Дәріс №1 Тақырыбы: Әкімшілік құқықтың түсінігі,пәні және әдістері. Әкімшілік құқықтың түсінігі және ерекшеліктері


Қазақстан Республикасының Үкіметінің Республика Парламентімен қарым-қатынасы мынадай негізде құрылады



бет18/56
Дата03.12.2022
өлшемі241,68 Kb.
#161072
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   56
Байланысты:
Лекция әкім.құқ
Титулка папка Портфолио, 1489398575381, 1Управление качеством тесты, English, АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ, Е.Қ.Т срс 1 Жәдігерқызы, тарих сессия 30-40, Латын тілі, Философия. лекция., 4 зертханалық жұмыс (1), АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 2 том, ЖУСИП БАЛАСАҒУН ҚҰТТЫ БІЛІК, ҰЛЫ ТҰРАННЫҢ ҰЛДАРЫ, Exploring Public Speaking 430
Қазақстан Республикасының Үкіметінің Республика Парламентімен қарым-қатынасы мынадай негізде құрылады. Үкімет өзінің заң шығару бастамашылығы құқығын пайдалана отырып, заң жобаларын әзірлеп Парламент Мәжілісінің қарауына енгізеді және оның қарауында жатқан заң жобаларына түзетулер ұсынады; заң актісінің жобасын Мәжіліске енгізу туралы шешім Үкіметтің тиісті қаулысын шығару жолымен қабылданады.
ҚР-ның Үкіметі мемлекеттік кірісті қысқартуды немесе мемлекеттік шығысты ұлғайтуды көздейтін заңдардың жобалары жөнінде қорытындылар береді. Бұл сияқты заңдардың жобалары Үкіметтің оң тұжырымы болғанда ғана мәжіліске енгізілуі мүмкін.
Үкімет енгізген заң жобасының қабылданбауына байланысты Премьер-министр Парламент палаталарының бірлескен отырыстарында Үкіметке сенім білдіру туралы мәселе қоюға хақылы. Егер сенімсіздік білдіру туралы ұсыныс Конституциямен белгіленген қажетті дауыс санын ала алмаған ретте, заң жобасы дауысқа салынбай қабылданды деп саналады.
Премьер-министр өзі тағайындалғаннан кейінгі бір ай ішінде Парламентке Үкімет Бағдарламасы туралы баяндама ұсынады, ал ол қабылданбаған жағдайда екі ай ішінде Бағдарлама туралы қайтадан баяндама ұсынады. Бағдарламаны қайтадан қабылдамай тастау Үкіметке сенімсіздік көрсетілгенін білдіреді.
Үкімет мүшелері Парламент палаталарының шақыруы бойынша олардың отырыстарына қатысуға және өз қызметі мәселелері жөнінде есеп беруге міндетті. Республика заңдарын орындамаған жағдайда Констиуцияда (57-б-тың 6-т) белгілеген тәртіппен әр Палата жеке оны қызметтен босату туралы Президентке жүгінуі мүмкін.
Үкімет мүшелерінің Парламент палаталарының, олардың тұрақты комитеттерінің кез келген отырыстарына қатысуға және сөйлеуге құқығы бар.
Үкіметтің Парламентте өкілдік институты бар. Ол Үкіметтің заң шығару бастамасын қамтамасыз етуге міндетті.
Өкілдікке атқарушы өкімет органдарының парламентарилармен бірге өзара іс-қимылын ұйымдастыру қызметі, Үкіметтің қызметі туралы депутаттарға жедел ақпарат беру, Үкіметтің Парламенттің қарауына ұсынатын заң жобалары мен басқа да материалдарын талқылаудың барысына талдау жасау жүктелген.
Үкімет өкілінің Парламенттің тұрақты комитеттерінің кез келген отырыстарына қатысуға және өз сөзін тыңдатуға құқығы бар.
Парламент депутатының Премьер-министр мен Үкімет мүшелеріне сұрау салуға құқығы бар. Депутаттық сұрау салу осы органның немесе лауазымда адамның құзіретіне кіретін мәселелер жөнінде Парламент сессиясында негізделген түсініктеме беруін немесе өз көзқарасын баяндауын ресми срұаған талабы болып табылады.
Өздеріне сұрау салынған лауазымды адамдар Парламент сессиясында ол жөнінде ауызша немесе жазбаша жауап қайтаруға міндетті. Сұрау салуға жазбаша жауап әрі кеткенде бір ай мерзімде табыс етіліп, сессияда жария етіледі. Сұрау салуға қайтарылған жауап пен оны талқылаудың нәтижелері бойынша Парламенттің немесе оның тиісті Палатасының қаулысы қабылданады.
Депутаттардың Премьер-министр мен Үкімет мүшелеріне Палаталардың отырысында ауызша қойған сауалдарына олардың жауаптары осы отырыста немесе үш күн мерзім ішінде қайтарылулары тиіс.
Парламент Палаталарының тұрақты комитеттері лауазымды адамдарды өз отырыстарына шақыруға және комитеттердің құзіретіне жататын мәселелер бойынша оларды тыңдауға құқылы.
Заңнамада Үкіметті отставкаға жіберу және оның өкілеттігін тоқтату институты көзделген.Егер өз өкілеттігі мен функцияларын ары қарай жүзеге асыру мүмкін емес деп санаса,Үкімет Президенттен отставкаға сұрауға құқылы.
Қазақстан Республикасының Президенті отставканы қабылдау немесе қабылдамау жөніндегі мәселені онкүндік мерзім ішінде қарауға тиіс.Үкіметтің немесе оның мүшесінің отставкасын қабылдаған жағдайда оның қызметі тоқтатылады.
Егер Үкіметтің немесе оның мүшесінің отставкасы қабылданбаса,Президент оларға қызметін ары қарай атқаруды тапсырады.Мұндай ереже Үкімет отставкасы Парламенттің оған сенімсіздік вотумын білдіруіне байланысты жарияланғанда да қолданылады.Бұл ретте Президент Үкіметке қызметін ары қарай жалғастыруды тапсырып,Парламентті таратуға құқылы.
Президент өз ынтасымен Үкіметтің өкілеттігін тоқтату жөнінде шешім қабылдауға және оның кез-келген мүшесін қызметтен босатуға құқылы.Премьер-Министрді қызметінен босату түгелдей Үкімет өкілеттігін тоқтату болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет