Дәріс №1 Тақырыбы: Әкімшілік құқықтың түсінігі,пәні және әдістері. Әкімшілік құқықтың түсінігі және ерекшеліктері



бет23/56
Дата03.12.2022
өлшемі241,68 Kb.
#161072
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   56
Байланысты:
Лекция әкім.құқ

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.

  2. Алексеев С.С. Теория права.М.:БЕК.1994.

  3. Қазақ КСР-ның әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі.Алматы:Баспа.2000.

  4. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі.Алматы.1995

  5. «Әкімшілік процедуралар туралы»Қазақстан Республикасының 27 қараша 2000 жылғы № 107-11 Заңы.

  6. Қазақстан Республикасының Конституциясы.Алматы.Баспа.1995.

  7. 1998 жылғы 27 наурыздағы «Норматитік құқықтық актілер туралы»Қазақстан Республикасының Заңы,№ 213-1, «Құқықтық нормативтік актілер туралы» Қазақстан Республикасының 6 наурыз 2002 жылғы № 298-11 Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР-ның Заңы.



Дәріс №7
Тақырыбы: Жеке тұлғалар әкімшілік құқықтың субьектілері ретінде.
Заң әдебиеттерінде басқару аппараттарының мәртебесі мәселесіне баса назар аударылды,ол “мемлекет- азамат” ұғымының тиісті позициясында дәстүрлі баяндау схемасы болды, оның мазмұнына қарасақ - мемлекетте құқық бар, ал азаматта міндет бар.Бірақ бұл дәстүрлі инерция азаматты әкімшілік құқық субъектісі ретінде сипаттайтын теориялық аспектілерді тануға кедергі келтіреді деген мағына бермейді. Бірақ мұндай проблемаларды талдағанда оған жауапты формальді логика шеңберінде шектеліп іздеуге болмайды. Диалектикалық логика дәстүрлеріне сүйеніп біз өндірістік қатынастардың барлық басқа қатынастардың негіздемесі, базисы екендігін ұғынамыз. Бірақ бұл негіздемені адамдар жасайды.
ҚР-сы азаматының әкімшілік-кұқыктық мәртебесі дегеніміз азаматтың мемлекетті басқаруға қатысуын және жариялы әрі жеке мүдделерін кдмтамасыз ететін заңмен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен белгіленген құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі. Бұл азаматтың мәртебесінің көп тұрлерінің (саяси, еңбек, т.б. қатар) бір түрі, оны жүзеге асыру атқарушы билік орган-дарының және олардың лауазымды адамдарының тиісті іс-әрекеттерімен байланысты.
Сонымен бірге Конституция (39-6. 1-т.) адамның және азамат-тың құқықтары мен бостандықтарының ерекше жағдайларда және тек заңмен ғана шектелуі мүмкіндігін бекіткен, әрі тұлғаның құқықтарын шектейтін құқықтық нормалар әдетте әкімшілік-Құқықтық сипатта болады. Мысалы, тұрғын үйге қол сүғылмаушы-лық құқықты «ҚР-ның ішкі істер органдары туралы» 1995 ж-ғы 21-желтоқсаңдағы заңның (11-6.1-т) қылмыскерді іздегенде, егер пәтер-де не тұрғын үйде адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіп туғызатын қылмыс немесе қоғамдық тәртіпті бұзушылық жасалынса, өрт болған және өзге де жағдайларда полиция қызметкерлері шектеулері мүмкін.
Әкімшілік-құқықтық мәртебенің екінші құрамдық бөлігі ҚР-сы азаматының мәртебесі болып саналады. Әрбір азаматтың әкімшілік құқықтың субъектісі ретінде өзінің азаматтық құқықтық мәртебесі бар.
Азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебесін айқындайтын әкімшілік құқықтың нормалары оның мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Бұл бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұру құқығы (Конституция-ның 32-бабы), мемлекет ісін басқаруға қатысу туралы нормалар (33-б), әскери қызмет атқару міндеті (36-6), т.б. Одан кейін - бұл аза-маттың шаруашылық-еңбек қызметіндегі әкімшілік-құқықтық мәртебесін белгілейтін нормалар, мысалы, Республикада жеке меншік, оның ішінде жерге де танылады және ол мемлекеттік меншікпен бірдей қорғалады (6-бап. 1,3-т.), занды тұрде алған қандай да болмасын мүлкін жеке меншігінде үстай алады, сонымен бірге соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды (26-6. 1,3-т), әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заң-ды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалану құқығы (26-6, 4-т), еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп тұрін еркін таңдау құқығы (24-6, 1-т). Ақыр соңында, азаматтың қоғамның мүдделерін қозға-майтын жеке немесе отбасы аясындағы әкімшілік-құқықтық мәртебесін белгілейтін нормалар, олардың ішінде әдебиет, сурет, ғылыми, техникалық шығармашылықтарға құқығы, фамилиясын өзгертуге құқығы.
Жеке адам тұлға, сосын азамат мәртебесін алған кезден бастап оларға әкімшілік-құқықтық мәртебенің үшінші элементі-әлеуметтік қосылады. Ол азаматтың нақты кәсіпкерлік еңбек қызметімен айна-лысу, оқу, Қарулы Күштер қүрамында қызмет атқару, т.б. үшін қажет. Бұл жерде де азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің әлеуметтік элементі ретінде жұмысшының, қызметшінің, оқушы-ның, әскери қызметшінің, зейнеткердің, т.б. құқықтық мәртебесін бөлуге болады.
Азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің төртінші элементін ерекше мәртебе деп атайды, ол азаматтардың өздерінің тек жеке қажеттіктерін қанағаттандыру үшін өзінің қалауымен, жеке ынтасымен иеленетін құқықтар мен міндеттерді қамтиды. Бұл, мысалы, әуесқой аң аулаушылар, әуесқой-жүргізушілер, кәсіби емес - спортшылар, туристер, коллекция жинаушылар, т.б. Олардың барлығы таңдаған ісімен айналысу үшін ресми құжат алады, сонымен бірге әрбір ерекше субъект үшін белгілі бір топ құқықтар мен міндеттер тағайындалған.
Жеке адамның демократиялық құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ олардың міндеттерінің кешенін тек бірғана ресми тұрде жариялау азаматтың құқықтық мәртебесінің проблемасын әлі толығынан шешпейді. Бұл мәртебе күнделікті өмірде іс жүзінде жүзеге асыруды, әрі оның шынайы кепілдіктерін қажет етеді.
Осыған байланысты азаматтардьщ конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөнінде атқарушы биліктің рөлі туралы мәселе қою сөзсіз туады. Бүған барлық қажетті негіздер бар.
Ең алдымен атқарушы биліктің атқаратын қызметін ескере отырып былай деп айтуға болады, мемлекеттік басқару аясы қолданы-лып жүрген заңнамалармен бекітілген адамның құқықтары мен бостандықгарын жүзеге асыру үшін өте үлкен кеңістік болып табылады. Өйткені атқарушы биліктің негізгі функциясы - атқару, яғни заңдардың талаптарын жүзеге асыру.
Сосын, атқарушы биліктің механизмі - мемлекеттік аппараттың күнделікті және қоғамдық өмірдің нағыз өр тұрлі салаларында қызмет атқаратын ең көп санды және тармақтанған бөлігі. Осы себепті нақ осы тиісті атқарушы билік органдарымен (лауазымды адамдармен) және азаматтардьщ арасында көптеген нақты өкімшілік-құқықтық қатынастар қалыптасады, олар азаматтардың субъективтік құқықтарын жүзеге асыру жөнінде жиі туындайды.
Тағы бір маңызды жағдай. Атқарушы биліктің субъектілері мемлекеттік жөне мемлекеттік емес кәсіпорындар мен мекемелердің қызметін реттейді, олардың қүрамында мыңдаған адамдар жұмыс істейді. Тап осы кәсіпорындар мен мекемелерде еңбек, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен тұрмыстық-қажет қызмет көрсету, мәдениет, т.б. салаларында азаматтарға берілген субъективтік құқықтар жүзеге асырылады.
Одан соң, атқарушы билік механизміне арнаулы құқық қорғау органдары кіреді, олардың негізгі міндеттерінің бірі азаматтардьщ конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету үшін әрі бақылау жасау, өрі оларды қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру болып табылады.
Осының бәрі азаматтардың қандай да болмасын құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, егер негізінен болмаса да, едәуір шамада мемлекеттік басқару аясында жүзеге асырылатындығын дәлелдейді. Бұл шындығында да солай. Мысалы, жұмысқа тұру үшін, яғни өзінің еңбек ету құқығын жүзеге асыру үшін, азамат кәсіпорынның, мекеменің әкімшілігіне өтініш жасауға тиіс, ал жүмы-сқа не қызметке алу әкімшіліктің бүйрығымен, яғни басқарушылық актімен рәсімделеді. Азаматтың зейнетақы алуы да оның зейне-тақы тағайындауға өкілетті тиісті атқарушы органдарға өтініш беру керектігін болжайды, т.с.с.
Азаматтардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыру механизмі, сонымен, әдетте, екі міндетті сатыдан тұрады:

  1. азаматтың ерік білдіруінен;

  2. өкілетті атқарушы органның (лауазымды адамның) бұл ерік білдіруге ресми көңіл бөлуінен.

Соңғы саты шешуші рөл атқарады, өйткені бұл орган азаматтың ынтасы бойынша пайда болған мәслелені біржақты зандық биліктік төртіппен шешуге қүқылы.
Әрине, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостан-дықтарын жүзеге асыруда атқарушы билік органдары ерекше рөл атқарады деп түсінуге болмайды. Мемлекеттік биліктік механизмнің өзге буындары (мысалы, сот билігінің субъекілері), сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер де бұл процеске белсенділікпен қатысады. Дегенмен де нақ сол атқарушы органдардың қолында бұл үшін қажетті ұйымдық-құқықтық сипаты бар тетіктер тікелей жинақталған.
Егер конституциялық нормаларда азаматтың жалпы мөртебесі өзінің саяси-заңдық көрінісін табатын болса, онда өкімшілік-құқықтық нормалар, құқықтың өзге салаларының нормалары жеке адамның, мысалы, азаматтық-құқықтық, еңбек жөне өзге қатынастардағы, мәртебесін ресімдеу сияқты, олардың нақты-заңдық мөртебесін бекітеді. Осылай жалпы құқықтық мәртебені нақтылау іске асырылады, ол өзінің көрінісін, мысалы, азаматтың әкімшілік-қүқыіірық мәртебесінен табады. Соңғы конституциялық құқықтар мен бостандықтардың, сондай-ақ азаматтарға мемлекеттік басқару аясында заңдармен жөне заңға төуелді актілермен берілетін және солармен кепілдендірілетін өзге де құқықтардың жиынтығынан куралады.
Сонымен, біріншіден, әкімшілік-құқықтық нормалар қолданы-латын аяда азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостан-дықтары нақтыланып, айқындаладыжөне, екіншіден, бұл нормалар олардың ең елеулі және күнделікті кепілдіктерінің жүйесін қүрайды.
Азаматтардың әкімшілік құқық субъектілігінің жалпы сипаттамасы осы оқулықтың 2-тарауында берілген болатын. Бұл жерде тек мынаны ғана еске салайық. Бұл сияқты құқық субъектілігі деп мемлекеттің танитын азаматтың нақты өкімшілік-құқықтық қатынастардың субъектісі бола алатын, әкімшілік-құқықтық сипаты бар субъективтік міндеттер мен құқықтарды иеленетін жөне іс жүзінде асыра алатын шынайы мүмкіндігі түсініледі. Ол азаматтың туған кезінен бастап пайда болады да, өлгеннен соң тоқтатылады. Азаматтың өкімшілік құқық және әрекет қабілеттіліктің көлемі мен мазмүны өкімшілік құқық нормаларының көмегімен белгіленеді және өзгертіледі. Сонымен бірге құқық қабілеттілікті иеліктен алуға не-месе басқа біреуге беруге болмайды. Өз еркімен одан бас тартудың күші болмайды. Бірақта қолданылып жүрген заңнамаларда қаралған жағдайларда және белгіленген төртіппен ол ішінара немесе уақытша шектелуі мүмкін (мысалы, қылмыс немесе өкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде).
Азаматтардың әкімшілік әрекет қабілеттілігі өздерінің жеке іс-өрекеттерімен мемлекеттік басқару аясында оларға жүктелетін өкімшілік-құқықтық міндеттерді жүзеге асыруды жөне құқықтар иеленуді болжайды. Азаматтардың өкімшілік өрекет қабілеттілігінің пайда болатын кезі біркелкі белгіленбеген (16-18 жас шегінде). Адамды ішінара немесе толығымен әрекет қабілетсіз деп тану мүмкін (психикалық ауру, ақыл-есі кем).
Әкімшілік-құқықтық қатынастарда азаматар әр түрлі ролде болулары мүмкін. Бұл сияқты құқық қатынастар мыналарға:

  1. азаматтардың заң бойынша өздеріне тиісті субъективтік құқықтарын жүзе асырумен;

  2. заңмен оларға жүктелген міндеттерді орындаумен;

  3. азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін атқарушы органдардың (лауазымды адамдардың) бұзуымен;

  4. азаматтардың мемлекеттік басқару аясындағы өздерінің құқықтық міндеттерін бұзуымен байланысты пайда болуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет