Дәріс №1 Тақырыбы: Жұқпалы аурулар туралы жалпы түсінік. Инфекциялық қызмет құрылымы. Жұқпалы аурулардың диагностикасы және емі, алдын алу принциптері. Жұқпалы ауруханасының құрылымы, жұмыс тәртібі, науқастарды ауруханаға жатқызу тәртібі



бет50/61
Дата04.10.2023
өлшемі152,04 Kb.
#183681
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   61
Байланысты:
дәріс кешені (аудитория)ЛД,жұқпалы аурулар,20212022ж

АИТВ – қоздырғышы, жұғу жолдары.
АИТВ ауруының қоздырғышы – Адам иммунитет тапшылығының вирусы (ВИЧ) – 1983 жылы анықталды. Бұл вирус жай вирустарға, яғни лентивирус және ретровирус тобына жатады. Вирустың пішіні су асты кемесіне арналған минаға ұқсас, дөңгелек пішінді, бетінде гликопротеинді саңырауқұлақтар жабысқан. Вирус ағзаға енгеннен кейін қанның Т-лимфациттеріне (көмекші) енеді. Т-лимфациттің ядросында 100 000 – нан аса мәлімет, вирустың мәліметінен көп болса да, иммунитет тапшылығы вирусына қарсы тұра алмайды және оның әсерінен бұзылады. Табиғаттағы барлық жасушалардың генетикалық мәліметі ДНК түрінде сақталған, ал ВИЧ-та РНК түрінде сақталған. Арнайы фермент арқылы өзінің РНК-сын ДНК-ға айналдырып, жасушаға еніп, оның ДНК-сын өзіне қабылдап алады. Бұл процесс 12 сағатта орындалады. Осы кезеңде бұл процесс қайтымсыз, өйткені Вирус ДНК-сы Адам иммунитетінің басшылығын өзіне алады. Осы уақыттан бастап Вирус – АИТВ туғызады, милиардтаған қан жасушалары вирустың генетикалық материалын алады. Иммунитет тапшылығының вирусы әлі толық зерттелген жоқ. Өйткені вирус жұқтырған кейбір адамдар ұзақ уақыт сау болады. Вирустың ең жоғарғы қасиеті ол – мутацияға бейім болуы. Қазіргі кезде халық-аралық базада Вирустың 25 мың варианты анықталған. Олар жер шарының әр жерінен анықталған субтиптері. Олар сыртқы ортаға өте төзімді, өзгеріс тек вирустың субтипінің ішінде ғана жүреді. Олар сыртқы ортаға өте төзімді, өзгеріс тек вирустың субтипінің ішінде ғана жүреді. Олар бір-біріне өтпейді. Осыған қарап, Вирустың эволюциясының белгілі бір заңдылықпен жүретінін анықтайды. Вирустың осындай қабілеті вирусқа қарсы вакцина дайындауда кедергі болады. Лабораториялық зерттеулердің нәтижесінде ВИЧ вирус сыртқы ортада ауада бірнеше минут қана өмір сүретіндігі анықталды. Сондықтан вирустың тұрмыс жағдайындағы жұғуы анықталмаған. Вирус шприцта және инеде ұзақ уақыт сақталады. Яғни бірнеше тәулік өмір сүреді. 1940 жылдан бұрын Африканың кейбір жерлерінде иммунитет тапшылығы вирусы адамдарда да, принаттарға да тән болған. Маймылдардан адамға, оларды асырауды, балалар ойнағанда, оның етін падаланғанда жұққан қазіргі кезде вирус ең қауіпті вирустардың бірі болып саналады. Сондықта елге қажетті вакцина және дәрі-дәрмек толық қамтылмаған. Осы аурумен ауырмаудың ең қолайлы жолы – ол аурудың алдын алу болып табылады.
Енді АИТВ – ауруының жұғу жолына келетін болсақ, қазіргі кездегі дәрігерлердің, ғалымдардың шешімімен қабылданған жолдары: ол қан арқылы, жыныс жолы арқылы, және вертикальды, яғни анасынан баласына жұғуы.Аурудың жұғуы жалпы қолданылған құралдар арқылы, ол әсіресе нашақорлар арасындағы бір шприцты қолдану, осыдан біраз жылдар бұры гомосексуалистердің арасында көптеп байқалған. Сонымен бірге АИТВ ауруының қан арқылы жұғуы - қан құйғанда, басқа да медициналық манипуляциялар арқылы жұғуы мүмкін.
Жыныстық қатынас кезінде шәует және қынап бөліністері арқылы да жұғады. Қазіргі кезде аурудың жұғуының жиі кездесетін жолы, осы жыныстық қатынас арқылы болатындықтан көптеген қорғану жолдарын пайдалану керек екендігін атап өту керек.
Енді АИТВ ауруының жұғуының кеңінен таралған жолы ол анасынан баласына, яғни жүктілік кезінде, босану кезеңінде және ана сүтімен қоректендіргенде жұғады. Әлемдік статистика бойынша вирус жұқтырған әйелден туылған 100 баланың, шамамен 30 проценті ауру болып туылған. Оның ішінде 5-11 проценті құрсақта, 15 проценті босану кезінде, 10 проценті ана сүтімен қоректендіргенде жұққан.
Келесі кезекте иммунитет тапшылығы вирусының жұқпайтын жолдары туралы айтсақ:
-Вирус тұрмыстық қатынаста жұқпайды. Бүтін, зақымдалмаған тері вирусқа қарсы табиғи қорғаныш болып табылады.
- Гигиеналық заттары арқылы (киімдер, төсектер, қол орамалдар, арқылы) жұқпайды.
-Қан сорғыш жәндіктер арқылы жұқпайды.
-Сонымен бірге моншада, бассейнде, ванналарда жұқпайды. Өйткені вирус суда өмір сүре алмайды. Көптеген адамдар, вирус жұқтырылған аурулармен сүйісуге, тығыз қарым-қатынаста болуға қорқады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет