Дәріс №1 Тақырыбы: Жұқпалы аурулар туралы жалпы түсінік. Инфекциялық қызмет құрылымы. Жұқпалы аурулардың диагностикасы және емі, алдын алу принциптері. Жұқпалы ауруханасының құрылымы, жұмыс тәртібі, науқастарды ауруханаға жатқызу тәртібі



бет52/61
Дата04.10.2023
өлшемі152,04 Kb.
#183681
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   61
Байланысты:
дәріс кешені (аудитория)ЛД,жұқпалы аурулар,20212022ж

Эпидемиологиясы: Инфекция көзі және қоздырғыштың резервуары шөп қоректі жануарлар ( сиыр, жылқы, түйе, ешкі, қой, шошқа т.с.с.) Жануарларда ауру негізінен ішектік және сепсистік түрде өтеді. Қоздырғыш ауру малдың организмінен зәрімен және нәжісімен бөлінеді. Ауру мал залалдылығын жазылғанша немесе өлгенше (80% дейін) сақтайды. Өлген жануарлар эпидемиологиялық талаптарға сай көмілмесе үлкен қауіп төндіреді. Өлген малдың денесі 7 күнге дейін залалды. Ауру малдан алынған өнім (жүні, терісі, мүйізі, т.б.) көп жылдарға дейін қаіптілігін жоймайды.
Ауру адамның эпидемиологиялық қауіптілігі аурудың клиникалық формаларына байланысты. Терілік формасы қауіпсіз саналады. Біріншілік немесе екіншілік (сепсистік ) өкпелік формалары және ішек формасы қауіпті.
Қоздырғыштың жұғу механизмі, факторлары. Жануарлар организміне қоздырғыш нәжіспен, зәрмен, қанмен, ластанған шөп, шаң арқылы енеді. Адамға қоздырғыш негізінен (95% астам жағдайда ) жанасу механизмі арқылы беріледі. Қарым-қатынас (жанасу) тікелей болуы мүмкін (ауру малды сою, жүндеу, терілеу т.с.с.) немесе шаруашылық құралдары, шөп арқылы болуы мүмкін. Біріншілік берілу факторлары- зәр, нәжіс, қан, ет, тері, жүн; екіншілік- саймандар, шөп, жем, т.с.с.)
5% жағдайда қоздырғыш адам организіміне аэрозольді немесе тағам жолымен енеді. Ауа-шаң (аэрогенді) жолы ауыл шаруашылық қызметкерлері арасында, техникалық қызметкерлер арасында жүзеге асуы мүмкін.
Эпидемиялық процестің сипаты. Ауруға шалдығу мал шаруашылығы дамыған аймақтарда кездеседі. Ауруға шалдығу спородиялық түрде де, эпидемиялық түрде де болуы мүмкін. Ауылдық жерлерде негізінен ауруға ерлер шалдығады, ауру жаз айларында көбірек тіркеледі. Қалалық жерлерде мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу орындарында жыл мезгілдерінде байланыссыз тіркеледі. Аурудың терілік формасында инфекция көзімен жанасқандардың 20% дейін ауруға шалдығуы мүмкін. Ауа – шаң жолымен берілетін ошақта ауру ошақтағыларды түгел қамтиды.
Қоздырғыш спора түрінде бірнеше ондаған жылдарға дейін сақталатындықтан антропугиялық ошақтар тұрақты (стациянарлық) түйнеме пунктерін құрайды. Қазақстанда 3,5 мың осындай түйнеме бойынша қауіпті тұрақты пунктер тіркелген. Республиканың барлық аймақтарында түйнеме ошақтары тіркелген, көбірек тіркелген Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстары.
Түйнеме ошақтарын 3 түрге бөледі. Кәсіби – ауылшаруашылық, кәсіби- өндірістік және тұрмыстық. Алғашқы және соңғы түрлерде залалдану ауру малдан болса, кәсіби- өндірістік те адамдардың залалдануы мал өнімдерінен болады. Аурудың екі клиникалық түрі болады:

  1. жергілікті (карбункулезді, эдематозды, буллезді, эризипеллоидты) түрлері

  2. сепсистік (өкпелік, ішектік) түрлері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет