Дәріс №1 Тақырыбы: Жұқпалы аурулар туралы жалпы түсінік. Инфекциялық қызмет құрылымы. Жұқпалы аурулардың диагностикасы және емі, алдын алу принциптері. Жұқпалы ауруханасының құрылымы, жұмыс тәртібі, науқастарды ауруханаға жатқызу тәртібі



бет28/61
Дата04.10.2023
өлшемі152,04 Kb.
#183681
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   61
Байланысты:
дәріс кешені (аудитория)ЛД,жұқпалы аурулар,20212022ж

Эпидемиологиясы: Инфекция көзі- науқас адам және бактерия тасымалдаушы. Аурудың жайылған түрімен ауыратындардың (менингококкты менингит, менингококцемия) үлесі 1-3% (инфекция көзі ретіндегілері.)
Аурудың шектелген формасымен ( нозофарингит) ауыратындар ауру көзінін 10-30% құрайды, ал дені сау тасмалдаушылар 70-90% дейін инфекция көзі болады. Аса зор эпидемиологиялық маңызға ие осы үшінші топ. Ауру айналасы үшін продромалды кезеңнен бастап қауіпті. Қоздырғыштың Инфекция көзінен ең қарқынды бөлінуі нозофарингиттің көрінісіне сәйкес келеді, бұл 3-4 аптаға созылады. Процесс ми қабығына өткен сәттен бастап ауру іс жүзінде қауіпсіз.
Дені сау тасмалдаушылық 2 аптадан 6 аптаға дейін созылады. Егер қосалқы аурулар болса тасмалдаушылық одан да ұзаққа созылуы мүмкін. Тасмалдаушылар аурулардан жүздеген, мыңдаған есе көп. Спородиялық ауруға шалдығу кезеңдерінде тасмалдаушылық 1%-дан, ал ошақтарда 8-12% аспайды. Эпидемия кезінде тасымалдаушылардың үлесі 35-45% дейін жетуі мүмкін. Аурудың әр түрі клиникалық формаларымен ауыратын адам және дені сау тасмалдаушы.
Жұқпалы ауру барлық климатты аймақтарда кездеседі.
Қоздырғыштың берілу механизмі-ауа-тамшы. Берілу жолы ауа-тамшы. Ауа негізгі берілу факторы болып табылады. Қоздырғыш қоршаған ортаға төзімсіз болғандықтан ауа - шаң жолымен, тұрмыс заттарымен беріле алмайды. Берілу механизмінің белсенділігінің артуына, орналасу тығыздығы, басқа респираторлы вирусты инфекциялар (аденовирусты, риновирусты т.б.) әсер етеді.
Эпидемиялық процестің сипаты. Менингококкты инфекцияны қабылдаушылық жалпыға бірдей. Инфекция барлық жерлерде таралған. Ауру кеңірек таралған, яғни « менингококкты белдеулерде» орналасқан Африка континентінің солтүстік батысындағы елдер- Нигерия ,Сенегал, Судан, Гана, Камерунт.б. және Италия; Франция, Испания орналасқан Европаның Оңтүстігі. ТМД елдерінде ауруға шалдығу негізінен спородиалық түрде өтеді.
Ауруға ең көп шалдыққандар 5 жасқа дейінгі балалар. Олардың үлесіне эпидемия аралық кезеңінде ауырғандардың 80-90% тиеді, аел эпидемия кезеңінде ауруға ересектерде жиірек ұшырайды (30-40%дейін).
Ерте жастағы балалар арасында тасмалдаушылық өте төмен (0,5%дейін), ал ауруға шалдығу өте жоғары. Бұл ерекшелік қожайын популяциясынан қабылдамаушылық қасиетке табиғи жолмен, яғни тасмалдаушылық нәтижесінде ие болуынан деп түсіндіріледі.
Менингококкты инфекция айқын аңғарылатын маусымдылықпен ( күзгі- қысқы және қысқы көктемгі- климаттық географиялық жағдайға байланысты) кезеңділік (10-15жылдық) тән. Ошақтылық менингококкты инфекцияда айқын емес. Эпидемия ошақтарында ауру шалдығу ұжының тығыздығына байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет