Дәріс №1 Тақырыбы: Жұқпалы аурулар туралы жалпы түсінік. Инфекциялық қызмет құрылымы. Жұқпалы аурулардың диагностикасы және емі, алдын алу принциптері. Жұқпалы ауруханасының құрылымы, жұмыс тәртібі, науқастарды ауруханаға жатқызу тәртібі



бет49/61
Дата04.10.2023
өлшемі152,04 Kb.
#183681
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   61
Байланысты:
дәріс кешені (аудитория)ЛД,жұқпалы аурулар,20212022ж

Аурудың алдын алу шаралары:

  1. Ошақтарда әсіресе фермаларда кенеге қарсы өңдеуді ветеринарлық ұйымдар, мен мекемелер жоспарлайды және жүргізеді.

  2. Ошақта науқас анықталған жағдайда, аймақтық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымына хабарланып, сол ұйым осы мекенде ошақтықдезинфекция бөлімдері қорытынды дезинфекция жүргізеді. Сонымен қатар кенеге қарсы тұрғын үйлерді, мекен жайларды өңдейді.

  3. Ошақтарда кенеге қарсы өңдеу ауру жағдайы тіркелген сәтте және күзде, көктемде екі рет жүргізіледі. Ауру жұқтыру қаіпті топтарға Вакцинопрофилактика жүргізіледі.

  4. Ошақта дезинсекция және дератизация шаралары жүргізіледі.


АИТВ
Басқа аурулардан бөліп алатын нақты клиникалық симтомы жоқ, клиникасы әр түрлі өте бай,көбіне тыныс алу жолдары,ас қорыту,жүйке жүйесі,тері,кілегей қабаттары және лимфа бездері зақымдалады.
Бұл ауру туралы мәлімет алғаш рет 1981 жылы ДДСҰ жаңа жұқпалы ауруды ресми жариялады. Ол кезге дейін дәрігерлер жаңа туылған нәрестелердің туа пайда болған ақауларын, және иммунитет тапшылығынан ауырғандығын анықтады. Бірақ бұл иммунитет тапшылығы туа пайда болған емес, уақыт өте ересек жаста пайда болғандығын анықтады.Сондықтан бұл ауруды анықтаған алғашқы жылдан бастап ЖҚТБ (СПИД) деп атады. Содан бері ЖҚТБ әлемді кезіп кеңінен жайылып, эпидемияға жетіп отыр. Интернеттен алынған соңғы мәліметтер бойынша бүгінгі таңда 40 млн-нан астам науқас тіркелген. ЖҚТБ жұқпалылығына, оның тез таралуына, емделмеуіне байланысты "ХХ ғасырдың обасы" деген ат алды. Л. Монтанье мен Р Гало 1983 жылы бұл ауруды туғызатын вирусты анықтап, оны ВИЧ – вирус деп атады. Адам организміне түскеннен кейін ВИЧ вирус, ешқандай белгі бермейді, бірақ біртіндеп организмнің иммундық жүйесін бұза бастайды. Нәтижесінде Адам иммунитеті әбден әлсірегеннен кейін, организм кез келген жұқпалы ауруларға қарсы тұра алмайды және бұл аурулар ағзаның өліміне себепші болады. Адам организмінің қорғаныштық қабілеті бұзылғандықтан, кішкентай микроорганизмнің өзіне, қарсы тұра алмайды, сонымен бірге қатерлі ісіктерге бейім болады. Осы кезеңді ЖҚТБ деп атайды. Өйткені науқаста бір емес, бірнеше аурулардың белгілері, вирустың біртіндеп ағзаны әлсіретуіне байланысты, қорғаныштық қабілетінің жойылуынан пайда болған.
Осы уақытқа дейін ВИЧ – вирусы өте қауіпті екені бәрімізге мәлім. Әсіресе адамдар арасындағы кейбір топтарға қауіпті, ал қарапайым адамдарға қауіпсіз деген түсінікті тастауымыз керек. Өйткені кез келген адамның бұрыс жол жасауы, үлкен өкінішке әкеліп соқтыруы мүмкін. Иммунитет тапшылығы вирусы барлық адамға бірдей қауіпті деп қарауымыз керек. Сонымен бірге бұл ЖҚТБ проблемасы тек медицинаның ғана емес, психологиялық және әлеуметтік проблема болып табылады.
Эпидемияның алғашқы кезеңінде вирус жұқтырған адамдардан шошынатын, өйткені вирустың қандай жол арқылы жұғатынын, одан қалай қорғану жолдарын білмейтіндіктен адамдар арасында осындай ұғым қалыптасты. Ал вирус жұқтырған адамдарды ортадан шеттетіп, олармен сөйлесуге қорқатын. Сондықтан адамдар арасында осы аурумен тек қана "қауіпті топтар" яғни норкомандар, жезөкшелер, гомосексуалистер аурады деген түсінік қалыптасты. Вирус жұқтырған адаммен көпшілік арасындағы осындай қатынасты "стигматизация" дейді. Яғни көпшілік арасынан қудалану деген сөз. Бұл адамдар айналасындағы адамдардың теріс көзқарасынан өздерін ең соңғы Адам ретінде сезінеді. Бұл дискриминацияға әкеп соқтырады. Сондықтан мұндай дискриминациядан аулақ болу үшін, ЖҚТБ деген не екенін, оның қалай, қандай жол арқылы берілетіндігін білуіміз қажет. Ол үшін бұл ауруды шектеуге арналған заңды шаралар, процедуралар қажет. ЖҚТБ ол тек белгілі бір топтың ғана емес, барлық адамзаттың проблемасы екенін түсінуіміз қажет. Қазіргі кездегі жоғарыдағы айтылған жағдайлар біртіндеп өзгеріп келеді. Өйткені психологтардың ВИЧ консультанттардың, дәрігерлердің көмегімен, еңбегімен, ЖҚТБ ауыратын науқастарға деген көзқарас жақсы жағына түсіністік пен қарауға айнала бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет