Дәріс №1 Тақырыбы: Әкімшілік құқықтың түсінігі,пәні және әдістері. Әкімшілік құқықтың түсінігі және ерекшеліктері


Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың әкімшілік-құқықтық кепілдіктері



бет26/56
Дата03.12.2022
өлшемі241,68 Kb.
#161072
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   56
Байланысты:
Лекция әкім.құқ

2. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың әкімшілік-құқықтық кепілдіктері. Бұл атқарушы органдардың (лауазымды адамдардың) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының іске асырылуына байқау жасау туралы, оларды тікелей қорғау туралы, ақырында, оларды бұзған жағдайда әкімшілік-құқықтық санкциялар қолдану туралы іс-әрекеттерді жүзеге асыруы.
Атқарушы органдардың (лауазымдары адамдардың) байқау жасап отыру функциясы өздеріне ведомстволық қарасты (төменгі түрған) органдарда, кәсіпорындар мен мекемелерде, мемлекетгік қызметшілер тараиынан азаматтардың құқықтары қалай жүзеге асырылатынына бақылау жасаудан нақты көрініс табады. Бұл сияқты функцияның басқа түрі олардың арнайы өкілеттіктерінің негізінде ведомстволық қарасты емес обьектілер мен адамдарға қатысты осы сияқты байқау жасауды жүзеге асырудан көрініс табады. Бұл жағдайда қадағалау сипаты бар өкілеттіктер еске алынып отыр.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыру аясындағы байқау жасап отыру (бақылау - қадағалау) өкілеттіктері белгілі бір көлемде барлық атқарушы билік органдарына, жалпы қүзыреті барға да, сондай-ақ салалық және салааралық қүзыреті барларга да берілген. Сонымен бірге белгілі бір жалпы міндетті болып табылатын ережелердің, мысалы, санитарлық -гигиениалық, табиғат қорғау, өрт қауіпсіздігі, т.с.с. орындалуына байқау жасауды жүзеге асыратьщ арнайы қадағалау органдары бар. Бұл орайда олар қоғамдық қатынастардың тиісті салаларындағы азаматтардың құқықтарының іс жүзінде қалай қамтамасыз етілетінін бақылап отырады.
Атқарушы органдардың (лауазымды адамдардың) азаматтардың құқықтарын тікелей қорғауы олардың заңдық биліктік құралдардың жеткілікті түрдегі кең көлемін іс жүзінде пайдалануын болжайды. Оларға мыналарды жатқызуға болады:

  1. азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзатын басқа-рудың құқықтық актілерінің қолданылуын тоқтата тұру. Мысалы, ҚР-ның Президенті Үкіметтің және облыстар, республикалық маңызы бар қала мен республика астанасы әкімдері актілерін не толық немесе ішінара тоқтата түрады.

  2. егер кәсіпорындар мен мекемелердің жағдайы азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп туғызатын болса, онда олардың жұмысын тоқтата тұру (мысалы, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, еңбек қорғау саласындағы мемлекеттік қадағалау органдары, т.б.);

  3. азаматтардың құқықтарын бұзатын басқарудың заңсыз актілерінің күшін жою, ҚР-ның Үкіметі орталық және жергілікті атқарушы билік органдарының, ал ҚР-ның Президенті - Үкіметтің осы сияқты актілерінің, т.б. күшін жоюға қүқылы.

Бұл өкілеттіктерде, атап айтар болсақ, мынадай конституциялық қағида айқьш көрініс тапқан: азаматгардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілер ресми түрдежарияланбаса қолдануғажатаайды. Әрине, егер олармен азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері бұзылатын болса, онда тіпті де қолданылуы мүмкін емес деп айтуға негіз бар.
Азаматтардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыру жөнінде сот билігі және прокуратура органдары маңызды рөл атқарады. Мысалы, жалпы юрисдикциялық соттарға басқару актілерінің күшін жою жөнінде өкілеттік берілген. ҚР-ның Конституциялық Кеңесі бұл сияқты актілерді конституцияға сәйкес емес деп тани алады, бұл олардың заңдық күшін жоюға әкеп соқтырады.
Прокуратура органдары азаматтардың құқықтарын бұзатын басқарудың құқықтық актілеріне наразылық келтіреді. Сөйтіп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттік қорғау кепілдендіріледі. Ең соңында, мынаны да айтпасқа болмайды, азаматтарға мемлекеттік - басқару аясында өздерінің құқықтарын өз құралдарымен қорғау жөнінде заңдық мүмкіндік берілген. Әрине, азаматтардың өздерінің құқықтары мен занды мүдделеріне қысым жасайтын құқықтық актілердің күшін жою немесе тоқтатып қою туралы өкілеттіктері жоқ. Бірақ олар бұл сияқты актілерге шағым беру арқылы өздерінің құқығын қорғаудың мемлекеттік механизмін іске қоса алады.
Азаматтардың құқықтары мен занды мүдделерін қорғаудың құралы ретінде әкімшілік - құқықгық санкцияларды қолдану мынадан көрініс табады, ол атқарушы органдардың, сол сияқты өзге де өкілетті мемлекеттік органдардың өздерінің байқау жасау мен қорғаушылық кепілдіктерін пайдаланудың нәтижесі болып табылады. Әрине, жаудпкершілік дәлме - дәл мағынасында адамның қандай да бір субъективтік құқығын сақтай алмайды. Дегенмен де оның заңдық маңыздылығы күмән туғызбайды, өйткені азаматгардың субьективтік құқықтарын бұзатын өздерінің іс-әрекеттері үшін жауапкершілік мүмкіндіктің өзінің үлкен превентивтік (алдын алу) маңызы бар. Оның пайда болу фактісінің өзі заңсыз іс-әрекеттердің нәтижесі болып табылады. Бұл орайда, әрине, ең алдымен мемлекеттік -басқарушылық аппараттың лауазымды адамдарының заңдық жауапкершіліктері көзделіп отыр. Аталған адамдардың мүндай жауапкершілігінің негізінен екі түрі қаралған: тәртіптік және әкімшілік. Әрине, лауазымды адамдар қылмыстық әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікте де болады.
Мемлекеттік қызметші өзіне жүктелген қызметтік міндеттерін, олардың ішінде азаматгардың құқықтары мен занды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету де болады, бұзған кезде тәртіптік жауапкершілік пайда болады. Бұл міндетті орындамау немесе ойдағыдай орындамау, қызметшіні лауазымға тағайындауға құқығы бар органның немесе басшының оған тәртіптік жазалар қолдануға әкеп соқтырады.
Лауазымды адамдардың әкімшілік жауапкершілігі басқару тәртібін, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті, табиғатты, халықтың денсаулығын, т.с.с. қорғау аясындағы белгіленген ережелерді сақтамауына байланысты олардың әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін пайда болады. Әрине, заңдық жауапкершіліктің бұл түрінің белгілі бір шегі бар. Мысалы, лауазымды адамдар атқарушы билікті жүзеге асыру аясында қолданылатын, жалпы міндетті болып табылатын сияқты ережелерді бұзғаны үшін жауап береді, өйткені оларды орындауды қамтамасыз ету олардың қызметтік міндеттеріне жатады.
Олардың әкімшілік жауапкершілігі өздерінің іс-әрекеттерімен немесе әрекетсіздігімен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзған жағдайларда пайда болады. Субьектілері лаузымды адамдар болып табылатын бұл сияқты бұзушылықтар қүрамдарының үлкен тобы ӘҚБтК - те қаралған. Мысалы, азаматқа ақпарат беруден бас тарту (84-6.); еңбек туралы заңдарды бұзу (87-6.); лауазымды адамдардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуы (151-6.); лауазымды адамның атқару құжатын жоғалтқандығы үшін 527-6.) т.б. Лауа­зымды адамдар әкімшілік қадағалауды жүзеге асыру жөнінде өкілеттіктер берілген органдардың алдында әкімшілік жауаптылықта болады. Прокурор әкімшілік іс қозғау туралы қаулы шығаруға құқылы.
Заңдық жауакершіліктің аталған түрлерінің жекелік сипаты бар (нақты лаузымды адам жауап береді). Атқарушы органдардың жауапкершілігі қаралмаған.
Атқарушы органдардың (лауазымды адамдардың) заңсыз іс-әрекеттерімен келтірген зиянды азаматгың мемлекеттен өндіріп алуға қүқы бар. Бұл азаматтық-процессуалдық тәртіппен жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет