Жеке адамға және оның құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар. Оларға мысалы мыналар жатады: ұрып-соғу, денсаулығына зиян келтіру, еңбек туралы заңдарды және еңбекті қорғау ережелерін бұзу.
Қоғамдық қауіпсіздікке және халықтың денсаулығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар. Олар, мысалы, заңсыз емдеумен айналысу, санитариялық заңнаманы бұзу.
Меншікке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар. Оларға: жер учаскелерін өз бетімен иелену немесе уақытша иеленген жерді дер кезінде қайтармау, жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу.
Сәулет-құрылыс қызметі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар. Бұлар, мысалы, құрылыс ережелері мен нормаларын бұзу, заңсыз құрылыс салу.
Баспасөз және ақпарат саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар. Бұлар, мысалы: бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдарды бұзу, журналистің заңды қызметін орындауына кедергі жасау.
Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар. Бұларға, мысалы, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысуы және заңсыз кірістер алуы.
Әкімшілік жазалар әкімшілік-мәжбүрлеу шараларының бір түрі болып табылады. Әкімшілік жаза, - делінген Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 44-бабында – осыған заңмен уәкілеттік берілген судья, органдар әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы болып табылады және осындай құқық бұзушылық жасаған адамның осы Кодексте көзделген құқықтары мен бостандықтарынан айыруға немесе оларды шектеуге саяды. Әкімшілік жаза қолданудың мынадай мақсаттары белгіленген: а) әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіру және құқық бұзушылықты жасаған адамды заңдар талаптарын сақтау және құқық тәртібін құрметтеу рухында тәрбиелеу; ә) құқық бұзушының өзінің де, сол сияқты басқа адамдардың да жаңа құқық бұзушылық жасауының алдын алу.
Әкімшілік жазалардың түрлері:
Олардың мынадай түрлері бар: 1)ескерту жасау, 2)әкімшілік айыппұл салу, 3)әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою, 4)әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлікті тәркілеу, 5)арнаулы құқықтан айыру, 6)лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан айыру немесе қызметтің белгілі бір түріне не белгілі бір іс-әрекеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру, 7)жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру не оған тыйым салу, 8)заңсыз салынып жатқан не салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау, 9)әкімшілік қамауға алу, 10)шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды ҚР-ң шегінен әкімшілік жолмен кетіру.
Әкімшілік жазалардың бұл жүйесі бірнеше ерекшеліктермен сипатталады. Біріншіден, бұл жүйе заң жүзінде белгіленген әкімшілік жазалардың жалғыз-ақ тізімі болып табылады, бұл құқық қорғаудың осы құралдарын бірқалыпты түсіну мен қолдануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Екіншіден, ол әкімшілік жазаларды негізгі және қосымша жазалау шараларына бөледі: ескерту, әкімшілік айыппұл салу, әкімшілік қамауға алу тек негізгі жазалар ретінде ғана қолданылуы мүмкін; затты өтемін төлеп алып қою, тәркілеутек қосымша жаза ретінде ғана қолданылады. Үшіншіден, бұл жүйе моральдық сипаты бар жазаны, ақшадай және мүліктей жазаны және бұзушының жеке басына айналатын жазаларды қамтиды.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 538-бабы бұл санаттың істерін қарауға уәкілетті органдардың екі негізгі түрі белгіленген:
мамандандырылған әкімшілік соттардың судьялары
осы кодексте уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары.
Әкімшілік юрисдикцияның салалық органдары үшін тек белгілі бір құқық бұзушылық тобын қарау жөнінде ғана мамандандыру сипатты емес. Олардың әрқайсысы, қағида бойынша , иерархиялық сатысы болып табылады, соның әрбірінде әкімшілік юрисдикция жүзеге асырылады. Жоғары тұрған органның төменгі тұрған органға міндетті түрде орындауға жататын нұсқаулар беруге, әкімшілік құқық бұзушылық туралы нақты істер бойынша олардың қабылдаған шешімдерінің күшін жоюға құқылы.
Салалық әкімшілік юрисдикция органдарының дербес және ең көп тобын ішкі істер органдары, мемлекеттік инспекция органдары және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген басқа органдар құрайды.
Юрисдикциялық органдарға ішкі істер органдары, мемлекеттік өрт сөндіру қызметі органдары, әр түрлі көлік органдары, мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын органдар, салық қызметі органдары, жатады.
Әкімшілік юрисдикция органдарының әр алуан түрлерін сипаттағанда мына жағдайды еске алу керек, барлық юрисдикциялық функцияларды осы органдардың атынан әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік шаралар қолдануға уәкілетті тиісті лауазымды адамдар: Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің Ерекше бөлігінде көзделген; өздеріне берілген өкілеттіктердің шегінде; тек қызметтік міндеттерін атқарған кезде орындайды.Юрисдикциялық органдардың атынан әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайтын лауазымды адамдардың тізбесі Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекспен бекітілген. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілдік берілген лауазымды адамдарға ішкі ведомстволық сипаты бар өкімдік ету өкілеттіктер берілген адамдарды да, сонымен бірге мұндай өкілеттіктері жоқ, бірақ сыртқа бағытталған мемлекеттік-биліктік өкілеттіктері барларды да жатқызуға болады.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс бойынша қаулыға келтірілген шағымды не наразылықты қараған және бұрын белгіленген шешімдердің біреуін қабылдаған мемлекеттік орган осы құжаттың көшірмесін 3 күн ішінде һзіне қатысты шешім шығарылған адамға не өтініш бойынша жәбірленушіге , сондай-ақ қаулы шығарған органға жібереді.
Достарыңызбен бөлісу: |