Дәріс №1 Тақырыбы: Жұқпалы аурулар туралы жалпы түсінік. Инфекциялық қызмет құрылымы. Жұқпалы аурулардың диагностикасы және емі, алдын алу принциптері. Жұқпалы ауруханасының құрылымы, жұмыс тәртібі, науқастарды ауруханаға жатқызу тәртібі



бет17/61
Дата04.10.2023
өлшемі152,04 Kb.
#183681
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   61
Байланысты:
дәріс кешені (аудитория)ЛД,жұқпалы аурулар,20212022ж
ПРАКТИКА, Силл Геология 2020-2021, ОШ СОР Информатика ЕМН 11 класс каз, 2 дәріс, жуқпалы аурулар туралы жалпы түсінік
Патогенезі:Сарыптың ауру қоздырғышы адам организміне тері мен шырышты қабат арқылы жұққаннан кейін лимфа жолдары арқылы таралады. Бруцеллалар бадамша без, жұтқыншақ арты, жақ асты, мойын лимфа түйіндері , ішектің илеоцекальдық бөлімінің лимфатикалық аппараты сияқты аймақтық лимфа түйіндерінде тұрақтайды және сол жерлерде бір апта шамасында тез көбейеді. Лимфа түйіндері инфекцияның ішкі резервуары болып табылады. Ауру қоздырғыштарының лимфалық және қан тамырлары арқылы организмнің барлық жеріне таралу ұзақтығы әртүрлі біріншілік жайылмалы инфекция кезеңінің басталуымен сипатталады. Бұл кезеңде айқын бактериемия мен көптеген инфекциялық ошақтар пайда болады. Мұндай өзгерістер инфекцияға созылмалы сепсистік сипат береді. Бруцеллалардың ретикулоэндотелий элементтеріне бай ағзаларда (көк бауыр, бауыр, сүйек майы, лимфа түйіндері) ошақтануы олардың клетка ішінде орналасуына байланысты. Сондықтан бұл инфекция көп жылдарға созылуы мүмкін. Клетка ішінде орналасқан бруцеллалар антибиотиктердің орташа емдік мөлшеріне төзімді болғандықтан сарыпты емдеуде көтеген қиыншылықтар кездеседі.
Қазіргі таңдағы сарып патогенезіне тән ерекшелік – бруцеллалардың лимфатикалық қорғаныстан тез өтіп, инфекциондық процестің жайылмалы түрінің дамуы. Бұл бір жағынан бруцеллалардың антигендік әсерінің өсуіне және ауру қоздырғыштарының қасиеттерінің өзгеруіне байланысты болса, екінші жағынан- адамдардың соңғы жылдары өмір сүру деңгейінің төмендеуі нәтижесінде болған жеткіліксіз резистенттілігіне байланысты. Патогенез фазаларының ығысуы ошақты зақымданулардың ерте пайда болуына алып келеді.
К.Б.Құрманова, А.К.Дүйсенова (2002 ж) төмендегі топтастыруды қолдануға ұсынады:
1. Латенттік сарып (субклиникалық түрі)
2. Айқын клиникалық түрлері:
1. Жедел сарып
- жеңіл ағымды
- орташа ағымды
- ауыр ағымды
2.Жеделдеу сарып
-жеңіл ағымды
-орташа ағымды
-ауыр ағымды
3. Біріншілік –және екіншілік созылмалы сарып
-компенсация
-субкомпенсация
-декомпенсация
4. Сарыппен ауырғаннан кейінгі қалдық өзгерістер,
5. Суперинфекция, реинфекция.
Сарыптың жасырын кезеңі- 3-4 апта. Эндемиялық аймақтарда сапа антигеніне, сенсибилизацияланған адамдарда жасырын мерзім 2,5 ай және одан да ұзақ болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет