Дәріс №1 Тақырыбы: Жұқпалы аурулар туралы жалпы түсінік. Инфекциялық қызмет құрылымы. Жұқпалы аурулардың диагностикасы және емі, алдын алу принциптері. Жұқпалы ауруханасының құрылымы, жұмыс тәртібі, науқастарды ауруханаға жатқызу тәртібі


Жіктелуі:Локализациясы бойынша өкпе туберкулезі (83-88%) және өкпеден тыс туберкулез (12-17%)түрлерін ажыратады. А.Негізгі клиникалық түрлері



бет36/61
Дата04.10.2023
өлшемі152,04 Kb.
#183681
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   61
Байланысты:
дәріс кешені (аудитория)ЛД,жұқпалы аурулар,20212022ж

Жіктелуі:Локализациясы бойынша өкпе туберкулезі (83-88%) және өкпеден тыс туберкулез (12-17%)түрлерін ажыратады.
А.Негізгі клиникалық түрлері:
Ітобы .Балаларда және жасөспірімдерде туберкулездік улану.
ІІтобы.Тыныс алу мүшелерінің туберкулезі:
1.Біріншілік туберкулезды кешен .
2.Кеуде қуысы іші лимфа түйіндерінің туберкулезі.
3.Шашыранды,ошақты, инфильтративтік,кавернозды,фиброзды-кавернозды өкпе туберкулезі
ІІІтобы.Басқа мүшелер мен мен жүйелердің туберкулезі:
1.Ми қабаттарының және орталық жүйке жүйесінің туберкулезі
2.Ішек, іш пердесінің туберкулезі
3.Сүйек,буындар туберкулезі
4.Зәр шығару және жыныс жүйесі т.б мүшелерінің туберкулезі.
Б.Туберкулезды үрдісінің сипаттамасы:
Үрдістің орналасуы және ұзақтығы:өкпеде-бөліктер, сегменттер бойынша, басқа жүйелерде-зақымдануы бойынша.
Фазалары:
А.инфильтрация, ыдырау, шашырау;
Б.таралу,қатаю,тыртықтану, әктену
Бактерия бөлінуі бойынша:
А.туберкулез микобактерияларының бөлінуі (БК+);
Б.Туберкулез микобактерияларының бөлінбеуі (БК-)
В.Асқынулары:өкпеден қан кету,өзіндік пневмоторакс, өкпе-жүрек жетіспеушілігі ,ателектаз.
Г.Жазылған өкпе туберкулезінен кейін қалдық өзгерістер:
Тыныс алу мүшелерінің:фиброзды, фиброзды-ошақты, кальцинаттар,цирроз, т.б
Басқа мүшелердің:әртүрлі мүшелерінің тыртықтану өзгерістері, әктену, отадан кейінгі қалыптар
Клиникасы: әр түрлі қызба тән.Қызу көтерілуі көбіне субфебрильді, кешке қарай көтеріледі,сонымен қатар ашуланшақ болуы немесе апатия болады, ұйқының қашуы немесе ұйқышылдықтың болуы,жылауық немесе көңілді болуы,терлегіштік ,әсіресе түнде және таңға жақын ,жүрек соғысының жиілеуі,тәбеттің бұзылуы, жүрек айну,бастың ауруы байқалады.Бұл белгілер өршу кезінде айқындалады да, басылған кезде айқын емес немесе көрінбейді .Өкпе туберкулезінің ерте түрлерімен ауыратын науқастардың 1/3 өздерін сау сезінеді ,тек мұқият тексерген кезде ғана ауру анықталады.
Жөтел-құрғақ немесе қақырық бөлінуімен болады.Жөтел көбінесе түнде мазалап, ұйқы бермей, кеудеде ауырғандық тудырып, көгеру,құсумен бірге жүреді.
Қақырық-кілегейлі,кілегейлі-іріңді және іріңді және иіссіз болады .Иісі басқа инфекция қосарланғанда болуы мүмкін.Қақырықтың негізгі мөлшері таңертең және кешке бөлінеді.
Қан қақыру –қабыну ошағында майда тамырлардың, капиллярлардың бұзылуына байланысты болады.Туберкулездің инфильтративті,ошақты және шашыранды түрлерінде болады .
Қан кету- таза қанның бір шай қасықтан бірнеше жүз миллилитрге дейін бөлінуі –ірі тамырлардың бұзылуымен байланысты.Туберкулездің созылмалы кавернозды және циррозды түрлеріне тән.
Ауырғандық-туберкулезде тыныс алғанда және жөтелгенде мазалайды.
Демікпе- тыныс алудың жиілеуі,үстірт болуы,өкпенің тыныс алу бетінің азаюына байланысты дамиды.Туберкулездің шашыранды,инфильтративті,созылмалы фиброзды-кавернозды,циррозды түрлерінде кездеседі.
Жүректің зақымдануы- туберкулез токсиндері жүрек бұлшық етін әсер етіп, миокардиодистро-фияны тудырады,нәтижесінде жүрек қызметі төмендеп, демікпе күшейеді, пульс жиі және әлсіз болады.
Қан аздық ,арықтау –туберкулезде қан қақыру ,қан кету болған жағдайда анемия дамиды.Қызба, терлегіштік,тәбеттің төмен болуы арықтауға және ағза зорығуына әкеліп соқтырады.Қараған кезде тері жамылғылары және кілегей қабаттары бозғылт екені анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет