Дәріс №1 Тақырыбы: Жұқпалы аурулар туралы жалпы түсінік. Инфекциялық қызмет құрылымы. Жұқпалы аурулардың диагностикасы және емі, алдын алу принциптері. Жұқпалы ауруханасының құрылымы, жұмыс тәртібі, науқастарды ауруханаға жатқызу тәртібі



бет25/61
Дата04.10.2023
өлшемі152,04 Kb.
#183681
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   61
Байланысты:
дәріс кешені (аудитория)ЛД,жұқпалы аурулар,20212022ж

Эпидемиологиясы. Инфекция көзі-науқас адам. Аурудың алғашқы күндері ол өте қауіпті. Вирус сөйлегенде, жөтелгенде, түшкіргенде бөлінеді. Жұғу жолы – ауа тамшылары арқылы. Қоздырғыштың жұғу механизмінің белсенділігі әлеуметтік жағдайға байланысты, яғни елді мекендегі халықтың саны мен тығыз орналасуына байланысты.
Эпидемиялық процесстің сипаты: Бұл ауру барлық елдерде таралған. Аурудың спордиялық таралуы жыл бойына барлық елдерде тіркеледі. А тұмау эпидемиясы қыс, көктем мезгілдерінде, 1-2 жылда қайталанып отырады. Ал В тұмаунынң эпидемиясы 2-3 жылда қайталанып отырады. Ауру шалдығу балалар арасында өте жоғары, әсіресе А тұмауы кезінде балалардың 30-40%, ал В тұмауы кезінде 50% - і шалдыққан. Сонымен бірге ұжымдарда, бала-бақшаларда, мектептерде, студенттер арасында эпидемиялық бұрқ ете қалу түрінде болады. Аурудан кейінгі иммунитет «А» түрінде 2-3 жыл сақталады.
Патогенезі және клиникасы: вирустың ену қақапасы – жоғарғы тыныс жолдарының кілегей қабаты болып табылады. Вирус цилиндрлі эпителийге еніп, осы жасушаларды өлтіреді. Мұрынның кілегей қабатындағы патологиялық процесс жұтқыншаққа, кеңірдекке, бронхқа таралады.
Клиникалық белгілері: Инкубациялық кезеңі – бірнеше сағаттан 3 күнге, көбіне 1-2 күнге созылады. Ауру ағымы типтік немесе атиптік түрде өтуі мүмкін. Аурудың ауырлығына байланысты жеңіл, орташа ауыр, ауыр түрде өтеді.
Типтік түрде ауру жедел, қалтыраумен, дене қызуының тез 38-40ºС – қа көтерілуімен басталады. Науқас басының, маңдай, самай бөліктерінің, көз алмасының ауырсынуына шағымданады. Жарықтан қорқу, бұлшықеттерінің, сүйектерінің, ірі буындарының ауырсынуы болады. Әлсіздік, шаршағыштық, басының айналуы, тәбетінің төмендеуі болады. Кейде құсып, мұрны қанайды. Бірінші тәуліктің соңына қарай жұтқыншақтың құрғап, қышуы және мұрынның бітелуі болады. Науқасты қараған кезде беті қызарып, ісінеді, склера тамырларының инъекциясы, ауыз-жұтқыншақтың кілегей қабатының гиперемиясы байқалады. Терісі ылғалды, трахеиттің дамуының нәтижесінде құрғақ, қатты жөтел және даусының қарлығуы болады. 2-4 күннен кейін жөтел ылғалды болады. 2-3 күннен бастап, мұрыннан аққан бөлініс алғашында серозды, соңынан кілегейлі, іріңді түрге ауысады. 3-4 күннен бастап, ерінде, мұрынға герпес шығады.
Асқынуы: ИТШ, ми ісігі, жедел қан тамырлар жетіспеушілігі, өкпе ісігі, тыныс жетіспеушілігі. Ең жиі кездесетін асқыну – пневмония, отит, гайморит, фронтит, этмоидит, менингоэнцефалит, арахноидит, радикулит, пиелонефрит. Тұмау кейбір созылмалы аурулардың өршуін туғызуы мүмкін. Бұл жағдайдың соңы науқастың өлімімен аяқталуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет