Дәріс №1 Тақырыбы: Жұқпалы аурулар туралы жалпы түсінік. Инфекциялық қызмет құрылымы. Жұқпалы аурулардың диагностикасы және емі, алдын алу принциптері. Жұқпалы ауруханасының құрылымы, жұмыс тәртібі, науқастарды ауруханаға жатқызу тәртібі


ВГВ–нің серологиялық маркерлері арқылы ИФА диагностикасы



бет15/61
Дата04.10.2023
өлшемі152,04 Kb.
#183681
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   61
Байланысты:
дәріс кешені (аудитория)ЛД,жұқпалы аурулар,20212022ж
ПРАКТИКА, Силл Геология 2020-2021, ОШ СОР Информатика ЕМН 11 класс каз, 2 дәріс, жуқпалы аурулар туралы жалпы түсінік

ВГВ–нің серологиялық маркерлері арқылы ИФА диагностикасы:


1. НВsAg- беттік (поверхностный) антиген - жедел және созылмалы форманы білдіреді.
2.anti- НВs total) – НвsAg –ке қарсы антиденелер- табиғи және жасанды иммунитеттің бар екендігін білдіреді.

  1. Ig G anti- HВс ) - НВсAg- ке қарсы антиденелер бұрын болған инфекцияны білдіреді.

  2. anti-НВс Ig M – НвсAgке қарсы -Ig M -дік антиденелер жедел инфекцияны білдіреді, қаннан 3-6 ай бойы табылады.

  3. НвеAg В гепатитінің антигені жоғары инфекциялықты білдіреді.

ПТР-диагностикада вирустың бір миллилитр қандағы көлемі, мөлшері анықталады.
Вирусты гепатит Д (ВГД)
1977ж М. Ризетто жаңа инфекциялық агентті тапқан, гепатиттің ауыр формасын тудыратын оны дельта-антиген деп атаған. Дельта вирусты иммунофлуоресценция әдісі көмегімен созылмалы гепатиті бар науқастардың гепатиоцит ядросынан тапқан. Вирион сфера пішінді, диаметрі 35-37 нм. суперкапсиді бар. Геномы сақиналы РНК-дан тұрады. Дельта вирус В гепатиті вирусының сателлиті болып есептеледі. Гепатит Д –ның вирусы – дефектті вирус, оның репродукциясы үшін В гепатитінің вирусы қажет,
сондықтан ВГД :

  1. Коинфекция, яғни ( ГВ мен ГД –нің бір мезгілде жұғуы) түрінде өтеді.

  2. Суперинфекция ( созылмалы ГВ инфекциясына ГД –ның қосылуы ) түрінде өтеді.

Дүние жүзі бойынша дельта вирус тасымалдаушылар 5 % (15 млн- дай адам). Жұғу жолдары: парентеральды (қан және оның препараттарымен) жолмен және вертикальды (анасынан ұрыққа) жолмен жұғады. ВГД 15 %- жедел және 70-80% жағдайда созылмалы. Асқынулары: басқа гепатиттермен салыстырғанда, фульминантты гепатит және бауыр циррозы жиі дамиды. ВГД –ның серологиялық маркерлері: IgM anti- HДV, total anti- HДV.
Спецификалық профилактикасы ВГВ және ВГД қарсы вакцинация.
Вакциналар типтері:

  1. Рекомбинантты немесе гендік инженерлік вакциналар рекомбинантты саңырауқұлақтардан бөлінген НВs-Ag негізінде жасалған.

  2. Созылмалы вирус тасымалдаушылар қанынан бөліп алынған және тазартылған НВs-Ag -нен жасалған плазмалық вакциналар.

ВГВ-ға қарсы моноваленті вакциналар сұйық түрде флакондарда шығарылады, бір дозалы немесе көп дозалы болады, тек қана В гепатитінен қорғайды. Поливалентті вакцина гепатит В –ға қарсы, басқа вакциналармен комбинациясы, бірнеше ауруларға қарсы (АКДС пен бірге немесе гемофильді инфекцияларға қарсы вакциналармен бірге). Нәресте туылған кезде бірінші доза ретінде міндетті түрде ВГВ –ға қарсы моноваленті вакцина қолданылады. Вакцинация ұлттық егу календарына сәйкес жүргізіледі.
1 жасқа дейінгі балалар үшін мерзімі – 0-2-4 айда; басқа адамадар үшін 0-1-6 , яғни бірінші және екінші егу арасы 1 ай, ал екінші және үшінші егу арасы 5 ай.
Вакцинацияның толық курсын алған соң, 95 % егілгендерде НВs-Ag- ге қарсы антиденелер (анти - НВs) түзеледі. ВГВ- ға қарсы вакцинациядан кейін антиденелер түзілген адамдар толығымен жедел және созылмалы В гепатитінен, және дельта-инфекциядан жақсы сақталады.
Вакцинацияға қарсы көрсетілімдер:

  1. дене салмағы 1500 грамнан төмен шала туған нәрестелер;

  2. алдынға дозаға аллергиялық реакциясы барлар ( крапивница, көмей және ауыз ісігі, гипертензия, шок), мұндайда әрі қарай бұл вакцина егілмейді.

  3. Температурасы бар, 380 С орташа және ауыр аурулар немесе жалпы жағдайдың ауыр бұзылулары (вакцинация жағдай дұрысталған соң жасалады)

4. жедел жұқпалы аурулар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет