Диагностикасы: Диагнозды тек эпидемиологиялық және клиникалық белгілерге қарап қоямыз.
ЕМІ- Науқастың қуаттылығын арттыру үшін жоғары тағаммен тамақтануы керек. Витаминді көп қабылдаған жөн. Сүт көкөніс өнімдерін мол пайдалану керек. Науқасты стационарда емдейміз. Егерде іріңді қабынулар болса онда, науқасты хирургиялық бөлімге ауыстырамыз. Этитропты ем: пенициллин тобының препараттары – бензилпенициллин,, оксациллин, метициллин тағайывндалады. Сонымен бірге антибактериалді – эритромицин, тетрациклин, цефалексин, нитрофуран тобының препараттары тағайындалады. Аутогемотерапия жасауға болады. Физиотерапия жүргізіледі.
Диспансерлік бақылауда 3 айға дейін болады.
Алдын –алу шаралары: адыменен терінің зақымдалудан сақтау керек. Жеке бас гигиенасы, жараға алғашқы өңдеу жасағанда асептика ережелерін қатаң сақтау қажет. Созылмалы стрептококкты ауруларды жою қажет.
Құтыру Құтыру (лат.-rabies, lissa, hydrophobia, нем.-Tollueut, орыс- бешенство, водобоязнь) – бұл вирусты, зоонозды, табиғи ошақты, қоздырғышы жанасу механизмімен берілетін, орталық жүйке жүйесінің энцефаломиелит түрінде зақымдалып ақыры әр қашанда өліммен аяқталатын жұқпалы ауру.
Аурудың маңызы өліммен аяқталуына, кең таралуына және алдын алу шараларының күрделілігіне байланысты.
Этиологиясы. Қоздырғыш бір тінді РНҚ-ды рабдовирус (Rabdoviridae) тұқымдастығына жатады.Вирус адамдарға, жануарларға, құстарға өте патогенді әсер етеді. Вирустың екі варианты бар – жабайы және фикcацияланған. Жабайы (көпшілік деп те аталады) табиғатта жануарлар арасында айналыста болады. “Фиксацияланған” вариантын Л.Пастер лабораториялық жануарларды көп қайтара залалдау нәтижесінде алған. Екі вирус антигендік құрылысы бойынша бір-біріне ұқсас. Ересек вибриондар оқ тәрізді, мөлшері 75х180нм, бір ұшы дөңгеленген, екінші ұшы жалпақ.
Вирус төменгі температураға төзімді, 0,1% сулема ерітіндісіне, 1-2% лизол, 2-3% хлорамин ерітіндісінде активсізденеді. Әдеттегі физикалық, химиялық факторлардың әсерімен оңай жойылады.
Патогенезі:Вирус ағзаға түскеннен кейін, жүйке талшықтары арқылы Орталық жүйке жүйесіне жетеді. Мидың сұр затының жасушаларына еніп, қабыну процесін туғызады. Вирус негізінен сопақша миға, гипоталамусқа, ми негізіне, жұлынның бел тұсына тұрақтап көбейеді. Зақымдалған клеткаларда арнамалы құрылым- Бабеш – Негри денелері түзіледі. Осының нәтижесінде вирусты энцефалит дамиды. Осыдан кейін жүйке бағаналарының бойымен вирус перифериялық жүйке жүйесіне тарайды. Жануарлардың сілекей бездеріне жинақталып, вирус әрі қарай таралады. Бас миының нейрондарының зақымдалуының нәтижесінде рефлекторлық қызмет бұзылып, салдану пайда болады. Жоғарғы вегетативті орталықтардағы патологиялық процесс, тыныс алу, жұтыну, сілекей бөлу бұлшық еттерінің құрыспалы жиырылуына әкеліп соқтырады.