Дәріс №1 Тақырыбы: Әкімшілік құқықтың түсінігі,пәні және әдістері. Әкімшілік құқықтың түсінігі және ерекшеліктері



бет21/56
Дата03.12.2022
өлшемі241,68 Kb.
#161072
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   56
Байланысты:
Лекция әкім.құқ
Титулка папка Портфолио, 1489398575381, 1Управление качеством тесты, English, АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ, Е.Қ.Т срс 1 Жәдігерқызы, тарих сессия 30-40, Латын тілі, Философия. лекция., 4 зертханалық жұмыс (1), АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 2 том, ЖУСИП БАЛАСАҒУН ҚҰТТЫ БІЛІК, ҰЛЫ ТҰРАННЫҢ ҰЛДАРЫ, Exploring Public Speaking 430
ҚР-ның агенттіктері. Республика Премьер – министрінің ұсынысы бойынша ҚР-ның Президенті құратын ҚР-ның агенттігі Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган болып табылады.
Агенттік тиісті мемлекеттік басқару саласына (аясына) басшылықты, сондай-ақ заңдарда белгіленген шектерде салаарлық үйлестіруді және өзге де арнайы атқару және рұқсат беру міндеттерін жүзеге асырады. Бұлардың министрліктерден басты айфрмашылығы, біріншіден, олардың Үкіметтің құрамына кірмейтіндігі және, екінщіден, олардың арнайы атқару және рұқсат беру міндеттерін жүзеге асыру болып табылады.
Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
Қазіргі кезде ҚР-сы Президентіне тікелей бағынатын агенттіктерді қоспағанда, «ҚР-ның Жер ресурстарын басқару агенттігі», «ҚР-сы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі», «ҚР-ның Ақпараттандыру және байланыс агенттігі», «ҚР-ның Статистика агенттігі», ҚР-сы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі, «ҚР-сы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі» бар.
Агенттікті ҚР-ның Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады. Төрағаның орынбасарларын да оның ұсынуы бойынша Үкімет қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Агенттіктің құрылымын оның басшысы – төраға бекітеді, ол әдетте, департаменттер мен басқармалардан тұрады. Сонымен бірге агенттіктің төрағасы заңнамаға сәйкес өз құзіреті шегінде агенттіктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді, сондай-ақ ведомствоға қарасты ұйымдардың жарғыларын бекітеді.
Министрліктердегі сияқты, агенттіктер төрағасының жанынан консультациялық-кеңесші орган болып табылатын алқа құрылады. Оның саны мен жеке құрамын агенттіктің төрағасы бекітеді. Агенттік төрағасының бұйрықтары агенттіктің актілері болып табылады.
Орталық атқарушы органның ведомствосы. Республиканың орталық атқарушы органының Комитеті ведомство болып табылады. Ведомстволар министрліктердің құрылымдық бөлімшелері ретінде бекітілгендіктен, комитеттер министрліктердің құрамына кіреді. Ведомствоны тиісті орталық орган басшысының ұсынуымен ҚР-ның Үкіметі құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
ҚР-сы Президентінің «ҚР-ның мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29-қыркүйектегі Жарлығында министрліктердің құрамына кіретін комитеттерге – мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі функциялар, бақылау және қадағалау функциялары бекітілсін делінген. Осыған орай Комитет тиісті министрліктің құзіретінің шегінде мемлекеттік басқару саласына арнайы атқару және бақылау – қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Ведомствоның құрылымы, негізгі міндеті мен құзіреті және басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылының тәртібі әрбір Комитет туралы ҚР-ның Үкіметі бекітетін Ережеде айқындалады. Бұл Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысынындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ ҚР-ның заңнамасына сәйкес ҚР-сы Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдарында шоттары болады. Комитеттің штат санының лимитін ҚР-ның Үкіметі бекітеді және оның қызметін қаржыландыру тек меамлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады.
Ведомствоның – комитеттің аумақтық бөлімшелері болуы мүмкін. Мысалы, ҚР-сы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша заңды тұлғалар болып табылатын аумақтық органдары бар.
Комитетті тиісті министрдің ұсынуы бойынша ҚР-ның Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады. Оның міндеттері мен өкілеттіктері Комитет туралы Ержеде белгіленеді.
Комитет қабылдайтын шешімдер Комитет төрағасының бұйрықтарымен ресімделеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет