Дәріс №1 Тақырыбы: Жұқпалы аурулар туралы жалпы түсінік. Инфекциялық қызмет құрылымы. Жұқпалы аурулардың диагностикасы және емі, алдын алу принциптері. Жұқпалы ауруханасының құрылымы, жұмыс тәртібі, науқастарды ауруханаға жатқызу тәртібі



бет38/61
Дата04.10.2023
өлшемі152,04 Kb.
#183681
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   61
Байланысты:
дәріс кешені (аудитория)ЛД,жұқпалы аурулар,20212022ж

Профилактикасы.
І.Әлеуметтік профилактика:
1.Бүкіл халықты сауықтыруға және имунитетті көтеруге бағытталған бағдарламалар.
ІІ.Санитарлық профилактика:
1.Туберкулез инфекциясы ошағында жүргізілетін жұмыстар:
Зарарсыздандыру,қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру;
2.Үй жағдайында біріншілік жұғу мүмкіншілігін төмендету әдістері туралы халықты хабардар ету ;
3.Науқастар қақырықты дезерітіндісі бар түкіргішке жинау керек;
4.Денешынықтыру;
5.Ауылшаруашылықта малға туберкулезге қарсы вакцинация жүргізу;
6.Сүтті қайнатып ішу;
7.Жеке бас гигиенасын сактау ;
8.Туберкулезді ерте тауып анықтау үшін жылына 1 рет флюорография өту1,
9.Санитарлық-ағарту жұмысын жүргізу;
10.Салауатты өмір салтын насихаттау.
ІІІ.Арнайы профилактика:
1.Вакцинация;
2.Ревакцинация алғашқы рет баланың 7жасында жасалады,кейін 5-7 жылда қайталанады;
3.Химиопрофилактика.
Әдебиет:
Жұқпалы аурулар. Сейітова А.А, Саменова Р.А.
Жұқпалы аурулар. Дуйсенова А.К.


Бақылау сұрақтары (кері байланыс):
1.Аурудың таралуы, маңыздылығы
2. Коздырғышы, еркшелігі
3.Негізгі жұғу жолдары
4. Клиникалық түрлері
5. Манту сынамасының маңыздылығы.
6.Аурудың клиникалық белгілері?
7.Асқынулары?
8.Негізгі зерттеулер?
8.Алдын алу шаралары?


ДӘРІС №6
Тақырыбы: Брил ауруы. Эпидемиялық бөртпе сүзегі. Безгек. Оба. Туляремия.
Мақсаты: Білім алушыға аурулардың маңыздылығын, табиғи ошақтағы эпизоотиясын, инфекция резервуарын, тасымалдаушыларын, жұғу механизімін, жіктелуін, клиникалық сипатын, негізгі зерттелерін, емдеу принциптерін, алдын алу шараларын түсіндіру.
Дәріс тезистері:
Безгек
Анофелес масасының шағуынан жұғатын, эритроциттердің зақымдалуымен, қызбалық ұстамалармен, анемиямен, бауыр, талақтың үлкеюімен, рецидивтің жиі болуымен сипатталатын протозойлы, антропонозды жұқпалы ауру. Бұл ауру ыстық және ылғалды климатты жерлерде кездеседі.
Этиологиясы: қоздырғыштардың 4 түрі бар: Плазмодиум туыстығына жататын, қарапайымдылар типіне жататын паразиттер. Плазмодиум вивакс, плазмодиум овале, плазмодиум малярия, плазмодиум фальципарум. Бұл паразиттердің өмір сүру циклі екі ағзада жүреді. Біріншісі жыныстық даму (спорогония) – маса организмінде өтеді. Ал жыныссыз даму (шизогония) адам организімінде өтеді. Спорогонияның ұзақтығы ауа температурасына тәуелді. Оптимальді температурада 25ºС та 1 аптадан 2-3 аптаға созылады. 16°ста паразиттер дамымайды. Спорозоидтар адам организміне енгеннен кейін, алдыменен бауыр жасушаларында (тіндік немесе преэритроцитарлық шизогония) дамиды, сосын эритроциттерде (эритроцитарлық шизогония) дамиды. Тіндік шизогония қоздырғыштардың 4 түрінде төрт түрлі ауқытқа созылады. Тіндік шизогонияда дамыған мерозоидтар әріқарай эритроциттерде дамуға қабілетті болады. Эритроцитте плазмодилар 48-72 сағатқа созылады. Толық дамыған мерозоидтар эритроциттерді жарып, келесі сау эритроциттерге енеді. Осының нәтижесінде эритроциттер санының азаюы анемияға әкеп соқтырады.
Эпидемиологиясы: Инфекция көзі – ауру адам немесе паразит тасымалдаушы. Аурудың жұғу механизмі –трансмиссивті. Организмінде қоздырғышы бар маса сау адамды шаққан кезде жұқтырады. Сонымен бірге ауру анасынан құрсақтағы балаға трансплацентарлы жол арқылы жұғады. Жасанды жұғу жолы – қан құйғанда, паентеральді манипуляциялар арқылы да жұғады.
Бұл аурумен барлық жастағы адамдар ауырады.
Патогенезі: аурудың клиникалық белгілерінің пайда болуы – қоздырғыштың эритроцитарлық дамуына байланысты. Бір эритроциттерді жарып шыққан кезде паразиттер плазмодилер қанның плазмасына жайылады. Осы кезден бастап, ұстамалық қызба басталады. Қанның гемолизімен иммундық жүйенің күшейюінің нәтижесінде бауыр мен талақ үлкейіп, қызметі бұзылады және анемия дамиды.
Аурудан кейін иммунитет тұрақты қалыптасады.
Қоздырғыштардың түрлеріне байланысты аурудың 4 түрі бар. П. фалципарум – тропикалық безгек, П. малярия – төрт күндік безгек, П. вивакс – үш күндік безгек, П. овале – безгек деп аталады.














Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет