Дәріс № 1 Тақырыбы: Психологияның міндеттері, мәні. Психологиядағы зерттеу әдістері
Жоспары: 1. Психология пәні және оның міндеттері
2. Психология ғылымының даму тарихы
3. Психология ғылымының басқа ғылымдармен байланысы, салалары
Психология – бұл адам психикасы туралы ғылым, яғни оның ішкі жан дүниесі туралы ілім. Психология атауы грек мифологиясынан шыққан, нақтылап айтсақ, Афродитаның баласы Эрот және Психея қарапайым әйелдің махабаты туралы аңыздан шыққан. Психея ызаланған Афродита ұйымдастырған барлық қиыншылықтарды басынан өткізіп, өлмейтіндей болып, құдайлармен тең болды. Грек халқы үшін бұл аңыз шынайы махаббат пен адамның жан дүниесінің ең жоғарғы дейгейінің мысалы ретінде болды. Сол себепті, Психея мәңгі өмірге ие болған адам - өз идеалын ізденуші, жан дүниенің бейнесі болды.Алғаш рет “психея” термині Эфестен шыққан философ Гераклит (б.ғ.д. 530-470 жж) еңбектерінен табылған, оның айтуынша, психея – бұл ағзадағы “отты” жаратылыстан шыққанерекше ауыспалы жағдайлар.1590 ж. неміс философы Гоклениус (1547-1678жж) Психеяны негіз ретінде қолданып “психология” терминін ұсынған. Бұл неміс философы Христиан Вольфтың “Эмпирическая психология” (1732) және “рационалды психология” (1734) еңбектерінен бастап, адам психикасын оқытатын ғылымды белгілеуде жалпы атау болып шықты.
Психологияның маңызды міндеті – адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуының психологиялық заңдылықтарын ашу. Жалпы психология, психикалық іс-әрекеттің жалпы заңдылықтарын бейнелеп зерттейді, сондай-ақ психологиялық ғылымның әдістерін, түсініктемелерін, категорияларын, жалпы принциптерін іздестіріп, толығырақ таныстырады. Психологияның бұл саласы, адамдардың іс-әрекетіне қызығушылығы бар барлық мамандарға қажетті бірдей білім береді. Жалпы психологиядан басқа да, психологияның әр-түрлі арнайы салалары белгілі;
психофизиология – түрлі психологиялық жағдайларда (эмоциялы күйзелу, түс көру, ойлау т.б.) жүйке жүйесінде болатын физиологиялық және биологиялық өзгерістерді оқытады физиологиялық психология – түрлі психикалық жағдайларда, мида болатын физиологиялық процесстерді оқытады