Дәріс №1 Тақырыбы: Жұқпалы аурулар туралы жалпы түсінік. Инфекциялық қызмет құрылымы. Жұқпалы аурулардың диагностикасы және емі, алдын алу принциптері. Жұқпалы ауруханасының құрылымы, жұмыс тәртібі, науқастарды ауруханаға жатқызу тәртібі



бет20/61
Дата04.10.2023
өлшемі152,04 Kb.
#183681
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   61
Байланысты:
дәріс кешені (аудитория)ЛД,жұқпалы аурулар,20212022ж

Диагностикасы:Сарып диагнозын дұрыс қою үшін науқасты толық және мұқият тексере білу керек:ұрыс қою үшін науқасты толық және мұқият тексере білу керек:
Лабораториялық зерттеу әдістері: бактериологиялық, биологиялық, серологиялық, аллергологиялық.

    • бактериологиялық зерттеу кезінде науқастан қан, жұлын сұйықтығы, сүйек кемігі, буын сұйықтығы, зәр, өт т.б. материалдарды антибиотиктерді қолданбай тұрып алу керек.

    • Биологиялық зерттеу жасау үшін теңіз шошқалары мен ақ тышқандарды қолданады.

    • Серологиялық зерттеу әдістері – агглютинациялық Райт реакциясы, агглютинациялық Хеддльсон реакциясы, комплемент байланыстыру реакциясы, тікелей емес гемагглютинация реакциясы, Кумбс реакциясы, Иммуноферменттік анализ қолданылады.

    • Антигенді анықтау әдісі – антигенді нейтралдау реакциясы, агрегат гемагглютинация реакциясы, антигенді байланыстыратын лимфоциттер реакциясы, полимеразды тізбекті реакциясы.

    • Аллергиялық Бюрне сынамасы – 0,1мл бруцелинді тері ішіне егу әдісі. Нәтижесінде теріде ауырсыну, қызару, ісіну өзгерістері пайда болады.

Емдеу:Сарыпқа қарсы емдеу аурудың түріне, клиникалық белгілеріне, әсіресе ошақты зақымданулар сипатына, қосалқы басқа ауруларға, тағайындалатын дәрілерге бейімділігіне және тағы басқаларға байланысты болады. Ем науқаста сарыптың клиникалық белгілері болған кезде тағайындалады.
Сарыптың жедел, жеделдеу түрлерінде төменде көрсетілген емді қолданған дұрыс:

  • антибактериальдық ем,

  • дезонтоксикациялық ем,

  • қабынуға қарсы дәрі-дәрмектер,

  • иммуномодуляторлар.

Ал аурудың созылмалы түрлерінде тағайындалатын ем:
- гипосенсибилизациялық ем,
- антибактериальдық ем (инфекциялық процесстің белсенділігі болған жағдайда оны жоюға арналған),
- қабынуға қарсы дәрі- дәрмектер,
- симптоматикалық ем,
- био-және иммуностимуляторлар,
- физиотерапиялық ем,
- емдік және шынықтыру,
- ине рефлексті терапия,
- санаторлық –курорттық ем.
Этиотропты ем: Сарыпты емдеуге қолданатын этиотропты препаратттар – тетрациклин, доксициклин, амногликозидтер (стрептомицин, канамицин, гентамицин, нетилмицин), левомицетин, рифампицин, рифаметоприм, фторхинолондар (пефлоксацин мезилат, флероксацин, ципрофлоксацин), цефалоспориндер (офрамакс-цефтриаксон натрий тұзы).
Тетрациклиндер – жасушадан тыс бруцеллаларға әсер етеді.
Қабынуға қарсы препараттар – бұл қабыну процесі бар ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектер тобы. Қабыну өзгерістеріне әсер ететін препараттар стероидты емес және стероидты болып екіге бөлінеді. Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар құрамын әлсіз органикалық қышқылдар тобының туындылары құрайды: салицил қышқылы (натрий салицилаты, ацетилсалицил қышқылы), индол қышқылы (индометацин, сулиндак, толметин), пропион қышқылы (ибупрофен, брустан, кетопрофен, напроксен), фенилсірке қышқылы (диклофенак натрий, фенклофенак), фенаматтар (мефенамат, флюфенамат қышқылы), оксикамдар (пироксикам, мелоксикам, изоксикам), никотин қышқылы (нифлум қышқылы, клониксин), пиразолон (бутадион, амидопирин, реопирин, анальгин), коксибтер (ранселекс).
Буындарының үдемелі қабынуы бар науқастарға қабынуға қарсы дәрілермен қосып хинолин препараттарын (делагил, плаквенил) тағайындайды.
Орталық жүйке жүйесі зақымдалған кезде қысқа уақытқа кортикостероидтар тағайындайды: преднизолон, триамсинолон.
Дезинтоксикациялық ем жүргізу мақсатында науқастарға көп мөлшерде шай мен минералдық сұйықтар- 5% глюкоза ерітіндісі, глюкосоль, калий препараттары (панангин, калий оратат), реополиглюкин, 0,9% натрий хлор ерітінділері тамшылатып көк тамырдан жіберіледі.
Симптоматикалық ем: дибазол, но-шпа, галидор, беллоид, беллатаминал натрий, андипал, баралгин, кетанов, пирроксан препараттары тағайындалады.
Биостимуляторлар: Алоэ, ФИБС, гумизоль, румалон, плазмол, лидаза, ронидаза, церебролизин, пеллоидодистиллит сияқты препараттар науқастың қалпына келу процессін жақсартады.
Иммуномодуляторлар: Тимоген, Т-активин, иммуномодулин, полиоксидоний, ронколейкин, А витамині, дибазол, метилурацил, натрий нуклеинатты орташа емдік мөлшерде тағайындау қажет.
Сенсибилизацияны төмендететін препараттар: Сұйық бруцеллезді аллергенді (химиялық өңдеулер процестері нәтижесінде бруцеллез бактерияларынан алынған полисахаридті-белоктық комплекстің 0.1%-тік ерітіндісі) айқын сенсибилизациясы бар науқастарды емдеуге арналады. Оны буынның, паравертебральдық нүктелердің үстіндегі тері ішіне 0,1 мл, әр нүктеге схема бойынша 0,1-0,2-0,3-0,4-0,5-0,6-0,7-1,0 арасындағы үзіліс 2-3 күннен 5-7 рет жасайды.
Физиотерапия, массаж, емдік дене шынықтыру: Физиоемдеуді жеделдеу және созылмалы сарыпта, науқастың дене қызуы қалпына келгенде тағайындау қажет. Зақымдалған буындарды, жүйке түйіндерін жергілікті жылу әсерімен соллюкс лампасымен, эритемді ультракүлгін сәулелерімен емдейді.
Санаторлық-курорттық емде созылмалы сарыпта буын жүйесінің, жүйке жүйесінің зақымдануы бар науқастарға тағайындалады.
Диспансерлік бақылауға науқастарды Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің №136 бұйрығына сәйкес 2 жылға тұрады.
Алдын алу шаралары: Сарып ошағында ауру малмен қатынаста болған барлық адамдарды тез арада тексеруден өткізу керек (клиникалық тексеру, Райт-Хеддельсон реакцияларын жасау). Ауру малды жойғаннан кейін және ауру ошағын сауықтырғаннанкейін, қарым-қатынаста болғандарды 6 ай көлемінде бақылайды, лабораториялық тексеруден өткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет