Дәріс №1 Тақырыбы: Жұқпалы аурулар туралы жалпы түсінік. Инфекциялық қызмет құрылымы. Жұқпалы аурулардың диагностикасы және емі, алдын алу принциптері. Жұқпалы ауруханасының құрылымы, жұмыс тәртібі, науқастарды ауруханаға жатқызу тәртібі



бет31/61
Дата04.10.2023
өлшемі152,04 Kb.
#183681
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   61
Байланысты:
дәріс кешені (аудитория)ЛД,жұқпалы аурулар,20212022ж

Профилактикасы. Қоғамдық профилактикасы ұжымдарда, әсіресе мектеп жасына дейінгі балалар ұжымдарында санитарлық- эпидемиологиялық ережелерді сақтау. Бөлмелерді жиі-жиі желдету, ылғалды өңдеу, бактероциттік лампа қалдану т.б. қоздырғыштың берілу механизмін әлсіретеді. Ауруға шалдығу деңгейінің артуы байқалғанда бағытталған санитарлық ағарту жұмыстарын жас балалардың аналарымен, жас өспірімдермен, балалар ұжымдарымен күтушілермен, тәрбиешілерімен өтк
Вакциналау эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша жүргізіледі. Нақты аймақта ауруға шалдығу аурудың жайылған түрімен 100 000 тұрғынға шаққанда 2,0 және одан артқанда ДСМ- мен келісе отырып жүргізіледі.
Ошақтағы індетке қарсы шаралар. Ауру адам ауруханаға оқшауланып емделеді. Егер ауру адамның үйінде мектеп жасына дейінгі балалар болмаса, мектеп жасына дейінгі мекемелерде, мектепте, жұмыс істейтіндер болмаса үйде емделуге болады. Балалар мекемелерінде тасмалдаушылар антибиотиктермен үйде немесе изоляторда санацияланады. Ошақта желдету, жиі ылғалды өңдеу, бактериоцидтік шаммен өңдеу жүргізіледі. Балалар мекемесінде аурумен қатыныста болғандар ауру баламен соңғы бірге болған күнен бастап 10 күнге бөлектенеді. Ұжымдағылардың барлығы медициналық тексеруден өткізіледі. Балалар мекемелерінде тексеру 2 ркт (3-7 күндері) басқа мекмелерде 1 рет жүргізіледі. Егер науқас аурудың жайылған түрімен ауырғанболса қатынаста болғандар ауру тіркелген сәттен санағанда 5 күнен қалмай вакциналанулары қажет.
Жұқпалы мононуклеоз
Қоздырғышы көбінесе аэрогенді механизммен берілетін, клиникасында қызбамен, интоксикациямен, баспамен, лимфаденопатиямен, гепатоспленомегалиямен және қанда атипті мононуклеарлардың пайда болуымен сипатталатын жедел антропонозды вирусты жұқпалы ауру.
Тақырыптың өзектілігіЖұқпалы мононуклеозбен аурушаңдық кең таралған. Көбінесе жасөспірімдер ауырады. Клиникалық көрінісі полиморфты болғандықтан көптеген жұқпалы және жұқпалы емес аурулармен салыстырмалы диагностика жүргізу қажет. Аса маңыздылығы – бұл ауру ЖИТС-ассоциирленген комплексті аурулар тобына жататындығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет