Дәріс №1 Тақырыбы: Жұқпалы аурулар туралы жалпы түсінік. Инфекциялық қызмет құрылымы. Жұқпалы аурулардың диагностикасы және емі, алдын алу принциптері. Жұқпалы ауруханасының құрылымы, жұмыс тәртібі, науқастарды ауруханаға жатқызу тәртібі


Бақылау сұрақтары (кері байланыс)



бет35/61
Дата04.10.2023
өлшемі152,04 Kb.
#183681
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   61
Байланысты:
дәріс кешені (аудитория)ЛД,жұқпалы аурулар,20212022ж

Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

  1. Инфекциялық мононуклеоз ауруының маңыздылығы, таралуы?

  2. Эпидемиологиясы?

  3. Көздырғышы, оның ерекшеліктері?

  4. Инфекцияның ауру көзі?

  5. Жұғу жолдары, бейімдеу факторлары?

  6. Эпидемия процесстің сипаты?

  7. Аурудың жіктелуі?

  8. Клиникалық кезеңдердің сипаты?

  9. Лимфабездері жүйесінің, тыныс алу жолдарының зақымдалуының сипаты?

  10. Терідегі өзгерістер белгілері?

  11. Бөртпенің сипаты?

  12. Қандай асқынулары болады?

  13. Негізгі лабораториялық тексерулер?

  14. Тексеруге қандай материал алынады?

  15. Емдеу принциптері.

  16. Менингококкты инфекцияның таралуы.

  17. Қоздырғышы, ерекшеліктері

  18. Инфекция көзі

  19. Жұғу механизмі

  20. Менингококкты инфекцияның жіктелуі

21. Менингиттің клиникалық белгілері
22. Асқынулар.
23. Диагнозды нақтылайтын зерттеулер
24. Жұлын суын алу ережелері.
25.Емдеу принциптері.
26. Алдын алу шаралар


ДӘРІС №5
Тақырыбы: Туберкулез.
Мақсаты: Білім алушыға Туберкулез ауруының қоздырғышын, табиғи ошақтағы эпизоотиясын, инфекция резервуарын, тасымалдаушыларын, жұғу механизімін, клиникалық түрлері бойынша жіктелуін түсіндіру. Білім алушыға аурудың клиникалық белгілерін, ағымын, анықтау әдістерін,емдеу принциптерін, алдын алу шараларын түсіндіру.
Дәріс тезистері :
Туберкулез -осы күнге дейін дүние жүзінде ең көп тараған созылмалы жұқпалы спецификалық аурулардың бірі.
Этиологиясы.Қоздырғышы-Кох бацилласы.Ауру көзі-туберкулездің ашық түрімен ауыратын науқас .Көп жағдайда микобактерияның адам түрі туберкулезді тудырады(90-92%)
Микобактерияның ірі қара мал туберкулезін тудыратын түрі адамның өкпе туберкулезінің себебі ретінде сирек кездеседі (5%жуық ), басқа түрлері адам өміріне қауіп тудырмайды .
Патогенезі.Туберкулез микобактериясы еңген жерінде немесе енуіне қолайлы басқа тіндерде алғашқы қабыну ошағын қалыптастырады.Осы ошақтан шыққан туберкулез таяқшасы әр ошақтың өзіне тән лимфа жолдары мен лимфа бездерін қабындырып, бірінші реттік туберкулез кешені пайда болады.Кешеннің даму барысында ,әсіресе қабынған лимфа бездеріндегі туберкулез инфекциясы кейбір адамдардың лимфа және қан тамырлары арқылы өкпе, бүйрек, жыныс мүшелері мен сүйек жүйесіне шабады.Ем алганнан кейін тубекулез ошағы жазылып ,әктеніп қатады,бірақ кейбіреулерінде көп жылдар бойы туберкулез инфекциясы сақталуы мүмкін.Келешекте осы ошақтар адамдардың туберкулезге қарсы иммунитет төмендеуі салдарынан қайтадан қабынып, екіншіреттік туберкулездың басталуына ұшыратады.Сонымен, өкпе туберкулезінің біріншіреттік түрінде микобактерияның тұңғыш рет организмге тыныс жолдары арқылы енуінің арқасында пайда болады да, өкпе туберкулезінің екіншіреттік түрінің дамуы ағзадағы көне туберкулез ошақтарының қайта қабынуымен сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет