Этиологиясы. Қоздырғышы энтеробактериялар туыстығына жататын иерсиниялар тұқымдастығына жататын Iersinia pestis . Қоздырғыш көлемі 1-2 х 0,3-0,7 мкм болатын , сопақша, грам теріс, боялатын, факультативті анаэробты таяқша . Басқа иерсиниялардан айырмашылығы талшықсыз, қозғалыссыз, биполярлы боялады, вирулентті штаммалары R- колония .
Оба қоздырғышы ауру бөлінділерінде , қоршаған ортада қолайлы температурада бірнеше ай бойына сақталады. Күн сәулесіне , қышқылды әсерге , жоғары температураға өте сезімтал. Әдеттегі қолданыстағы дезинфектанттар , қайнату микробты оңай жояды.
Эпидемиологиясы: Инфекция көзі және қоздырғыштың негізгі резервуары жабайы кеміргіштер. Олардың 230 аса түрлері әлемнің барлық жерлерінде аурудың табиғи ошағын құрайды. Түйе инфекция көзі болып табылады. Ит оба қоздырғышына толық резистентті, бірақ бүргелерді залалдауы мүмкін. Өкпелік және сепсис түрлерімен аурыратын адам инфекция көзі болып табылады.
Қоздырғыштың жұғу механизмі:Қоздырғыштың негізгі жұғу механизмі - трансмиссивті . Тасымалдаушысы бүргелердің 70 жуық түрлері және кенелердің кейбір түрлері . Бүргелер оба табиғи ошақтарындағы негізгі тасымалдаушылар ғана емес антропургиялық ошақтың пайда болуының да басты кейіпкерлері.
Қарым-қатынас (жанасу) механизмінің жүзеге асуы ауру түйенің, қоянның кейбір кеміргіштердің терісін сыпыру, етін кесу кезінде жүзеге асуы мүмкін.
Ауа – шаң жолымен өкпелік түрі жұғады.
Эпидемиялық процестердің сипаты: Оба трансмиссивті табиғи ошақты ауру. Құрлықтың 6 -7% обаның табиғи ошақтары болып табылады. Оба кездеспейтін Австралия құрлығы мен Антарктида ғана . Обаның ошақтары «жабайы» және «егеу құйрық» («порттық») болып екіге бөлінеді. «Жабайы» ошақтардағы қоздырғыштың негізгі резервуары суыр, саршұнақтар, тарбағандар, дала тышқаны, егеуқұйрықтар т.б. «Порттық» ошақтардың резервуарлары қара және сұр егеуқұйрықтар. «Порттық» ошақтар екіншілік болып табылады.Қазіргі күні «порттық» азайып еле жатқаны байқалады. «Жабайы» ошақтар далалы құрғақ климатты, адам аз қоныстанған аймақтарда орналасқан. Екі түрлі ошақты байланыстырушы синантропты кеміргіштер.
Оба эпидемиясы б.э.д. ІІІ ғасырдан бастап белгілі. Кейде олар пандемиялық сипатта болған. Алғашқы нақты оба пандемиясы 527-565 жылдардағы «Юстиниан обасы» Египетпен Эфиопияда басталған эпидемия Шығыс Рим империясын жайлаған, 100млн жуық адам өлген. Екіншісі 1348ж «қара өлім» атанған оба пандемиясы Азиядан Европаға таралып 60млн адамның өмірін қиған. Бұл пандемия кезінде Европа халқының1/4 бөлігі қырылған, Смоленск қаласында тек 5 адам ғана тірі қалған екен. Үшінші пандемия 1894ж Кантон мен Гонконгтан басталып барлық құрлықтардың ірі портты қалаларын қамтыған.20жылда 87млн жуық адам өлген. Оба қоздырғышын үшінші оба пандемиясы кезінде А.Иерсен тапқан. Сонымен қатар А.Иерсен 1897ж оба қоздырғышын егеуқұйрықтардан бөліп, эпидемияны егеуқұйрық бүргесі тарататынын тауып, обамен күрес тәсілінің ғылыми негізін жасаған 1926ж В.А.Хавкин обаға қарсы вакцинаны шығарады.
Өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап обаға шалдығу 1000 есеге дейін төмендеген екен. Аруға шалдығумен күресің нәтижесі негізінен «порттық оба» ошақтарын жоюға байланысты болды. Қазіргі күні обаға шалдығу спородиалықтүрде ғана кездеседі. Ауруға шалдығу негізінен «жабайы» ошақтарда болады.