Дәріс №1 Тақырыбы: Жұқпалы аурулар туралы жалпы түсінік. Инфекциялық қызмет құрылымы. Жұқпалы аурулардың диагностикасы және емі, алдын алу принциптері. Жұқпалы ауруханасының құрылымы, жұмыс тәртібі, науқастарды ауруханаға жатқызу тәртібі


Лептоспироз-(син.: Вейль – Васильев ауруы)



бет21/61
Дата04.10.2023
өлшемі152,04 Kb.
#183681
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   61
Байланысты:
дәріс кешені (аудитория)ЛД,жұқпалы аурулар,20212022ж

Лептоспироз-(син.: Вейль – Васильев ауруы)
Кең таралған антропозоо нозды, қоздырғыштың әр түрлі жолдармен берілетін, бауырдың, бүйректің, жүйкенің, тамырлардың зақымдалуымен, толқынды қызбамен, геморрагиялық синдроммен, сарғаюмен, миалгиямен жалпы уланумен сипатталатын жұқпалы ауру.
Аурудың клиникалық маңызы клиникалық диагностикасының күрделілігіне, ауыр ағымына ,ақырынның 15-20%-ға дейін өліммен аяқталуына байланысты. Эпидимиологиялық маңызы - эпидимиялық таралуға биімділігіне, инфекция көзінің әр түрлілігіне ,арнайы алдын алу шарасының болмауына ,індетке қарсы шаралардың күрделі кешенділігіне байланысты.
Этиологиясы. Қоздырғыштар Leptospiraceae туыстығына жататын паразиттік тіршілік ететін Interrogans түрі. Бұл туыстықтың сапрофиттік тіршілік ететін 60 жуық серотиптері бар. Патогенді лептоспиралар 3 серологиялық топқа ,бұл топтар 200 серологиялық варианттарға бөлінеді. Ең жиі кездесетіндері L.grippothyphosa, L. Pomona, L. canicola, L. ballum, L. kazachstanica 1 және 2, L. bataviae т.б. Лептоспиралар Романовский- Гимза және күмістендіру арқылы боялады. Арнайы қоректік орталарда баяу өседі.
Бактерия клеткасы бұзылғанда эндотоксин бөлінеді. Қоршаған орта факторларына төзімді. Ашық тұщы су көздерінде 1 айға дейін сақталады, ылғалды топырақта 280 күн, тағамда бірнеше күн сақталады. Күн сәулесі, кептіру, қайнату, қышқылды ортада, қантта жылдам өледі.
Эпидемсиологиясы. Инфекция көзі - Қоздырғыштың табиғаттағы негізгі резервуары кеміргіштер мен насекомдармен қоректенетін жануарлар. Қосымша қожайындары ауылшаруашылық жануарлары, үй жануарлары, түлкі, құндыз тәрізді торда ұсталатын жануарлар. Жануарларда ауру созылмалы түрде өтеді, қоздырғыштары қоршаған ортаға зәрімен бөледі. Лептоспирозбен сырқаттанған адам айналасына қауіпсіз.
Қоздырғыштың берілу механизмі, жолдары, факторлары. Басты берілу механизмі нәжіс-ауыз. Бұл механизм негізінен су жолымен жүзеге асады. Қоздырғыштың су жолымен берілуі ашық су көздеріне шомылу кезінде, суды қайнатпай ішкенде, ауыз шайғанда, жуу үшін пайдаланғанда т.б. жүзеге асады. Қоздырғыш адам организміне тері қабатының зақымдалған жерлерінен де енеді. Бұлай ену ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін қызметкерлерде жиі кездеседі. Егін шаруашылығында, шөп шабушыларда, балық шаруашылығындағыларда, күріш өсірушілерде, көмір кендеріндегі жұмысшыларға кілегей қабаты арқылы енуі мүмкін. Берілу факторы ролін негізгі атқарушы-су. Эпидемиологиялық маңызы одан төмен факторлар, жем-шөп, тағам, кеміргіштердің бөлінділерімен (зәрі, қынап бөліндісі) ластанған басқа заттар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет