Дәріс №1 Тақырыбы: Жұқпалы аурулар туралы жалпы түсінік. Инфекциялық қызмет құрылымы. Жұқпалы аурулардың диагностикасы және емі, алдын алу принциптері. Жұқпалы ауруханасының құрылымы, жұмыс тәртібі, науқастарды ауруханаға жатқызу тәртібі



бет55/61
Дата04.10.2023
өлшемі152,04 Kb.
#183681
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   61
Байланысты:
дәріс кешені (аудитория)ЛД,жұқпалы аурулар,20212022ж

Эпидемиологиясы: Инфекция көзі- Шөп қоректі жануарлар, кеміргіштер, құстар және адам. Қоздырғыш жануарлардың және адамның асқазан –ішек жолдарында сапрофиттік тіршілік етеді. Олардың нәжісімен қоршаған ортаға түскеннен кейін спора түрінде ұзақ уақыт топырақта сақталады. Қолайлы климаттық жағдай туғанда споралар вегетатифтік формаға айналып, көбейіп, қайта спора түзеді ( вегетивтік формаға- спора- вегетатвті форма – спора). Осы құбылысқа қарай сіреспені сапроантропозоонозды инфекцияларға жатқызуға болады. Ауру адам қауіпсіз.
Қоздырғыштың жұғу механизмі- қарым-қатынас немесе жанасу. Қоздырғыш жарақатталған тері қабаты арқылы өтеді. Тыныс жолының кілегей қабаты арқылы өтуіде мүмкін (аэрозоольды механизм). Жанасу механизмінің жүзеге асу жолдары әр түрлі: тұрмыста, медициналық, өндірісте. Бейбіт кезде барлыұ аурулардың 85% астамы тұрмыста залалданады. 5-6% негізінен медициналық мекемеден тыс жерде жасалынған түсік пен босану кезінде болады. Медицинлық жәрдеммен жеткілікті қамтамасыз етілмеген елдерде жаңа туған нәрестелер сіреспесі 13-15% дейін жетеді. Қоздырғыштың берілу факторлары топырақ, көң, нәжіс, шаң, ластанған әр түрлі тұрмыс заттары, хирургиялық, акушерлік құралдар.
Эпидемиялық процестің сипаты.Сіреспе кең таралған ауру. Әсіресе субтропикалық, тропикалық аймақта жаппай иммундауға дейін эпидемиялық ошақтар болды. Ару негізінен жылдың жылы, ыссы мезгілдерінде байқалады. Бүкіл ауруға шалдыққандардың 90% дейіні ауыл тұрғындары. Балалар ересектерге қарағанда 2,5 есеге дейін жиі ауырады. Сіреспеден өлу - жаппай антитоксинді иммундауға дейін жоғары болды. Қазіргі күні әлемде өлімге шалдығушылардың негізін медициналық жәрдемге зәру елдердің жаңа туған нәрестелері құрайды. Өлімге шалдығу 40-45% дейін жетеді. Басқа аймақтарда сіреспе сирек, спорадиалық түрде ғана кездеседі. Ауру жалпы немесе жайылмалы және жергілікті болып бөлінеді
Сіреспенің клиникалық көрінісі. Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы әр түрлі- 1-2 күннен 1 айға дейін созылуы мүмкін. Көп жағдайда 3-14 күн.
Ауру жалпы немесе жайылмалы және жергілікті болып бөлінеді. Науқас мазасыздыққа, ашуланшақтыққа, басының ауыруына, тершеңдікке, жарақаттың айналасындағы бұлшықеттердің жыбырлауына шағымданады. Әуелі шайнау бұлшықеттерінің сіресуінен тризм, қайғылы бет пішіннің немесе сардоникалық күлкінің пайда болумен басталады. Одан кейін арқа бұлшық етінің сіресуінен омыртқа жотасының доға тәрізді иілуі (опистонус) пайда болып ауру классикалық „бағана тәрізді жағдайға” түседі. Аурудың атын ең алғаш осы көрініске қарай Гиппократ «Tetanus» деп ұсынған. Бұл кезде құрсақ бұлшықеттері тақтай тәрізді қатаяды, қол-аяқтары жиырылған болады. Қабырғааралық бұлшықеттердің гипертонусының нәтижесінде науқастың тыныс алуы беткей және жиілейді. Сонымен бірге тахикардия, дене қызуы 39-40ºC – қа көтеріледі. Бірақ науқас аурудың барлық кезеңдерінде есін анық біледі. Жұтқыншақтың, диафрагманың, тыныс алу бұлшықеттерінің құрысуының нәтижесінде, науқас асфиксиядан қайтыс болады. Жаңа туған нәрестелер сіреспесінің клиникасы басқаша көрініспен байқалады. Жаңа туған нәрестелер сору еттерінің сіресуінен еме алмайды. Бетінде қиналу белгісі пайда болады. Қаңқа бұлшықеттерінің сіресуінен «құрбақа» тәрізді болып жатады. Жаңа туған нәрестелерде өлім 90% дейін жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет