Дәріс №1 Тақырыбы: Жұқпалы аурулар туралы жалпы түсінік. Инфекциялық қызмет құрылымы. Жұқпалы аурулардың диагностикасы және емі, алдын алу принциптері. Жұқпалы ауруханасының құрылымы, жұмыс тәртібі, науқастарды ауруханаға жатқызу тәртібі



бет16/61
Дата04.10.2023
өлшемі152,04 Kb.
#183681
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   61
Байланысты:
дәріс кешені (аудитория)ЛД,жұқпалы аурулар,20212022ж
ПРАКТИКА, Силл Геология 2020-2021, ОШ СОР Информатика ЕМН 11 класс каз, 2 дәріс, жуқпалы аурулар туралы жалпы түсінік
Вирусты гепатит С (ВГС)
С гепатитінің вирусы флавирустар тұқымдастығына гепацивирустар туыстастығына жатады. Суперкапсиді бар. Пішіні сфера тәрізді, диаметрі – 55-65нм. Геномы бір жіпті РНК-дан тұрады. ВОЗ-дың мәліметі бойынша планета халықтарының 1 %- і бұл вирусты жұқтырғандар. Барлық посттрансфузиондық гепатиттердің 2/3 –ін HCV құрайды. Олар 100 % жағдайда – қаннан; 50%- сілекейден; 25%- спермадан; 5%- несептен табылады.
С гепатиті клиникасы В гепатитіне қарағанда жеңілдеу өтеді. Инкубациялық кезең – орташа 180-210 күн (14-780 күн). 90 % - жағдайда ВГС посттрансфузиондық гепатиттерді тудырады. Сарғаятын формалары 20-40% жағдайда кездеседі. 70%- жасырын формада өтеді.Сарғаю кезеңі диспепсиялық симтомдармен және жиі терінің қышуымен сипатталады. Айығу 15%, созылмалы форма 75-85% -ды құрайды. Ауру көбіне латентті түрімен өтіп бірнеше жылдардан кейін асқынуға әкеледі. Асқынулар: 25-50%- бауыр циррозы, бауырдың біріншілік рагы – 15-20%. Парентеральды инфекциялар кезінде инфекция көзі: аурудың жедел және созылмалы формаларымен ауыратын науқастар.
Жұғу жолдары: 1. парентеральды (қан және оның препараттары, медициналық құрал-жабдықтар, наркотиктерді парентеральды енгізу);
2. жыныстық;

  1. перинатальды (туу кезінде шырышты қабықшаларына қанның түсуі);

  2. тұрмыстық ( вирустармен контаминацияланған тұрмыстық заттар арқылы) жолмен;

Серологиялық маркері: anti HCV. Спецификалық профилактикасы үшін рекомбинантты полипептидті вакцина ұсынылған әлі зерттелуде.
Емі: антивирусты пегинтрондар,рибоварин, нуклеозидтті препараттар ұсынылады.
Сарып
Зоонозды инфекциялық аллергиялық, көбіне созылмалы түрге бейім, қызба, әлсіздік, терщеңдік белгілерімен, сүйек-буын, жүйке, ішкі ағзалар, несеп-жыныс жүйелерін зақымдайтын жұқпалы ауру.
Этиологиясы: Сарып ауруының қоздырғышы – brucellae туыстығына жататын, ұсақ, таяқша немесе кокк тәрізді, қозғалмайтын, спора түзбейтін, анилиндік бояулармен жақсы боялатын, эндотоксин бөлетін бактериялар.
Қазіргі кезде бруцеллалардың 6 түрі белгілі:

  1. brucella melitensis – қой, ешкі, бруцеллезін қоздырушы, оның 3 түрлі биоварлары белгілі.

  2. Brucella abortus- ірі қара мал бруцеллезін қоздырушы, 9 түрлі биоварлары бар.

  3. Brucella suis-шошқа ( 1,2,3-ші биоварлары), қоян (2- биовар), бұғы (4-ші биовар), қой мен ірі қара малдар (5иовар) бруцеллезін қоздырушылар.

  4. Brusella neotomae- тоғай тышқандары бруцеллезін қоздырушы.

  5. Brusella ovis- қошқар бруцеллезін қоздырушы.

  6. Brusella canis- ит бруцеллезін қоздырушы.

Бруцеллалардың ішіндегі В.melitensis аса уытты, адамға өте тез жұғып,
аурудың ауыр түрін тудырады. АлBrusella abortus пен Brusella suis түрлері адамға сиректеу жұғады және бұлардың вируленттілігі әлсіздеу болады. Бірақ ірі қара малдар Brusella melitensis түрімен ауырса, онда ауырған ірі қараның бруцеллезі де адам үшін өте қаіпті болып саналады.
Бруцеллалар сыртқы ортада өте шыдамды болып келеді:

  • Малдың тезегінде, зәрінде, мал ластаған суда 40 күнге дейін «өлмей» өмір сүреді;

  • Мұзға, қарға түскен бруцеллалар 1-2 айға дейін шыдайды;

  • Сарыппен ауырған сиырдың сүтінен жасалған сары майда, брынзада қоздырғыштар 40-60 күнге дейін өмір сүруі мүмкін;

  • Теңіз суында, шаң-тозаңда екі жарым ай сақталады;

  • Топырақ қыртысында, көңде, қида 3-4 ай өмір сүреді.

Бруцеллалар күннің тура түскен сәулесі мен қайнатуға сезімтал болады. Мысалы, суды 50 градусқа дейін ысытқанда бұл микробтар 1-сағаттан кейін,
70- градусқа дейін ысытқанда 10-15 минуттан кейін өледі, ал 100 градуста бірден жойылады. Сондай-ақ, хлорлы әктің 5% ерітіндісі, карбол, лизол немесе креолиннің 3% ерітінділері сияқты улы заттар бруцеллаларды жойып жібереді.
Сарып ауруы үш түрлі жолмен жұғуы мүмкін:

  • Тағамдар (алиментарлық) арқылы,

  • Тұрмыстық қарым-қатынас кезінде,

  • Аэрогенді жолмен.

Қолды жумай тамақ ішу, ауру мал бар қора ішінде темекі тарту, қолға қолғап кимей қой қырқу, жүн түту, тері өңдеу қауіпті болып саналады. Балаларға мал қораларында немесе оның маңында жалаң аяқ жүруге болмайды, себебі бруцеллалар тері арқылы, әсіресе дененің терісі сыдырлаған жерлері арқылы тез жұғады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет