Дәріс №1 Тақырыбы: Жұқпалы аурулар туралы жалпы түсінік. Инфекциялық қызмет құрылымы. Жұқпалы аурулардың диагностикасы және емі, алдын алу принциптері. Жұқпалы ауруханасының құрылымы, жұмыс тәртібі, науқастарды ауруханаға жатқызу тәртібі



бет46/61
Дата04.10.2023
өлшемі152,04 Kb.
#183681
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   61
Байланысты:
дәріс кешені (аудитория)ЛД,жұқпалы аурулар,20212022ж

Емдеу принциптері. Негізінен аминогликозидтердің комбинацияланған ұзақ уақытқа ( дене температурасы қалыптасқаннан 5-7 күнге дейін жабылған ) созылатын курсы, антигистаминді, қабынуға қарсы, детоксикациялық, симптоматикалық ем.
Лабороториялық диагностикасы. Лабороториялық зерттеуге бубон пунктаты, конъюктива бөлінісі, қақырық, аран бөлінісі, қан, нәжіс, өлген кеміргіштердің тіндері алынады. Зерттеу материалымен жұмыс залалдану қауіпін туғызатындықтан тек аса қауіпті жұқпалы аурулар лабороториясында ғана зерттеледі.
Экспресс – диогностикалау үшін иммунофлюресценция реакциясын қолданады. Қоздырғышқа қарсы денелерді қан сарысуына агглюцинациялау реакциясымен туляремия диагностикумын қолдана отырып анықтайды, 1:100 және одан жоғары қатынастағы көзбен көруге болатын агглюцинация байқалса реакция оң саналады. Ерте диагностикалау үшін терілік аллергиялық сынама жүргізуге болады. Сынама үшін тулярин (70ºС температурада өлтірілген микробтар ) қолданылады. 0,1мл (100млн микробтық денелер) препарат тері ішіне енгізіліп, нәтижесі 24-48-72 сағаттан кейін оқылады.
Арудан бөлінген материалдан қоздырғышты бөліп алу мүмкін емес. Әуелі материалмен тышқандармен теңіз шошқалары тері астына залалдандырылады. Залалданған жануарлардан алынған таза өсіндімен ақырға эдинтификациялық зерттеу үшін ақ тышқандарды заладайды.
Профилактикасы мен індет ошағындағы шаралар. Аурудың алдын алу кешенін ауру көздеріне, берілу механизміне және қабылдағыш организмдерге (адамға) бағытталған жалпы санитарлық және вакциналау шаралары құрайды. Ауру көдеріне бағытталған профилактикалық және ошақтық дератизациялау шаралары. Кеміргіштерден су көздерін, қоймаларда, жем -шөп мал өнімдерін қорғауды жеке шаруашылық қожайындары, тұрғындар, халық тұтынатын тауарларды өндіру, өңдеу, сату мекемелері атқарады. Қоздырғыштың трансмесивті механизмін үзуге дезинсекциялау, репелленттер қолдану, қорғаныс киімдерін қолдану, вакцинацияланбағандарды заладану қауіпі бар жұмыстарға жібермеу шаралары арқылы жүзеге асырылады. Ашық, қадағалаусыз су көздеріне шомылуға тиым салу, ауыз суды тек қана қайнатып қолдану , бағалы терілі аңдардың терісін алғаннан кейін қолды дезинфекциялау т.б. шаралар тұрғындарды санитарлық –ағарту арқылы жүзеге асырылады.
Турляремияға қарсы вакциналау эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша тірі лиофилизацияланған вакцинамен жүргізіледі. Егілгендерде 20-30 күннен кейін 5 ж жететін белсенді иммунитет қалыптасады. Энзоотиялық аймақ тұрғындары, астық жеміс- жидек қоймаларының жұмысшылары, элеватор диірмен жұмысшылары бағалы терілі кеміргіштер шаруашылықтарының жұмысшылары жоспарлы тәсілмен вакцинацияланған. Вакциналау 7 жастан асқан балалармен ересектерге теріге (жоспарлы вакцина) тері ішіне ( эпид көрсеткіш бойынша) терісі мәнді серологиятық және аллергиялық реакциялардан кейін жүргізіледі.
Індет ошағының эпизоотологиялық – эпидемиологиялық зерттеу жүргізіледі. Инфекция көзі, аурудың залалдану жолы анықталады. Ауру адам ауруханада емделеді, айналасына қауіп төндірмейтіндіктен ауруханадан шығарылып клиникалық көрсеткіштерге қарай шешіледі. Ошақта дезенфекция, дезинцекция және дератизация жүргізіледі. Дератизациялау көлемі эпизоотиялық жағдайға байланысты шешіледі (тұрғын үйді мекемені немесе бүкіл ауылды). Тұғандарға вакциналау жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет