, «Құқықтық нормативтік актілер туралы» Қазақстан Республикасының 6 наурыз 2002 жылғы № 298-11 Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР-ның Заңы.

  3. Таранов А.А.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы.Академиялық курс.Алматы.2003.

  4. Братусь С.К.Юридическая ответственность и законность.М,1976.



Дәріс №4
Тақырыбы: Үкімет биліктің жоғарғы атқарушы органы ретінде.
Қазақстан Республикасының Үкіметі – Қазақстан Республикасы мемлекеттік билігінің жоғарғы атқарушы органы. Оның құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен (64-70-баптар), «ҚР-ның Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңмен, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1997 жылғы 24 ақпандағы және 1999 жылғы 6 мамырдағы Конституциялық заңдармен белгіленген.
Үкіметті және ведомстволық бағынышты органдарды ұйымдастыру және олардың қызметі туралы мәселелер әртүрлі мамандардың назарын өзіне аударып келді.Бірақ зерттеулер дәстүрлі проблематикамен шектеліп қана келді.
ҚР-ның Үкіметі – ҚР-да атқарушы биліктің біртұтас жүйесін басқаратын алқалы орган. ҚР-ның Премьер-министрі, оның орынбасарлары, министрлер және Премьер-министр Кеңсесінің басшысы Үкімет мүшелері болып табылады. ҚР-сы Президенті өз қалауы бойынша Үкіметтің құрамына республикалық атқарушы билік органдарының өзге де басшыларын енгізуі мүмкін. ҚР-сы Президенті ҚР-ның Конституциясында қаралған тәртіппен ҚР-ның Премьер-министрін тағайындайды.Қазақстан Республикасының Конституциясы,Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық Заң күші бар “Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы” 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Жарлығы және басқа актілер оның қызметінің құқықтық негізі болып табылады.Оны қызметінен босатуды Премьер-министрдің орнынан түсетіні туралы арызы бойынша немесе ол өз өкілеттіктерін орындай алмайтын жағдайда Президент жүзеге асырады. Премьер-министрдің орнынан түсуін Президенттің қабылдауы немесе оны қызметінен босатуы бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді.
Премьер-министр өзі тағайындалғаннан кейін он күн мерзімде Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Президентке ұсыныс енгізеді. Үкіметтің құрылымын министрліктер және өзге де орталық атқарушы органдар құрайды. Үкіметтің құрамына Үкімет мүшелері Республиканың Премьер-министрі, оның орынбасарлары, министрлер және республиканың өзге де лауазымды адамдары кіреді. Президент Премьер-министрдің ұсынуымен Премьер-министрдің орынбасарлары мен министрлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Жоғарыда аталған Президенттің 2005 жылғы 4 мамырдағы жарлығымен әлеуметтік-экономикалық блок министрлерін олардың кандидатураларын Парламент Мәжілісі мен Сенатының бейіндік комитеттерінде алдын ала талқылағаннан кейін тағайындау тәжірибеге енгізілетін болды.
ҚР-ның Үкіметі атқарушы билік органдарының қызметіне басшылық жасайды және олардың жұмысына бақылау жасауды жүзеге асырады. Республика деңгейіндегі атқарушы билік органдары Үкіметке бағынышты және оның алдында жауап береді.
Республика Үкіметі оның құрамына кірмейтін министрліктердің және басқа орталық атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасауды жүзеге асырады, олардың заңдарды, Республика Президенті мен Үкіметінің актілерін орындауын қамтамасыз етеді. Үкімет министрліктердің және өзге де орталық атқарушы органдар басшыларының ұсынуы бойынша министрліктер мен өзге де атқарушы органдар туралы ережелерді, сондай-ақ олардың аумақтық органдарының және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің штат санының лимиттерін бекітеді; министрліктердің орынбасарларын, Үкімет құрамына енбейтін орталық атқарушы органдардың басшылары мен олардың орынбасарларын, республика ведомстволарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; республиканың министрліктері, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің қолданылуын толық не бір бөлігінде жоюға не тоқтата тұруға құқылы.
Үкімет өзінің құзіретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстарды талдап жасау үшін Үкімет жанындағы комиссиялар, кеңестер мен консультативтік-кеңесші органдар құруға және таратуға құқылы.
Консультативтік-кеңесші органдарды Премьер-министр,оның орынбасарлары,Үкімет мүшелері басқарады. Бұл органдарды шешімдері ұсынымдық сипатта болады. Бұл консультативтік – кеңесші органдар мен Үкіметтің шешімі бойнша құрылатын жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы ҚР-сы Үкіметінің 1999 жылғы 16-наурыздағы қаулысымен бекітілген Нұсқаулықпен реттеледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі өзінің күнделікті қызметінде әр түрлі өкілеттіктерді жүзеге асырады. Оның жалпы өкілетткітерінің ішінде: Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыруды ұйымдастыру; әлеуметтік-экономикалық аядағы реттеу; мемлекеттек бағдарламаларды әзірлеу және оларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету; өзіне берілген заң шығару бастамасы құқығын іске асыру бар.
ҚР-сы Үкіметінің өкілеттіктері еліміздің әлеуметтік-экономикалық өмірінің әр түрлі аяларында неғұрлым айқын көрініс табады.
Мысалы, экономика аясында Үкімет мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларды әзірлейді; әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамудың индикативтік жоспарларын әзірлеп, жүзеге асырады; мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады; мемлекеттік аймақтық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеп, жүзеге асырады; аймақаралық проблемалар мен аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді, т.с.с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет