Дәріс №1 Тақырыбы: Жұқпалы аурулар туралы жалпы түсінік. Инфекциялық қызмет құрылымы. Жұқпалы аурулардың диагностикасы және емі, алдын алу принциптері. Жұқпалы ауруханасының құрылымы, жұмыс тәртібі, науқастарды ауруханаға жатқызу тәртібі



бет42/61
Дата04.10.2023
өлшемі152,04 Kb.
#183681
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   61
Байланысты:
дәріс кешені (аудитория)ЛД,жұқпалы аурулар,20212022ж

Патогенезі: Организмге тері немесе кілегей қабаты арқылы енген оба қоздырғышы әдетте жергілікті потологиялық белгі қалдырмайды. Лимфа ағысымен шеткі лимфа түйіндеріне өтіп сонда көбейеді. Лимфа түйіндерінде серозды - геморрагиялық қабыну дамып бубон пайда болады. Қоздырғыштар макрофагтармен фагацитоздалғанмен процесс шегіне жетпейді (аяқталмаған фагацитоз) моноцитоидты клеткалардың протоплазмасында қоздырғыштардың одан әрі көбеюі жалғасады. Лимфа түйіндерінің тосқауылдық функциясы әлсіреп бұзылған кезде микроб қан ағысы арқылы басқа лимфа түйіндерімен ішкі ағзаларға тарайды. Нәтижесінде екіншілік бубондар және гемотогенді ошақтар пайда болады. Екіншілік оба пневмониясы, сепсис өрбиді.
Г.П.Рудневтің клиникалық жіктелісі бойынша обаның шектелген клиникалық формалары
1. бубондық
2. тері – бубондық,
3. жайылған формалары
а. біріншілік сепсис
б. екіншілік – сепсис
4. сепсистік – диссиминацияланған формалары
а. біріншілік - өкпелік
б. екіншілік - өкпелік
в. ішектік болып бөлінеді.
Клиникасы: Инкубациялық кезеңі 2-6 күн. Ауру өте жедел басталады. Аса күшті интоксикация белгілері, 39- 40°C дене қызуы, аса қатты бас ауру , құсу, шөлдеу, миалгия, артралгия, санасының күңгірттенуі немесе қозу, сандырақтау, галюционация қозғалысының дәлдігінің бұзылуы («мас адам жүрісі»). Денесі ыстық, геморрагиялық бөртпе болуы мүмкін. Тілі ұлғайған, «бормен боялған тіл» айқын тахикардия, аритмия, ентігу, қан қысымының көтерілуі, олигурия пайда болады. Аталған жалпы белгілермен қатар обаға тән клиникалық белгілер көрінеді.
Ауру диссиминацияланған шашыраңқы тамыр ішілік қан құю, инфекциялық токсикалық шоктан өледі.
Обаға қарсы вакцинацияланғандарды ем алғандарды ауру жеңіл түрде өтіп, ақыры толық айығумен аяқталуы мүмкін.
Бубондық түрі ең жиі кездесетін түрі болып табылады. Бубон – қатты ауыратын, мөлшері 1-10 см-ге үлкейген лимфа түйіні. Бубонның ауырсынуынан дене қозғалысы шектеледі, бубонның үстіндегі тері қызарған, тері суреттері жазылған болып көрінеді. Көбіне мойын, шап, қолтық асты лимфа түйіндері зақымдалады. Бубонның үстіндегі тері жұмсарып, жарылып, ірің ағады. Іріңмен бірге көп мөлшерде қоздырғыштар бөлінеді. Осы кезде медперсоналдарға аурудың жұғу қаупі өте жоғары.
Терілік түрінде, терідегі қоздырғыш енген жерде алдыменен дақ, сосын папула – везикула – пустула некроздалған жараға айналады. Ол фурункул немесе карбункул түрінде болады.
Біріншілік сепсистік түрінде ауру кенеттен, өте ауыр түрде басталады. Қысқа инкубациядан кейін, ауру қалтырайды, дене қызуы тез арада көтеріледі, науқас қозған күйде, сандырақтайды. Менингоэнцефалит белгілері пайда болуы мүмкін. Науқастың жағдайы күрт төмендейді. ИТШ дамиды, геморрагиялық синдром – мұрыннан қан кетеді, құсықта, нәжісте қан аралас болады. Гематурия болады.
Біріншілік - өкпелік түрі: ең қауіпті түрі – ауру тез тамиды. Алғашқы тәуліктерде жалпы интоксикация белгілері пайда болады. Кедесіне пышқ сұғылғандай ауырсыну сезімі болады. Ентікпе, тахикардия, сандырақтау болады. Жөтел пайда болады. Жөтелмен бірге қақырық бөлінеді. Қақырық алғашқыда мөлдір, соңынан көпіршікті, қанды болады. Осы кезде көп мөлшерде қоздырғыш бөлінеді. Аурудың шарықтау кезеңінде дене қызуы жоғары, ентікпе, беті, көзі қызарады. Науқастың жағдайы нашарлап, жүрек-қан тамырлар жетіспеушілігінен, өкпе ісігінен қайтыс болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет