Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ
Кафедра: «Арнайы клиникалық пәндер»
Мамандығы: Жалпы медицина
СӨЖ тақырыбы:
Жүйке жүйесінің ауруларындағы емдік
дене шынықтыру және емдік тағам
Қабылдаған: Нұсқабаева Г.О.
Орындаған: Садықова Г.
Тобы: ЖМ-517
Зерттеу сұрағы: - Зерттеу сұрағы:
- 1.Жүйке жүйесі бұзылысынан туындайтын аурулар?
- 2.Жүйке жүйесі ауруларында қолданылатын емдік дене шынықтыру?
- 3.Жүйке жүйесі ауруларындағы емдік тағамдар?
- Зерттеу мақсаты:
- Ми және жұлын зақымдануында қимыл-қозғалыстың бұзылуы белгілерімен танысу. Шеткері жүйке жүйесі ауруларына (неврит, невралгия, плексит, радикулит) қолданылатын емдік гимнастиканың әдістерін жетік меңгеру.
Жоспары: - І. Кіріспе.
- ІІ. Негізгі бөлім.
- жүйке ауруларының негізгі себептері;
- емдік гимнастиканың негізгі мақсаты;
- ШЖЖ-нің аурулары;
- ОЖЖ-нің аурулары;
- невроз ауруы;
- №12 диеталық стол;
- ІІІ. Қорытынды.
- ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе - Жүйке жүйесі - адам организмінің реттеуші және үйлестіруші қызметін атқаратын күрделі жүйе болып табылады. Жалпы жүйке аурулары орталық және шеткері жүйке жүйелерінің зақымдануына байланысты екіге бөлінеді. Орталық (реттеуші) жүйке (ми және жүлын) ауруына шалдыққанда, организмде айтарлықтай органикалық өзгерістер байқалады. Ал жоғары реттеуші орталықта, анатомиялық құрылысында ешбір өзгеріс байқалмаса, онда шеткері жүйке жүйесі зақымданған болып табылады. Оның ішінде ең негізгісі — невроздар.
Ми қабы негізінен екі процесті орындайды: қозу және тежеу. Ми қабының жұмысына бүкіл организмнің өзгерісі әсер етеді. Организмнің құрылыс ерекшеліктеріне қарай көбіне жүйке жүйесіндегі реакциялар соған сәйкес дамып отырады. - Ми қабы негізінен екі процесті орындайды: қозу және тежеу. Ми қабының жұмысына бүкіл организмнің өзгерісі әсер етеді. Организмнің құрылыс ерекшеліктеріне қарай көбіне жүйке жүйесіндегі реакциялар соған сәйкес дамып отырады.
Жүйке ауруларының негізгі себептері: - оқыс жарақаттану, жұқпалы аурулармен организмнің улануы, зат алмасуының бұзылуы, шаршап-шалдығу, қиналу, эмоциялық факторлар т. б. Осындай себептерден денеде әр түрлі өзгерістер айқындалады. Жүйке жүйесі зақымданған кезде ең алдымен қимыл-қозғалыс, кейін сезімталдық және трофикалық әсерлер кемиді.
- Қимыл-қозғалыс әрекетінің бұзылуы адамның мүлде қозғалмай немесе жартылай қимылсыз қалуына әкеп соқтырады. Оны салдану немесе паралич,парез деп атайды. Олардың өзі екі түрге бөлінеді: спастикалық немесе сіресіп қалу және солып қалу.
Спастикалық түрі көбінесе ми қабы қатпарлары зақымданғанда болады. Онда денеде бұлшықеттер мен сіңірлер тырысып қалады. - Спастикалық түрі көбінесе ми қабы қатпарлары зақымданғанда болады. Онда денеде бұлшықеттер мен сіңірлер тырысып қалады.
- Солған түрі жұлын немесе шеткері жүйке сабақтары зақымдануының салдарынан болады.Бұл кезде бұлшықет әлсізденіп, семиді, сіңір рефлекстері төмендеп,тіпті мүлде жойылып кетеді. Жүйке жүйесі ауруға шалдыққанда бұлшықеттердің немесе буындардың қозғалмай сіресіп қалуы (контрактура) байқалады.Ал сезімталдық бұзылғанда адам ауруды, ыстық-суықты, теріге тигенді, сипағанды мүлдем сезбейді.
- Трофикалық өзгеріс жұлын мен шеткері жүйке жүйесі ауруға шалдыққанда жиі байқалады. Жүйке жүйесі зақымданған бөлікте қан-лимфа айналымы нашарлап, оттегі жетіспеушілігі болады. Осының өзі терінің ойылуына, жара пайда болып, ісінуіне, тіндердің өлуіне ықпал жасайды.
Жүйке жүйесі ауруларымен ауыратын науқастардың жазылу көрсеткіштері: Жүйке жүйесі аурулары айлап, жылдап ұзаққа созылады. Соның әсерінен жүрек-қан тамыр, тыныс алу, ас қорыту, зат алмасу мүшелері зардап шегеді. Кейде,науқастың еңсесін көтеріп қайта ортаға қосуға мүмкіндік болмаса, ондай адамдар мүгедек болып, жұмыс істеуге жарамай қалады. - Жүйке жүйесі аурулары айлап, жылдап ұзаққа созылады. Соның әсерінен жүрек-қан тамыр, тыныс алу, ас қорыту, зат алмасу мүшелері зардап шегеді. Кейде,науқастың еңсесін көтеріп қайта ортаға қосуға мүмкіндік болмаса, ондай адамдар мүгедек болып, жұмыс істеуге жарамай қалады.
- Жүйке жүйесі ауруының қандай түрі болса да басқа емдеу әдістерімен қатар дене тәрбиесі де кеңінен қолданылады. Оның тигізетін пайдасы нейрогумаралды механизм арқылы іске асырылады. Берілген жаттығулар, бүкіл организмнің қайтарған жауабы іспетті көңіл-күйін көтеріп, қимыл-қозғалысты реттейді. Емдік гимнастиканың әсерінен жүйке талшықтарының өткізгіштік қабілеті артып, денеде жаңадан шартты рефлекс қалыптасады.
- Емдік гимнастиканың трофикалық қасиеті денедегі қан мен лимфа айналымын жақсартып, тіндерді қоректендіріп, терідегі сызат алган, жара болған жердің тез жазылуына, жүйке талшықтарының қалпына келуіне,тіндердің тез жетілуіне мейлінше ықпал жасайды. Аурудың жазылуы осы жаттығуларға сенуіне және оны күнделікті мүлтіксіз орындауына тікелей байланысты болып келеді.
Емдік гимнастиканың негізгі мақсаты: - 1. Аурудың жалпы жай-күйін, ой-өрісін өсіру;
- 2.Жүрек-тамыр, тыныс алу, ас қорыту мүшелерінің қызметін арттыру;
- 3.Буындардың қимыл-қозғалысын арттырып, контрактурадан (қатып қалу) алдын алу. Зақымданған жердің бұлшықетін жетілдіру;
- 4. Зат алмасуын арттырып, жара болған, ойылған жерлерді тез жетілдіру;
- 5.Компенсациялық әрекетті (орнына қолдану) кеңінен пайдалану;
- 6. Науқастың өзіне сенімділігін арттырып, жүруге ынталандыру және өз бетінше қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру.
Осы мақсаттың бәрін іске асыру үшін, емдік гимнастиканы ертеңгі гигиеналық гимнастика ретінде, өз бетінше орындалатын сабақ түрінде, мөлшермен жүру, жүзу, механотерапия, еңбекке баулу және массаж түрінде қолдануға болады. Сонымен қатар паралич болған аяқ-қолды күні бойы әр түрлі бағытта жатқызып қояды (астына жастық салып көтеріп, оңға-солға бұрып, төмен түсіріп т. б.). Сонда буынның құрысып қалуынан сақтайды. Кейде арнайы қалыпқа, тақтаға, тор сымға қолды не аяқты салып таңып қояды. Ол өз салмағымен бос бұлшық еттердің одан әрі созылып кетуіне жол бермейді. Осындай қалыпқа салу күніне бірнеше рет қайталанып, 20—25 минуттан — 3—4 сағатқа дейін созылады. - Осы мақсаттың бәрін іске асыру үшін, емдік гимнастиканы ертеңгі гигиеналық гимнастика ретінде, өз бетінше орындалатын сабақ түрінде, мөлшермен жүру, жүзу, механотерапия, еңбекке баулу және массаж түрінде қолдануға болады. Сонымен қатар паралич болған аяқ-қолды күні бойы әр түрлі бағытта жатқызып қояды (астына жастық салып көтеріп, оңға-солға бұрып, төмен түсіріп т. б.). Сонда буынның құрысып қалуынан сақтайды. Кейде арнайы қалыпқа, тақтаға, тор сымға қолды не аяқты салып таңып қояды. Ол өз салмағымен бос бұлшық еттердің одан әрі созылып кетуіне жол бермейді. Осындай қалыпқа салу күніне бірнеше рет қайталанып, 20—25 минуттан — 3—4 сағатқа дейін созылады.
ШЖЖ-нің аурулары - Шеткері жүйке жүйесі ауруларына невриттер жатады.
- Неврит — жүйке талшықтарының немесе сабағының қабынуы, ал невралгия — жүйке талшықтары бойымен сырқырап ауыруы. Мұндай науқастар кенет жарақаттанғанда, суық тиіп нерв талшықтары қабынғанда, уланғанда кездеседі.
- Жарақаттанған кезде жүйке талшықтары қатты тербеліске түсіп шайқалуы, созылуы, кейде тіпті үзіліп кетуі де ықтимал. Тербеліске түскен кезде жүйке талшықтарының өткізгіштік қасиеті жойылып кетуі мүмкін, сонда қимыл-қозғалыс және сезімталдық адам бойында байқалмай қалады. Созылғанда, жаншылғанда жүйке талшықтары бүлініп, белгілі бір бөлікте бұлшықеттердің солуына, сал болып қалуына ықпал жасайды.
- Жүйке талшықтарының жарақаттанған бөлігіне байланысты әр түрлі аталады. Мысалы, жүйке түбінің қабынуы — радикулит, жүйке өрімдерінің қабынуы — плексит, бір жүйке талшығының қабынуы — мононеврит, ал бірнеше жүйке талшықтары қабынса — поленеврит деп аталады.
Неврит ауруына шалдыққан адамға комплексті ем қолданылады. Дәрі-дәрмек, физиотерапия, массаж, ЛФК. Емдеу мерзімі ұзақ, кем дегенде 8 айға созылады. Өйткені жүйке талшықтарының қайта қалпына келуі өте жәй, біртіндеп өтеді. Сондықтан алғашқы кезде адамның өзі орындай алатын қарапайым жаттығулар жасалады. Әр қимыл-қозгалыс ыңғайлы қалыпта, жылы ванна қабылдап, денені босаңсытқан соң оңай орындалады. Жарымжан болған аяқ немесе қол қимылдау үшін жылтыр тақтай, стол, кішкене дөңгелек орнатқан сырғанақ арба керек, солар арқылы қозғалу жеңілірек болады. Жаттығулар байыппен, асықпай, орташа жылдамдықпен орындалады. - Неврит ауруына шалдыққан адамға комплексті ем қолданылады. Дәрі-дәрмек, физиотерапия, массаж, ЛФК. Емдеу мерзімі ұзақ, кем дегенде 8 айға созылады. Өйткені жүйке талшықтарының қайта қалпына келуі өте жәй, біртіндеп өтеді. Сондықтан алғашқы кезде адамның өзі орындай алатын қарапайым жаттығулар жасалады. Әр қимыл-қозгалыс ыңғайлы қалыпта, жылы ванна қабылдап, денені босаңсытқан соң оңай орындалады. Жарымжан болған аяқ немесе қол қимылдау үшін жылтыр тақтай, стол, кішкене дөңгелек орнатқан сырғанақ арба керек, солар арқылы қозғалу жеңілірек болады. Жаттығулар байыппен, асықпай, орташа жылдамдықпен орындалады.
- Аяқтың жүйке жүйесі зақымданса, оның тірек қызметін арттыруға баса назар аударылады. Алдымен шалқадан жатып, аяқты бірдеңеге тіреп, бүгіп-жазады. Одан кейін тізерлеп тұрып әр түрлі жаттығуларды орындайды. Таяқ ұстап жүруге дағдылану үшін арқа, бел, иық бұлшықеттерін шынықтырады.Жүрген кезде аяқ ұштарын дұрыс қою, баспалдақпен көтерілгенде денені тік ұстау.
- Қол жансызданған кезде әр түрлі заттарды саусақтармен, алақанмен уыстап ұстауға дағдыландырады. Сол сияқты губка, резинка доптарды қысып-жазып жаттықтырады. Осындай жаттығуларды күніне 4—6 рет қолдану керек.
Радикулит немесе құяң ауруы бел омыртқаларының тұсында жиі кездеседі. Ол өзінше жеке немесе остеохондроздың салдарынан болады. Спортсмендер арасында омыртқа зақымданған кезде: оқыста құлап қалу, артық салмақ түсіру, қатты қайқайып кету сияқты омыртқа жотасының қиналуы радикулитке әкеліп соғады. - Радикулит немесе құяң ауруы бел омыртқаларының тұсында жиі кездеседі. Ол өзінше жеке немесе остеохондроздың салдарынан болады. Спортсмендер арасында омыртқа зақымданған кезде: оқыста құлап қалу, артық салмақ түсіру, қатты қайқайып кету сияқты омыртқа жотасының қиналуы радикулитке әкеліп соғады.
- Ең негізгі белгілер: белі қатты ауырып, ол аяғына беріліп, жүре алмай қалады. Қимыл-қозғалыс толық орындалмай, алға еңкею, бір жағына бұрылу мүмкін болмайды. Ауру жақтағы аяқ созылмай, бұлшықеттер әлсіреп, бөксенің, сан мен балтыр бұлшықеттері семиді. Қатты ауырғандықтан адам бір жағына қисайып қалады. Мұның өзі ұзаққа созылса, кейде омыртқаның қисайып, сколиоз ауруына шалдығуына душар етеді.Бұл ауру ұзаққа созылады. Оқыста суық тисе, жарақаттанып қалса мұндай созылмалы ауру асқынып, барлық белгілері қайта байқалады. Бұл кезде бірден ауруханаға жатқызылады. Аурудың беті қайтып, асқынуы басылысымен емдік гимнастика тағайындалады.
- Оның негізгі мақсаты — қан айналымын жақсартып, арқа бұлшықеттерін жетілдіру және қатты аурудан пайда болған контрактураны (еттің түйілуі) болдырмау, денені түзету т. б.
Төсекте жатқан кезде емдік гимнастика белге, бөксеге, балтырға массаж жасауды үйлестіре өткізіледі. Шалқадан жатып тізе, мықын буындарын бүгіп-жазып, мықынды көтеру сияқты жаттығулар орындалады. Егер ауру аяқты көтеру қиынға соқса, онда сау аяқты ауру аяқтың астынан тіреп, мүмкіндігінше жоғары көтереді. Алғашқы кезде жаттығулардың ұзақтығы 10—12 минут, кейін біртіндеп 20—25 минутқа созылады. Палаталық режимге көшкен кезде мынадай жаттығулар жасалады: науқас етпеттеп жатып, еңбектеп тұрады. Содан соң түрегеліп тұрып алға-артқа, екі жаққа кезек иіліп, денені остің бойымен айналдыра бұрайды, денені тік ұстап жүреді.Қимыл-қозғалыс жәй ырғақпен, баяу түрде өтеді. - Төсекте жатқан кезде емдік гимнастика белге, бөксеге, балтырға массаж жасауды үйлестіре өткізіледі. Шалқадан жатып тізе, мықын буындарын бүгіп-жазып, мықынды көтеру сияқты жаттығулар орындалады. Егер ауру аяқты көтеру қиынға соқса, онда сау аяқты ауру аяқтың астынан тіреп, мүмкіндігінше жоғары көтереді. Алғашқы кезде жаттығулардың ұзақтығы 10—12 минут, кейін біртіндеп 20—25 минутқа созылады. Палаталық режимге көшкен кезде мынадай жаттығулар жасалады: науқас етпеттеп жатып, еңбектеп тұрады. Содан соң түрегеліп тұрып алға-артқа, екі жаққа кезек иіліп, денені остің бойымен айналдыра бұрайды, денені тік ұстап жүреді.Қимыл-қозғалыс жәй ырғақпен, баяу түрде өтеді.
- Ауру адам еркін жүре бастағанда аяқ-қол қимылдары толық қосылып, орташа жылдамдықпен атқарылады. Мұнда доп, шығырық, шеңбер, жеңіл гантель сияқты заттарды пайдаланады. Емдік гимнастика гигиеналы, арнайы емдеу, өзінше сабақ, дозалы жүру, еңбек терапиясы және массаж осы сияқты формалармен толықтырылады.
Шонданай невриті — өзінше жеке кездесетін мононеврит болып табылады. Ол мықыннан бастап өкшеге дейін қақсатады. Әсіресе, еңкейгенде, аяқты көтергенде ауру күшейеді. Осының салдарынан адам жүруден қалады. Кейде аяқтың бұлшықеттері тез арада семіп кетеді. Оны уақытында емдемей асқындырып алса, аяқтың басы жансыздануы мүмкін. Бұл адамның жүруін одан әрі қиындатады. - Шонданай невриті — өзінше жеке кездесетін мононеврит болып табылады. Ол мықыннан бастап өкшеге дейін қақсатады. Әсіресе, еңкейгенде, аяқты көтергенде ауру күшейеді. Осының салдарынан адам жүруден қалады. Кейде аяқтың бұлшықеттері тез арада семіп кетеді. Оны уақытында емдемей асқындырып алса, аяқтың басы жансыздануы мүмкін. Бұл адамның жүруін одан әрі қиындатады.
- Сондықтан емдеу гимнастикасы ең алдымен аяқ басына баса назар аударылады. Егер өздігінен қозғалмаса, аяқтың басы салақтап қалмас үшін тақтайға, темір тордан жасалған арнайы қалыпқа салып таңып тастайды. Аяқ басы мен жіліншік арасы тік бұрыш құрау керек. Осылай алдын-ала дайындалған аяқты, жан-жағына қи-мылдатып, еденге басып, түрегеліп жүруге болады.
ОЖЖ-нің аурулары - Ми қан айналымының бұзылуы, ми шайқалу, жарақаттану, ми мен жұлындағы ісік — осының бәрі жоғары жүйке жүйесі ауруларына жатады. Мұндай қауіпті сырқаттардың кеселінен спастикалық паралич, жансызданып қалу немесе сезімталдығы кему, трофикалық күйреу, сіңір рефлекстері көтерілу, ақыл-естің өзгеруі т. б. көптеген жағымсыз белгілер білінеді.
- Мидағы қан айналымы бұзылуы, сол қан тамырларының таралуы, склерозға шалдығуы, соңында миға қан құйылуға немесе тамырлардың мүлде тығындалып қалуына әкеп соғады. Мұндай кезде мидағы өзгерістер әр клеткада байқалады.
- Осыған душар ететін факторлар гипертония ауруы, адамның дене және ой еңбегімен қиналуы, жұқпалы аурулармен ұзақ ауыру, дененің әр түрлі заттармен улануы болып табылады.Аурудың басталуы кенеттен болады. Аяқ астынан адам есінен айырылып, жүрек-тамыр, тыныс алу мүшелерінде өзгерістер байқалып, бір жағы жансызданып қалады. Кейде тілден де айрылады.
Жансызданған қолдың иілетін бұлшықеттері сіресіп, жазылмай, бүгілген қалпында қалады. Аяқта керісінше, жазылғыш еттер икемге келмей сіресіп, көсілген қалпында қақиып қалады. Осының бәрін жеңу үшін бірінші күннен бастап жансызданған аяқ-қолды қозғалтып, әр түрлі қалыпта ұстайды. Емдік гимнастиканы екінші аптадан бастап тағайындайды. Оны массажбен үйлестіре жүргізу өте тиімді. - Жансызданған қолдың иілетін бұлшықеттері сіресіп, жазылмай, бүгілген қалпында қалады. Аяқта керісінше, жазылғыш еттер икемге келмей сіресіп, көсілген қалпында қақиып қалады. Осының бәрін жеңу үшін бірінші күннен бастап жансызданған аяқ-қолды қозғалтып, әр түрлі қалыпта ұстайды. Емдік гимнастиканы екінші аптадан бастап тағайындайды. Оны массажбен үйлестіре жүргізу өте тиімді.
Емдік гимнастиканы қолданғандағы негізгі мақсаттары: - 1. Адамның көңіл-күйін, еңсесін көтеру;
- 2. Жансызданған жағында қан-лимфа айналысын жоғарылатып, зат алмасуын жақсарту;
- 3. Жүрек-қан-тамыр, тыныс алу, ас қорыту сияқты ішкі ағзалардың қызметін қалыптастыру;
- 4. Терінің ойылуын, буынның бүгілмей қалуын, контрактура болмауын, өкпенің көп жатқаннан қабынбауын қадағалап, алдын-алу;
- 5. Жоғалған қимыл-қозғалысты қалпына келтіру;
- 6. Жүру үйлесімділігін қадағалап, өзін-өзі бағдарлау, өз бетімен кіріп-шығып, тамағын алып ішуге дағдыландыру.
Емдік гимнастика алғашқыда сау жағынан басталады. Аяқ-қолды бүгіп-жазу, айналдыру, дұрыс тыныс алу сияқты жаттығуларды сау қолмен орындап, осы қимыл-қозғалысты біреудің көмегімен, немесе сау қолдың қатысуымен ауырған қолға жасайды. Әсіресе, бүгіліп қалған саусақтарды, қолды шынтақ буыннан жазуға ынталанады. Аяқты тізеден бүгіп-жазып, аяқ ұшын жан-жаққа қозғайды. Қимыл баяу, бәсең, асықпай орындалады. Әр буында 6 —10 рет қайталанады. - Емдік гимнастика алғашқыда сау жағынан басталады. Аяқ-қолды бүгіп-жазу, айналдыру, дұрыс тыныс алу сияқты жаттығуларды сау қолмен орындап, осы қимыл-қозғалысты біреудің көмегімен, немесе сау қолдың қатысуымен ауырған қолға жасайды. Әсіресе, бүгіліп қалған саусақтарды, қолды шынтақ буыннан жазуға ынталанады. Аяқты тізеден бүгіп-жазып, аяқ ұшын жан-жаққа қозғайды. Қимыл баяу, бәсең, асықпай орындалады. Әр буында 6 —10 рет қайталанады.
- Науқасты біртіндеп төсегінде өздігінен аунауға үйретеді. Кейін ешкімнің көмегінсіз отырып, қайта жатуға, өздігінен қабырғаға немесе төсекке сүйеніп орындыққа отыруға дағдыланады.
- Ақырындап жүруге дайындалады. Оған алдымен орындықтың арқасынан немесе төсектің басынан ұстап тұрып кемтар аяққа салмақ түсіріп, бұлшық еттерін шыңдайды. Содан соң аяқты тізеден, мықыннан бүгіп-жазып, мүмкіндігінше отырып көреді.
Жүруге дайындалған кезде ауруды екі жағынан бірдей ұстап, тепе-теңдік қалпын сақтауға дағдыландырады. Кейін қолына балдақ, таяқ ұстатып өз бетімен жүргізеді. Мұнда табанның жерге толық тиюін және тізенің бүгілуін мұқият қадағалайды. Инсульт болған адамның жансызданған аяғы аурудың салдарынан созылып кетеді. Сондықтан жүрген кезде саусақтары ілініп қалмау үшін, алысқа сермеп, орап басуға (шалғы шалғандай) тура келеді. Осылай жүруге үйренген соң жаттығулар күрделендіріледі. Ол үшін баспалдақпен көтерілу, далада жүру, әр түрлі снарядтармен жаттығуларды орындай жүріп, науқасты еңбекке баули бастайды. - Жүруге дайындалған кезде ауруды екі жағынан бірдей ұстап, тепе-теңдік қалпын сақтауға дағдыландырады. Кейін қолына балдақ, таяқ ұстатып өз бетімен жүргізеді. Мұнда табанның жерге толық тиюін және тізенің бүгілуін мұқият қадағалайды. Инсульт болған адамның жансызданған аяғы аурудың салдарынан созылып кетеді. Сондықтан жүрген кезде саусақтары ілініп қалмау үшін, алысқа сермеп, орап басуға (шалғы шалғандай) тура келеді. Осылай жүруге үйренген соң жаттығулар күрделендіріледі. Ол үшін баспалдақпен көтерілу, далада жүру, әр түрлі снарядтармен жаттығуларды орындай жүріп, науқасты еңбекке баули бастайды.
Ми жарақаты - Ми жарақаты
- Мидың жарақаттануы ашық және жабық болып екіге бөлінеді. Бірінші түрінде бас терісі мен сүйегі бүлінеді. Оққа ұшқанда, қатты соққыға жығылғанда ми қабығын жарып, қан тамырларын зақымдап, көп қан жоғалтып, адам әлсірейді. Ал екінші түрінде ми шайқалуы, қысылуы байқалады.Ми зақымданған соң есінен айырылып, жүрек-тыныс мүшелерінде өзгерістер байқалады, лоқсу, құсу, тырысу-құрысу болады.
- Зақымданған ми бөлігіне байланысты қимыл тежелуі, тіл байлануы, есту қабілетінің нашарлауы білінеді. Қатты жарақаттанған адамдарда кейде миға қан құйылады, сонда сал ауруларының белгілері білініп, бір жағы жансызданып қалуы мүмкін.
- Жаттығулар жарақаттанған мезгілден 10—15 күннен кейін ғана беріледі. Онда тек төсекте шалқадан жатқан қалыпта ұсақ және орта буындарға баяу ырғақты жаттығулар жасалады. Емдік гимнастиканың ұзақтығы алғашқыда 15—17 минут, кейін 20—25 минутқа созылады, ал ауру түрегелген кезде 30—35 минутқа дейін жеткізеді. Өздігінен орындайтын жаттығулар күніне 2 — 3 рет қайталанады. Онда көбінесе дұрыс дем алуға баса назар аударылады.
Адам отыруга жарағанда басты оңға, солға бұрып, алға иіп, жан-жағына қисайтып, денемен бірге қозғайды. Одан кейін түрегеліп, тепе-теңдік қалпын сақтау үшін жалпақ алашаның үстінде аяңдап әрі-бері жүреді.Бас зақымданған кезде адамның қимыл-қозғалысы үйлесімсіз болып кетеді. Соны келісімді ету үшін доп лақтырып, көзді жұмып қолды созып тұру, бір аяқпен тұру, жіңішке тақтайдың үстінен жүру т. б. жаттығуларды орындайды. - Адам отыруга жарағанда басты оңға, солға бұрып, алға иіп, жан-жағына қисайтып, денемен бірге қозғайды. Одан кейін түрегеліп, тепе-теңдік қалпын сақтау үшін жалпақ алашаның үстінде аяңдап әрі-бері жүреді.Бас зақымданған кезде адамның қимыл-қозғалысы үйлесімсіз болып кетеді. Соны келісімді ету үшін доп лақтырып, көзді жұмып қолды созып тұру, бір аяқпен тұру, жіңішке тақтайдың үстінен жүру т. б. жаттығуларды орындайды.
- Осының бәрін меңгерген соң ертеңгі гигиеналық гимнастика, өз бетінше мөлшерлі жүру, серуендеу, кейбір спорттық жеңіл ойын түрлерімен айналысқан өте пайдалы.Сол сияқты бау-бақшада, егіндікте ақырын қолдан келетін жұмыс істеу ауруды тез айықтырады. Бұл бір жағынан жаттығу болса, екінші жағынан аурудың ойы бөлініп, жүйке жүйесі тынышталады. Жаттығулар жасағанда жанға жағымды бір әуенді ойнатып қойса, адам шаршамай әр жаттығуды шын пейілмен орындайды. Мұның бәрі жоғарғы реттеуші орталық мидың, ми қабығын қалпына келтіруде үлкен ықпал жасайды.
Жұлын жарақаты - Жұлын жарақаты
- Омыртқа жотасының ашық немесе жабық жарақаттануы жұлынға зиян келтіреді. Мұнда жұлынның жаншылуы, созылуы, мыжылуы, үзіліп кетуі мүмкін. Егер омыртқа бөлігінің мойын және кеуде тұсы жарақаттанса, екі қолға зақым келеді, ал кеуде және бел омыртқа тұсы жарақаттанса, аяққа зақым келеді. Жұлын үзіліп кетсе аяқ-қол жансызданады (паралич) .Бұл өте қауіпті, жанды қинайтын ауру. Тез арада адам бойында көп өзгерістер білініп, тері ойылып, аяқ-қол ісініп, өкпе қабынып, құрсақ ішіндегі ағзалар қызметін жоя бастайды.
- Мұндай аурулар нейрохирургия бөлімінде операцияға жатады. Операциядан соң науқастың тез жазылып кетуі үшін ертерек емдік гимнастиканы қосады. Алдымен тыныс алу жаттығуларын жасайды, кейін аяқ-қол буындарына жаттығулар мен массажды қолданады. Сау аяққа немесе қолға жасалған жаттығулар науқасқа сегментті-рефлекторлы әдіс арқылы беріледі. Мұнда қыздыратын процедураларды жиі пайдаланады. Өйткені олар бұлшықеттің тартылғанын босаңсытады.Біртіндеп отырғызуға дайындайды. Ол үшін мықынды көтеріп, екі жаққа кезек аударып, аяғын төмен түсіріп отырғызады. Одан кейін балдаққа сүйеніп жүруге жаттықтырады.
- Жұлын ауруына шалдыққан адамдар белгілі мезгілде ауруханадан, госпитальдан, санаторийлардан ем қабылдайды. Медициналық және әлеуметтік реабилитацияда (қайта қалпына келтіру) негізгі мақсаты — адамды уақытша және тұрақты әдетке үйрету, үй жағдайына, шаруашылыққа жақындатып, өз тамағын өзі алып ішетін жағдайға жеткізу.
Невроз ауруы - Невроз — жүйке жүйесінің функционалдық қызметінің бұзылуы. Оның неврастения, психастения және истерия деген түрлері бар. Бұл ауру жоғарғы жүйке жүйесіндегі тежеу мен қозу процестерінің тепе-теңдігінен айрылуы. Оған себептер көп: теріс эмоция, жиі ашулану, қайғыру, шаршап-шалдығу, созылмалы жұқпалы аурулар, оқыста уланып қалу, соққыға жығылу, өмір қиындықтарына төзе алмау т. б.Жоғарғы жүйке жүйесінің әр түріне байланысты невроз түрлері де ерекше білінеді.
- Неврастения — невроз түрлерінде жиі кездесетін ауру. Оның гиперстениялық және астениялық деген екі түрі бар. Біріншіге қатты тітіркенгіштік, қызбалық, ұйқы бұзылу сияқты белгілер тән, ал екіншіге — жүйке жүйесінің әлсіздігінен болатын жылағыштық, қорқақтық, тез шаршау, ұмытшақтық, жұмысқа қабілеті төмендеу т. б. белгілері тән.
Мұндай ауруға шалдыққан адам өзін мазалайтын бірқатар белгілерден (басы ауырады, жүрегі қағады, еті тартылғандай болады, дірілдейді, денесінің әр жері ысиды т. б.) зардап ше-геді және кез келген жағымсыз нәрселерді (шуды, қорқытатын немесе көңілін қалдыратын жауап сөзді) жақтырмайды.Неврастения тек үлкендерде емес, жасөспірім балалар арасында да кездеседі. - Мұндай ауруға шалдыққан адам өзін мазалайтын бірқатар белгілерден (басы ауырады, жүрегі қағады, еті тартылғандай болады, дірілдейді, денесінің әр жері ысиды т. б.) зардап ше-геді және кез келген жағымсыз нәрселерді (шуды, қорқытатын немесе көңілін қалдыратын жауап сөзді) жақтырмайды.Неврастения тек үлкендерде емес, жасөспірім балалар арасында да кездеседі.
- Психастения. С.Г. Файнбергтің айтуынша кісіні мезі қылатын невроз. Мұнда біреу қараңғыдан үрейленсе, екіншісі — есігі жабық бөлмеден, үшіншісі — ашық алаңнан өтуден, төртіншісі — үй заттарынан, бесіншісі — барлық жануарлардан т. б. қорқады. Ондай адамдар өз ойына әуре болып, ой шытырманынан құтыла алмай жүреді. Кісіні мезі қылатын қорқыныш немесе қимыл кезінде (басын шайқап отыру, таңдайын қағу, көзін тарс жұмып ашпай отыру т. б.) оларды қойғызуға үгіттеп түсіндіру, талап ету, жазалау көмектеспейді, керісінше күшейте түседі.
Невроздың бұл түрі іштен туа біткен кемтарлыққа немесе организмді әлсірететін соматикалық ауруларға байланысты. Мұндай аурудың сыртқы пішінінен ешбір өзгеріс байқалмайды. Уақытында дұрыс емделсе, толық жазылады. - Невроздың бұл түрі іштен туа біткен кемтарлыққа немесе организмді әлсірететін соматикалық ауруларға байланысты. Мұндай аурудың сыртқы пішінінен ешбір өзгеріс байқалмайды. Уақытында дұрыс емделсе, толық жазылады.
- Истерия — психологиялық зиянға қарсы қорғаныс реакциясы. Бұл — ауруға берілу арқылы тұрмыстағы қиыншылықты немесе ұрыс-керісті шешуге бағытталған сансыз әрекет. Көбінесе бұл аурумен әйелдер ауырады. Оның белгілері өте көп.Истериктерден сал болып қалуды, сіңірдің тартылуын, буындардың қозғалмауын, мылқаулықты, кереңдікті, соқырлықты, түрлі елес көруді, құсуды, тіпті жалған түктілікті т.б. көп жайларды көруге болады. Ондай адамдар ашуланшақ, ызақор, қыңыр, өз айтқанын ғана жоғары бағалап, тіпті өтірік айтуға дейін барады. Истериялық реакциялар мектеп жасына дейінгі балалар арасында жиі кездеседі.
Комплексті емдеу әдісіне аутогендік жаттығу, дәрі-дәрмек, физиотерапия, емдік гимнастика т. б. жатады. - Комплексті емдеу әдісіне аутогендік жаттығу, дәрі-дәрмек, физиотерапия, емдік гимнастика т. б. жатады.
Гимнастиканың негізгі мақсаты — қозу және тежеу процестерін теңестіру, адамның көңіл-күйін, психикалық жағдайын, ішкі ағзалар қызметін қалпына келтіру, өз ойын игере білуге үйрету. - Тәжірибе жүзінде емдік гимнастиканың барлық формасын қолданады. Соның ішінде баса назар аударылатын аутогендік жаттығу.
- Бірінші кезеңде ең оңай жаттығулар беріледі. Аса қиналмай, қимыл-қозғалысты мұқият қадағаламай, мүмкіндігіне қарай елеусіз орындайды. Ұзақтығы 10—12 минутқа созылады.Мұнда бұлшықеттердің босаңсуына, жүйке талшықтарының тынышталуына баса назар аударылды.
Екінші кезеңде ауру өз жағдайын сезініп, ойланып, арнайы мақсатпен орындайды. Мұнда тепе-теңдік қалпын сақтайтын, вестибулярлы аппаратты шынықтыратын, қимыл-қозғалыстың үйлесімділігін реттейтін жаттығулар жиынтығы орындалады. Ол үшін көзді жұмып ойша бірнеше жаттығулар жасайды (аутотренинг немесе идиомоторлы): басты жан-жаққа қозғайды, денені алға-артқа, оңға-солға иеді. Сондай-ақ жаяу жүру, екпінді жүру, серуендеу, саяхатқа (жақын жерге) шығу, кейбір спорттық ойындармен (теннис, бадминтон т. б.) айналысу адамның көңілін аулап, тез айығуына ықпал жасайды. Бұл кезде жаттығулардың ұзақтығы 30—35 минутқа жетеді. - Екінші кезеңде ауру өз жағдайын сезініп, ойланып, арнайы мақсатпен орындайды. Мұнда тепе-теңдік қалпын сақтайтын, вестибулярлы аппаратты шынықтыратын, қимыл-қозғалыстың үйлесімділігін реттейтін жаттығулар жиынтығы орындалады. Ол үшін көзді жұмып ойша бірнеше жаттығулар жасайды (аутотренинг немесе идиомоторлы): басты жан-жаққа қозғайды, денені алға-артқа, оңға-солға иеді. Сондай-ақ жаяу жүру, екпінді жүру, серуендеу, саяхатқа (жақын жерге) шығу, кейбір спорттық ойындармен (теннис, бадминтон т. б.) айналысу адамның көңілін аулап, тез айығуына ықпал жасайды. Бұл кезде жаттығулардың ұзақтығы 30—35 минутқа жетеді.
- Невроздың түріне, белгілеріне, адамның жасына, жынысына, мінезіне қарай берілетін жаттығулар да сан алуан. Ең алдымен адам оған сенуі керек. Мысалы, аутотренинг жасағанда, орындыққа жайланып отырып, көзді жүмып: «мен сабырлымын, ашуланбаймын, мен мүлде тынышталдым» деген сөздерді 5 рет қайталайды.
№12 Диеталық стол - Көрсеткіштері:
- Нерв жүйесінің функционалдық типті.
- Мақсаты :
- Жүйке жүйесінің қалыпты жұмысын қалпына келтіру.
- Жалпы сипаттамасы:
- Жүктемені төмендету үшін көмірсулар мен майлар, тұз, жүйке жүйесін қоздыратындар (кофе, алкоголь, өткір және қуырылған тағамдар), сондай-ақ оң әсер ететін өнімдер қаныққан фосфорлық тұздар(бауыр, бұршақ, сүт және сүт өнімдері) диетадан алынып тасталады.
- Калориялық және химиялық құрамы:
- Белоктар - 80-90г
- Көмірсулар - 350г
- Майлар - 70 г, 30% - ын өсімдік майы.
- Ас тұзы - 6 г
- Құнарлылық - 2300-2400 ккал.
Тамақтану режимі Күніне 5 рет тамақтану керек. - Мүліктерден шығарылатын азық-түлік және ұсынылатын тағамдар:
- Нан.Диеталық нан, кешегі немесе кептірілген, құнарлылығы аз бисквит және печенье.
- Жаңа піскен нан және қатпарлы тәтті нан өнімдеріне тыйым салынады.
- Ет. Майсыз: бұзау еті, сиыр еті, бауыр еті, қоян еті, күрке тауық еті, тіл. Майлы сорттары бар: шұжық, жартылай фабрикаттар, консервілер болмайды. Тек қайнатылған немесе пісірілген түріндегі, сондай-ақ, котлеттер және тефтельдер.
- Балық. Майсыз: алабұға, шортан, треска, теңіз өнімдері. Уылдырық, консерві, тұздалған және қуырылған балық жеуге тыйым салынады.
- Сүт өнімдері. Сүт, сүзбе, айран, қаймақ, майсыз ірімшік.
- Жұмыртқа.Тек жұмсақ пісірілген. Күніне екеуден артық тыйым салынған. Қуырылған және пісірілген түрде болмайды.
Жарма. Барлығы: ботқалар, пудингтер, жарма қосылған сорпа. - Жарма. Барлығы: ботқалар, пудингтер, жарма қосылған сорпа.
- Көкөністер. Жеделден басқа барлығы: сәбіз, қызылша, картоп, бұршақ, асқабақ, қызанақ, қырыққабат. Қымыздық, шомыр, сарымсақ пен пияз, қияр, шалғам тыйым салынған.
- Тәттілер. Кептірілген және жаңа піскен жемістер, бал, шоколадсыз конфет.
- Шоколадтың кез келген түріне тыйым салынған.
- Тұздықтар. Қызанақ, пияз (сіңірілетін пияз), қаймақ, көкөніс сорпасы. Өткір тұздықтар, қыша, хрен, бұрыш тыйым салынған.
- Сусындар. Шөп шай, итмұрын жемісінің қайнатпасы, көкөністер мен жемістер шырыны. Ішімдік, қара шай, кофе, какао тыйым салынған.
- Майлар. Өсімдік майы, ерітілген сары май. Жануарлар майлар, соның ішінде шошқа майы тыйым салынған.
Жобалық мәзір - Бірінші таңғы ас:
- Сүт ботқасы, пісірілген 2 жұмыртқа , шөп шай.
- Екінші таңғы ас:
- Печенье немесе құнарлылығы аз бисквит, итмұрын қайнатпасы.
- Түскі ас:
- Картоп сорпасы, қайнатылған ет немесе тефтельдер үрме бұршақ езбесі, компот.
- Түстен кейінгі ас:
- Итмұрын қайнатпасы немесе шырын.
- Кешкі ас:
- Сотейник немесе пудинг, қаймақтағы балық, қайнатылған картоп фольғаға қыздырылған,шай.
- Түнге қарай:
- Айран немесе сүт.
Қорытынды - Жүйке жүйесіндегі белгілі бір ақауға неғұрлым ертерек назар аударса, оны солғұрлым тез және оңай жазуға болады. Ауруды емдегеннен гөрі оның алдын алған жеңілірек.Орындалатын жаттығулар, емдеу әдістері ауру психоневролог дәрігеріне көрінген соң, сол маманның нұсқауымен ғана қолданылады.
- Өзін сергек сезініп, сан алуан өзін мезі еткен жағдайлар азайғанда, спорттың барлық түрімен айналысуға болады. Қыстыгүні шаңғы тебу, конькимен сырғанау, шана тебу, жаяу серуендеу, ал жаздыкүні суда жүзу адамның жүйке жүйесін қалыпқа келтіріп, бойындағы аурудан құтылуға үлкен ықпал жасайды.
Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі: 1. Икиманова ГК. Саулық пен сымбат. Алматы. 1991ж. 2. Попов СН Лечебная физическая культура. –М 1988г. 3. Дубровский ВИ. Лечебная физическая культура. М 2001 год 4. Васичкин ВН. Лечебный и гигиенический массаж. –Минск 1996 год. 5. Правосудов ВП. Лечебная физическая культура. М-1980год. Қосымша: - www.google.ru
- www.yandex.ru
- www.med.com
Достарыңызбен бөлісу: |